жүрсе, Шымғандағы Ақсайдың тура үстiнен түспек.
— Осыны айтуды мен де ойлап келе жатыр едiм.
462
Сүлеймен қарақшы
— Ай, Сүлеймен. Ленгiрде осылай iстеймiн деп қармаққа
iлiнген жоқ па едiң. Жарайды, малдарды жұртқа таратуға
әрекеттенiп көрейiк. Бiрақ екеумiз бұған үлгере аламыз ба?
— Үлгергенiмiзше тырысып бағайық.
— Мейлi, алдағы iстi жағдайға қарап көремiз.
Кеш бата екеуi Ақсайдың iргесiндегi жыраға келiп, ат
ауыздығын тартты. Бұл жерде әлi қар жаумапты. Жыра iшi
жапырақсыз сидам-сидам долана ағаштарға толы. Қарсы беткейде
қалың арша. Еңiс жақ жазық дала. Жазықтың төр тұсында жүз
елудей қаралы үй тұр.
— Ақсай кәлхөзi — осы,— дедi Парманқұл сол үйлердi нұсқап.
— Ал мына беткейдiң астында мал базасы бар. Сен осында қал.
Менiң Ақсайда жақсы танысым бар. Соны iздегенсiп барып,
Желтиместiң қай жерде екенiн бiлiп қайтайын. Екеулеп барсақ,
көзге түсiп қалармыз.
Парманқұл кеттi. Содан түн ауа бiр-ақ оралды. Қасында өзi
секiлдi төртбақ денелi бiреу бар.
— Неге кешiктiң сонша? Ендi болмағанда ұйықтап қалатын
едiм.
— Е, мына досым қой сойып күттi. Бас пiскенше бұған
сырымды ақтардым. Бас жеп болғанша осынша уақыт болды.
Мә, жас еттен сен де жеп ал. Желтиместiң амалын содан соң
айтармыз.
Сүлеймен Парманқұл әкелген еттi асап-асап жiбердi. Оның
бiрталай еттi екi-үш-ақ асағанына Парманқұлдың досы таңқалып
тұр.
— Мына жiгiттiң аты — Айдабол. Қазiр Желтиместi ұрлауға
үшеумiз бiрдей барамыз.
— Ол қайда екен?
— Мал базасында.
— Базада қанша күзетшi бар екенiн бiлдiң бе?
— Онда қанша күзетшi бар екенiн айтшы, Айдабол.
— Базада төрт күзетшi бар. Олардың екеуi мылтықпен
қаруланған.
— Олай болса, алуымыз тез екен оларды.
Үшеуi беткейден асып, таспен қаланған ұзын дуалға келiп
тiрелдi. Дуалды жағалай бiраз жүрген соң солға бұрылды. Бұл
жерде де тағы дуалды қуалап, көп жүрдi.
— Мұнша дуалды қашан тұрғызып үлгерген?