кейбір агзаларда (аскан, ішек, өт қабы, куык, өкпе т. б.) бірнеше жасушалар
сіңуі және бүйректе несеп түзілудің кері сіңірілу үрдісі тек осы жолмен
орналасқан Na+ , К+ - АҮФ-аза мөлшерлік градиентті қамтамасыз етеді.
Жасушаның ішіне серозды (сіре) қабыгына қарай екіншілей - белсенді
тасымал аркылы Na+ иондардың қуаты пайдаланылады. Демек, қанттар мен
амнқышқылдары эпителиоциттің ішіне мөлшерлік айырмашылыққа қарсы
екіншілей белсенді тасымал түрінде өтеді. Ал, беткейлік жасушадан олар сіре
кабыкка негізгі мембран арқылы концентрациялық градиент бойынша сіңеді,
бірақ енді Na+ -ден тэуелсіз тасушы қатысуымен өте алады.
Натрий иондарыньщ белсенді тасымалдану нэтижесінде сіре қабықтың
бетінде он, заряд пайда болады. Мұндай электрлік айырмашылық хлор мен
басқа аниондардын ағзадан қанға сіңіуіне жағдай жасайды. Сонымен оатар
беткейтін арқылы осмостык айырмашылық туады, бұл судың ағзадан сыртқа
бағытталуына эсер етеді. Су итерме градиентке қарсы да өте алады. Натрий
белсенді түрде тасымалданған кезде, хлор оған селқос түрде, электрлік
шаманың айырмашылыға бойынша ілеседі. Мұндай жағдайда ол суды коса
ала кетеді. Сөйтіп ағза маңындағы дәнекер тінде гидростатикалык қысым
артады.
Жасушаның басқа қызметтері: зат алмасуы, электрлік қасиеттері, кейбір
биохимиялық жэне биофизикалык құбылыстары эрбір жүйені талдайтын
тарауда карастырылады.
«