24
шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не
есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,
не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта
қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді
танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан
екен, сол секілді сөз болады.
1. Он тоғызыншы сөздің негізгі мағынасы неде?
2. Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?
3. Тек қана
«естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі
өзі де есті болады» деген тұжырымдамамен келісесіз бе?
4. «өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы...» деген
тіркесті қандай мақсатта қолданып отыр?
5. Сіз өз ортаңызда кімді білімді деп санайсыз? Оның
айтқан ақылдарын тыңдайсыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: