Əдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға дайындалу
барысында семинар тақырыбында көрсетілген
құжаттармен мұқият танысып шығу керек (КОКП
Орталық
Комитетінің
1985
жылғы
сəуір
Пленумының материалдары, КОКП ХХҮІІ съезі
(1986 ж.), КОКП Орталық Комитетінің 1987 жылғы
қаңтар Пленумы, КОКП Орталық Комитетінің
"Маскүнемдік пен алкоголизмді жеңу шаралары
туралы" КОКП ОК қаулысы (1985), 1987 ж.
Мемлекеттік кəсіпорын туралы Заңы, 1986 ж.
Қазақстандағы
желтоқсан
оқиғасын
зерттеу
жөніндегі комиссия материалдары, Қазақ КСР-нің
1989 ж. тіл туралы Заңы жəне т.б.). Бірінші жəне
екінші мəселені қарастыруда "елдің əлеуметтік-
экономикалық дамуын жеделдету бағыттары",
"қайта құру", "жариялылық" жəне "мемлекеттік
қабылдау" ұғымдарының мағынасын ашуға ерекше
назар аудару қажет. Бұл əлеуметтік-экономикалық
реформаларды жүргізу əдістерінің себептері мен
сəйкессіздігін түсінуге мүмкіндік береді. Үшінші
мəселе 1986 жылы Қазақстандағы көрініс тапқан
ұлттық бірегейліктің артуына алып келген кеңестік
қоғамдағы
саяси
дағдарыстың
салдарын
зерделеудің жəне ұлттық саяси саласындағы
өзгерістерге алып келген шараларға тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |