И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет30/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

1. 
Семантикалық  тәсіл.  Лексикалық  мағынаның  жал- 
пыланып,  абстракңиялануы  арқылы  жалпы  грамматикалық 
мағынаның  пайда  болуы.  Мысалы,  белгілі  бір  топ  сөздердің
29


жалпы  зат атауын  немесе  заттың  сынын я  санын,  немесе  жал- 
пы қимыл, іс-әрекетті  білдіру,  сөйтіп,  белгілі  бір топтарға (сөз 
таптарына) жіктелуі.
2. 
С интетикалы қ  тәсілдің  қазақ  тілінде  ең  жиі  кездесе- 
тіні  — қосымша  арқылы  грамматикалық  мағынаның  берілуі. 
Әсіресе  форма  тудыратын  қосымшалар  арқылы  неше  ал- 
уан грамматикалық магына беріледі:  көптік, тәуелдік,  жақтық 
мағыналар,  жіктік  жалғау  арқылы  жақтық,  жекешелік- 
көпшілік  мағыналар,  септік  жалғаулары  арқылы  қимыл,  іс- 
әрекеттің  иесі,  меншіктілік,  тура  және  жанама  объектілік, 
мезгілдік,  мекендік-бағыттық,  қүралдық-амалдық  сияқты 
мағыналар, шырай  жүрнақтары арқылы бір тектес сынның са-
лыстырмалы  я  күшеитпелі  сипаты,  етіс  жүрнақтары  арқылы 
қимыл,  іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі 
қатынастарды  білдіру,  болымсыз  етістік  жүрнағы  арқылы  сол 
қимылдың  болмауы,  шақ  жүрнақтары  арқылы  сөйлеп  түрған 
сәтпен  байланысты  қимылдың  болып  кеткенін,  я  болып 
жатқанын,  я  әлі  болмағанын  (шақтық  мағыналарды)  білдіруі, 
рай түлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек- 
ниетін,  біреуге  бүйыруын,  т.  б.  білдіруін  көрсетуге  болады. 
Ал  қазақ  тілінде  грамматикалық  мағынаны  префикс  арқылы 
білдіру  жолы  жоқ.  Мысалы,  орыс  тілінде  при-шел  (келді), 
у-чил  (оқытты,  үйретті),  за-шел  (келіп  кетті),  про-читал  (оқып 
шықты),  пере-шел  (өтіп  кетті),  т.  б.  сөздердегі  при,  у,  за,  про, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет