Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет232/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

таратайық.  Ал  сонда,  колхоз  бастықтарына  не  iстейсiңдер?  Бiз 

Парманқұл, Айдабол үшеумiз ертең бұл жерден кетемiз. Сендер 

қаласыңдар.  Сол  кезде  колхоз  бастықтары  өздерiңе  тыныштық 

бередi деп ойлайсыңдар ма? Бұл — бiр. Екiншi, Озғардың тауда 

қалған сарбаздары келiп, шауып жүрсе, не iстемексiңдер? Екеуiң-

ақ оларға қарсы тұра аласыңдар ма?

Бейiсқожа мен Мұрсат үндемедi. Шынында Сүлеймен айтқан 

жәйттердi ойламаған сияқты.

—  Сонда  не  iсте  дейсiң?  Бiрақ  бұларға  қарсы  ақыры  бас 

көтердiк пе, ендi оны аяғына дейiн апарамыз. Дегенмен, расында, 

колхоз  бастықтары  туралы  қаперiмiзге  кiрмептi.

— Күнi ертең iс насырға шауып бара жатса, колхоз бастықтарын 

қарабет қылатын бiр амал бар. Ол амалды қазiр жасап алуларың 

керек.  Ал  қазiр  Озғарды  бiр  жақты  етiп  алайық.  Менiң  әдетiм 

бар,  өзiме  жалынған  қауқарсыз  адамға  қол  көтере  алмаймын. 

Егер шектен шығып, жынымды бiр қоздырып жiберсе, онда оның 

өлгенiне қарамаймын. Мына сорлыларға қазiр жаным ашып тұр. 

Бәлкiм  бұлардың  қылмысын  көрмеген  соң  солай  боп  тұрған 

шығар.


—  Осылар  жасаған  күнәһарлықты  көрсең,  болмаса  естiсең, 

төбе шашың тiк тұрады. Қазiр ғой, сұмдар моп-момақан болып 

тұрғаны.

— Сонда да қолымызды қанға мала берген жақсы емес. Одан 

да басмашылар бiр-бiрiн өлтiрсiн.

Сүлейменнiң  сөзiнен  өзiнiң  аман  қалатынын  бiлген  Құрбан, 

екi қолын қусырып, тiзерлеп отыра кеттi.

— Жөн айтасыз, әка, жөн айтасыз. Өз кiнәмдi мен Озғарды 

өлтiрiп қана жуа аламын. Жiберiңiздершi менi оған тезiрек. Тура 

барамын да, ай-шай жоқ, қақ шекесiнен атып саламын. Сөйтiп 

басын кесiп аламын да, дәл сiздiң аяғыңыздың астына тастаймын.

— Сүлеймен, сенбе оған.

— Қоя тұршы, Бейiсқожа, бiр сөздi қайталай бермей. Алдаса, 

өз  обалы  өзiне.  Құрбан  “сөзiмде  тұрамын”  деп  Құдай  атымен 

ант-су  iшшi.

—  Ант  етем,  ант  етем,  —  деп  Құрбан  бетiн  қайта-қайта 

сипады.  Ол  аздай  жердi  алақанымен  қайта-қайта  сабалады:  — 

Анттан  тайсам,  қызығымды  қара  жер  көрсiн,  қызығымды  қара 

жер  көрсiн.



484

Сүлеймен қарақшы

— Ендi орныңнан тұр! Қолыңа мылтық пен бiр-ақ оқ беремiн. 

Мылтықты  қолыңа,  оқты  қалтаңа  саласың.  Үйге  жеткенде 

мылтықты  оқтап  ал.  Мынау  Мұрсат  құралайды  көзге  ататын 

мерген.  Сен  үйге  кiргенше,  бұл  сенi  қарауыл-ға  алып  тұрады. 

Антыңнан  тайып,  шалт  кетсең,  о  дүниелiк  болдым  дей  бер. 

Парманқұл, мылтығыңдағы оқтарды шығар. Бiр оқты қалтасына 

сал.  Сен,  Мұрсат,  iлiп  тұр  мұны  қарауылыңа.

Құрбан  қуанып  кетiп,  Парманқұл  берген  мылтықты  иығына 

iлдi.  Оқты  қалтасына  салды.

—  Аз  уақыттан  кейiн  Озғардың  басы  аяғыңыздың  астында 

жататын  болады.

—  Мен  сенi  сөзiңде  тұратын  еркек  деп  жiберiп  отырмын. 

Ал  мына  екi  серiгiң  бiзде  кепiлде  болады.  Осыларды  аясаң, 

айтқаныңды  iсте.

Құрбан  Пұштайдың  үйiне  қарай  жүгiрдi.  Бейiсқожа  мен 

Айдабол екi басмашыны дуал түбiне отырғызды. Сүлеймен мен 

Парманқұл  жүгiрiп  бара  жатқан  Құрбанның  артынан  қарап,  ал 

Мұрсат  оны  мылтығымен  қарауылға  алып  тұр.  Құрбан  үйге 

жақындағанда,  алдынан  иығына  мылтық  iлген  бiр  кiсi  шықты. 

Ол  сол  кiсiмен  азырақ  сөйлестi  де,  Сүлеймендерге  қаратып, 

қолдарын  сермеп-сермеп  қойды.  Сосын  екеуi  үйдi  айналып 

кеттi...

—  Ой,  анау  басмашы  мылтығын  оқтаған  да  жоқ  қой. 

Қасындағысына бiз туралы айтты-ау. Үйдi айнала бергенде бекер 

ата салмаппын да. Бұлай ашық тұрмай, қалтарысқа паналайықшы. 

Кiм бiледi, не боларын. Құрбан бiздi сатып қойса, Озғар бәрiмiздi 

пүлiмөтпен  жайпап  салар.

Бәрi  Мұрсаттың  сөзiн  жөн  көрiп,  дуал  түбiне  жасырынды. 

Бiрақ көздерiн үй жақтан алмады. Ал үй жақ тым-тырыс. Атылған 

мылтықтың даусы да естiлмедi. Ешкiм берi шықпады да.

— Қызық, Құрбан серiктерiне не айтып жатыр екен? — дедi 

Бейiсқожа.

—  Соның  өзiн  бекер  жiбердiк.  Сен,  Сүлеймен,  сенбейтiн 

адамға  сенедi  екенсiң.

—  Қазiрше  бүлiнiп  бара  жатқан  ештеңе  жоқ,  Мұрсат.  Сәл 

сабыр  сақтайық  та.  Сөзiнде  тұрмаса,  өзiнiң  анты  ұрады.



485



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет