Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет46/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Әрiпбай  мылтығын  оның  басына  көздеп  тұрып,  басып  қалды. 

Айғыр  жануар  гүрс  етiп  жерге  жаншыла  құлады.  Артынша, 

тұрамын  деп,  төрт  аяғымен  жер  тiредi.  Бiрақ  тұруға  шамасы 

келмей,  тағы  құлады.

— Болды, тастаңдар оны! — деп айқайлады бергi жақтан Көбек. 

— Кендiр, сен, шатқалға кiр! Сенiң артыңнан бiз жылқыларды 

қуайық.


 Төрт аяғымен жер тарпып, қорс-қорс, қинала демалған қара 

айғырды айналған төртеуi Көбектiң айқайынан кейiн берi қарай 

шапты.  Кендiр  сол  шапқаннан  жылқылардың  алдына  түсiп, 

шатқалға кiрдi. Қалғандары қиқу салып жыл-қыларды сабалай, 

ол кiрген жолға қарай айдады. Үйiрбасынан айрылған жылқылар 

ендi бiр-бiрлеп, Кендiрдiң соңынан шатқалға кiре бастады. Осы 

кезде  арт  жақтан  бiреулердiң  аттан  салып,  дүбiрлетiп  шапқан 

дауыстары  естiлдi.  Сүлеймен  артына  бұрылса,  қолдарындағы 

сойылдарын  оңды-солды  сермеп,  оншақты  атты  шауып  келедi 

екен. 


— Қуғыншылар келе жатыр. Не iстеймiз?

—  Қап,  атаңа  нәлеттер-ай.  Шатқалға  кiрiп  үлгермегенiмiздi 

қараңдаршы.  Сендер,  Тастан  мен  Әрiпбай,  жылқыларды 

шатқалға қуып кiргiзе берiңдер. Сүлеймен, Әмiр сойылдарыңды 

дайындаңдар.  Қуғыншылардың  жолын  тосайық. 

 Әмiр мен Сүлеймен сөзге келмей Көбектiң артынан шапты. 

Бiраз шауып барған соң, Көбек атының басын тежедi:

—  Осы  жерде  қырғыздарды  бөгеймiз.  Қас  қылғанда,  бұл 

жолы  бiр-ақ  мылтық  алып  шыққанымызды  қарашы.  Әмiр,  ат 

мылтығыңды  аналарға  қаратып.  Ләжi  болса  адамдарын  емес, 

аттарын  дәлде. 

 Бұл кезде қуғыншылар таяп қалған-ды. Әмiр алдында шауып 

келе жатқанның атын дәлдеп бiр атты. Бiрақ оқ атқа да, адамға 

да тимедi. Мылтық даусынан ықпаған қырғыздар Әмiр қаруын 

екiншi рет оқтап үлгергенше құйғытып, бұлардың жанына жетiп 

те қалды. 

— Тезiрек мылтығыңды оқтасайшы. Неге ыбылжып қалдың?

 Әмiр сипаланып қоржынынан оқшантайын аламын дегенше, 

бұларға  алғаш  жеткен  алдағы  қуғыншы  Көбектi  сойылымен 



96

Сүлеймен қарақшы

бiр соғып өттi. Бiрақ сойыл оған дарымай, атының жамбасына 

тидi. Әмiрден қазiрше қайран болмасын бiлген Көбек, сойылын 

оңтайлап,  әлгi  қырғызға  қарай  шапты.  Қырғыз  артқа  бұрыла 

қашты.  Бұл  уақытта  тобымен  шауып  келген  басқа  қырғыздар 

Сүлейменге  жабыла  кеттi.  Бұл  алғашқыда  оларға  сойылын 

сiлтеп  те  үлгермедi.  Өзiне  қарай  сiлтенген  бiрнеше  сойылдан 

басын  қорғаштай,  ат  жалына  жабыса  еңкейдi.  Соққылар 

басына тимегенiмен арқасына тидi. Құдай сақтағанда, олардың 

ешбiрi  зақым  келтiрмедi.  Сойылдарымен  бiр-бiр  ұрып  өткен 

қырғыздар  қайта  бұрылып  келгенше,  бұл  ес  жиып,  ат  үстiне 

тiктеп  отырып  алды.  “Уа,  атаңа  қоқи,  ұры  қашақ.  Басыңды 

мыжғылап тастайын”, — деп шоқпарын қос қолдай ұстап өзiне 

қайта шапқан бiр қырғызды сойылымен құлаштай соқты. Анау 

сорлы  аттан  ұшып  түстi.  Артынша  шоқпарын  басынан  асыра 

көтерiп,  атын  өңмендете  ойқастатып  екiншi  қырғыз  келдi.  Ол 

бұрын  қимылдап,  Сүлеймендi  шоқпармен  бiр  ұрды.  Бұл  да 

шапшаңдық танытып, сойылын оған қарата сiлтеп кеп жiбердi. 

Сойылдар  ешқайсысының  денесiне  тимей,  бiр-бiрiне  сақ  еттi. 

Қырғыздың  шоқпары  қолынан  түсiп  кетiп,  қарусыз  қалған  ол, 

атының  басын  бұрып,  ұзап  кеттi.  Нақ  осы  сәтте  он  қапталдан 

келген тағы бiр қырғыз бастан ұрып үлгердi. Тиген соққыдан көзi 

қарау-ытып кеткен бұл, жан-дәрмен оған сойылын сiлтедi. Анау 

атының сауырына сылқ ете түстi. Сәл қапы қалса және бiр соққы 

өзiне тиетiндiгiн бағамдап, қисайып қалған тымағын тез жөндеп 

алып,  “тағы  қайсысы  бар  екен”  деп  артына  қарай  бергенде, 

өзiне  таяу  тұрған  аттылының  шоқпары  төбесiнен  төнiп  келе 

жатқанын байқап үлгердi. Лезде ат жамбасына қарай шалқайды. 

Ауа құшқан шоқпар ердiң қасына тидi. Бұл бойын тiктеп алуға 

шамасы келмеген күйi, сойылдың ұшымен оның iшiне бiр ұрды. 

Қырғыз  ат  үстiнде  екi  бүктелiп,  ары  қашты.

Қас қағым сәтте үш қырғыздың бетiн қайтарған айқасудан сәл 

босап, жан-жағына қараса, оншақты қадамдай жерде Көбек екi 

қолын ат мойнының екi жағына салбыратып, тұлпарының жалын 

құшып жатыр. Оны екi қырғыз шоқпармен аямай сабалап тұр. Ал 

анадай жерде Әмiр үш-төрт аттыдан далбаңдап жаяу қашып жүр. 

Шамасы, аттан құлап қалған-ау. Қолында сойылы да, мылтығы 



97



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет