кiм екенiн түсiндi.
— Бәрiн ашыққан елге таратамыз.
қаматып, аттыртып тастайды ғой.
Шапаныңнан жұрт қорқып қалып жүрер.
қалсақ қайтемiз.
Ай, бол тез! Әйтпесе сүйектерiңдi бiр-бiрлеп сындырамын.
262
Сүлеймен қарақшы
бергенде, алдарынан бағанағы шөп шашып жүрген екi малшы
кездестi.
— Арбаларыңды тастаңдар. Бiр ауыз сөз айтпай, керi
бұрылыңдар да, қойларды ауылға, Жалғандыққа қарай айдаңдар,
— дедi Сүлеймен мылтығын жоғары көтерiп қойып.
Адам түрiнен мылтықсыз-ақ сескенетiн мұның айтқанын
аналар екi етпедi. Арбадан түсе қап, қойларға жаяу беттедi.
— Көке, мыналарды арбаға артып алайық та, — дедi бөшкенi
иығына мықшыңдай көтерген бiр мiлиса.
— Үнiңдi шығармай, жүр осылай. Сөйлей берсең, арбаны да
артып қоям мойныңа.
Қорадағылардың бiреулерiне бөшке, бiреулерiне терi
ыдыстарды көтертiп, ал малшыларға қойларды айдатқан үш
қарақшы Жалғандықтағы мешiттiң жанына келгенде Ажандар
бiраз жұртты жиып тұр екен. Мешiт айналасындағы жұрттың
жүздерi үрейлi. Белсендiлердiң зорлығынан әбден зәрезап
болған олар “бұл жолы тағы қандай қасiретке тап болар екенбiз”
дегендей, Сүлеймендер жақындағанда, сол үрейлi һәм аштықтан
әбден арыған жүздерiн төмен салып, отыра-отыра кетiстi. Тек
iштерiндегi жас балалар ғана бұларға қарап, тiке тұра бердi.
— Оу, халайық! — деп айқай салды Сүлеймен жұртқа таяп
келiп. — Көтерiңдер бастарыңды! Мына бөшкелерде сары май,
анау терi ыдыстарда айран бар. Алыңдар бәрiн талап! Ал мына
қойларды қайсысың қаншауын айдап кетуге шамаларың келсе,
соншасын айдап кетiңдер! Үйлерiңе апарып, сойып жеңдер.
Мешiт түбiнде әйел-еркегi аралас үрпиiсiп отырған елу-
алпыс адам осы сөзден кейiн бастарын көтерiп, жан-жақтарына
қарасып, өзара күбiрлестi. Бiрақ ешқайсысы орындарынан
тұрмады. Табан астында келген олжаға сенбей отырған сыңайлы.
Балалар қойларға қарай жүгiре берiп едi, екi-үш әйел оларды
ұстап қап, жандарына қайта сүйреп әкелдi.
— Неге тұрмайсыңдар?! Өз малдарыңды өздерiң алуға қорқып
тұрсыңдар ма? Қорықпаңдар ешкiмнен!
Осы жолы Сүлейменнiң даусы әсерлi шыққаны соншалық,
тiзерлей отырған жұрт дүр етiп, бiрден орындарынан тұрды
да, малшылар мен мiлисалардың жанында тұрған ыдыстарға