Сүлеймен қарақшы
елу сом. Айтпақшы, сiздердi өздерiмен бiрге түйе балуандыққа
түсетiн бiр жiгiттi ертiп келдi дедi ме, қалай? — деп Нұралы
Ордабекке қарады.
— Бұл сырды қазiрше айтпаймын. Кезiнде бiр-ақ көресiңдер.
— Бүгiн кешке ақындар сайысы болады. Ал ертең азанымен
құнан жарыс пен балуандар күресi басталады.
— Көкпарды тойдың соңына қарай қалдырған ба? — дедi
Естемес би.
— Аламан бәйге мен көкпар бiр күнде болады. Есенқұлдың
тоғызын тағы да дайындап келiп отырсыңдар ма? — дедi Нұралы
ақын Естемеске қуақылана қарап.
Нұралының “Есенқұлдың тоғызы” деп отырғаны шегiр
руынан шыққан бiр үйдiң тоғыз ұлы. Үлкенi — осы жиындағы
ұлық Тәжiбай. Тәжiбайдан бастап, қалған сегiзi де шабандоз.
Бұлардың iшiндегi ең мықтысы Сыдық дегенiмен, қалғандары да
одан бiр мысқал кем түспейтiн ат үстiндегi ойындардың дүлей
шеберлерi. Тоғызы ентелеп додаға түскенде, бұларға қарсы тұрар
ешкiм болмай қалушы едi. Ортада жатқан көкпарға отыз-қырық
атты шабандоз бiрден лап қойғанда, жiгiттiң — жiгiтi, аттың —
аты ғана шыдайтын тартыста делебесi қозып, арқасы көтерiлiп
кететiн Сыдық: “А, Құдай, а, әруақ! Я пiрiм, қолдай көр!” — деп
айқайлап бiрiншi болып түсер едi. Өзiнiң тарамыс денесi мен ұзын
бойы сымтемiрдей иiлiп, жерден көкпарды көтерiп алуға жүдә
икемдi. Мұндайда оған жан-жағында анталап тұрған өзi секiлдi
темiр тақым, құрыш бiлектi мықты көкпаршылар жабыла кетiп,
атыман қоса түтiп жiберердей қыспаққа алатын. Сыдық олардың
ешқайсына дес бермей, қолындағы қырық келiдей нән текенi
тақымға бiрден баспай, екi қолымен жоғары көтерiп алатын да:
“Уа, атаңа нәлет, Байсейiт? Уа, тумай кеткiр, Нұрымбет, Жорабек!
Қайда тұрсыңдар?!” — деп iнiлерiнiң аттарын атап айқайлар-ды.
Өңкей жарау аттарға мiнiп, додашылардың ортасына кiрмей,
шетте айналшықтап жүрген iнiлерi: “Мұндамыз, Сыдық.
Көкпарды лақтыр берi”, — деп шуласатын. Олардың дауыстарын
естiсiмен, Сыдық көкпарды қаумалаған көкпаршылардың
бастарынан асыра соларға қарай лақтырып жiберетiн. Қандай
мықты шабандоздармен бiрге додаға түссе де, көкпарға бiрiншi
69
Сүлеймен қарақшы
болып қолы тиетiн Сыдық теңдесi жоқ көкпаршы бұл күнде.
Қайбiр жылы Шымқаладағы сейiлде оның мынау отырған ағасы
Тәжiбай өзi мен сол Сыдық бастаған шетiнен көкжал атанған
сегiз iнiсiне сендi ме, бiр жарым мың ат қатысқан көкпардың
шешушi салымында: “Уа, жарандар! Ендi Есенқұлдың тоғызы
— бiр жақ, күллi қара қазақ бiр жақ болып шабысайық”, — деп
астамсыған. Оның сөзiне елiрген Сүгiрәлi болыс сонда: “Тәжiбай
дұрыс айтады. Есенқұлдың тоғызы — бiр жақ, күллi қара қазақ
— бiр жақ болып додаға түсiңдершi. Қызық болсын”, — дейдi.
Мұны естiген Естемес би: “Уа, болыс, Тәжiбай айтса, бұл сөзiн
ол желiккенiнен айтып тұрған шығар. Ал болмайтын уәждi
дақпырттап, саған не жоқ. Сен де Тәжiбай тоқтат, күллi қара
қазаққа тоғызымыз қарсы шабамыз деген пиғылыңды. Тоғызың
шетiнен қайыспас қара нар, шөкпес атан болсаңдар да, нардың
тұмсығын қайырар көп дойыр қамшы, атанның тiзесiн бүктiрер
қалың қол бар мұнда. Есiрiп, ентiге бермей, тарт жүгенiңдi, бас
екпiнiңдi!” — деп екеуiн де басып тастапты. Осы сөзден кейiн
Тәжiбай райынан қайтыпты. Бiрақ манағы айтқан сөзi шын
асылық болды ма, кiм бiлген, сол сейiлдегi көкпарда Тәжiбай
аттан құлап, тобығы шығыпты. Iнiсi Жорабектiң аяғы сыныпты.
Мұның бәрiн Сүлеймен Көбектен есiткен. Бұл оқиға осында
отырғандардың бәрiне де белгiлi. Нұралының есiне сол түсiп,
жаңағы сөзiн Естемеске қарай әдейi айтты.
— Әй, Нұралы-ай, — дедi Естемес оның қытымырлана
сөйлегенiне лезде жауап қатып. — Есенқұлдың тоғызының
атын Қазығұрт маңы мен Арыс, Шаян бойында отырып ауызға
алсаң жарасар едi. Ендi Қаратау асып, елден жырақ, кiсi елiне
келiп отырғанымызда баяғы бiр iстi көңiлiне оралтқаның тым
сөлекет болып кеткен жоқ па? Арамызда Есенқұлдың тоғызы
түгел болмаса да анау қасыңдағы Тәжiбай бастаған төртеуiн ерте
келдiк. Оған қоса атқа қонса, әруақтары тасып кететiн Құлажан
мен Нұржан, Дүйсен мен Сәт деген перiлерiмiз тағы бар…
— Жә, Естемес, қоя тұр қызбаланбай, — деп Ордабек болыс
оның сөзiн бөлiп, бар денесiмен Нұралыға бұрылды: — Бiзге
көкпардан бұрын жаңа өзiң айтқан балуан күрес қызық болып
тұр. Неге десең, көкпарға, оған қоса бәйгеге түсудiң әдiс-тәсiлдерi
|