132
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр халықтың жылдар бойы қалыптасқан
тарихынан сыр шертетін тарихқа, ұлтқа, ділге, салт-дәстүрге қатысты тілдік
бірліктер болады. Көркем шығарма оқырман көңілінен шығуы үшін
шынайылыққа, тарихи шындыққа жанасып құралуы қажет. Ал сол шындықты
оқырманға жеткізу үшін автор сол өмірге, сәтке, кезеңге байланысты тілдік
бірліктерді қолданады. Р. Сыздық көркем мәтіндегі көне сөздер мен сирек
кездесетін сөздердің қолданыстық мәні жайында мынадай пікір айтады: «Көне
сөздер, олардың көнерген (архаизм) түрлері де, тарихтық сөз (историзм) деп
аталатын түрлері де бірнеше мақсат көздей жұмсалады. Көнерген сөздер – бұл
күнде қолданыстан қалып, мағыналары көмескі тартқандар, орнын өзге
тұлғалар басқан сөздер, ал тарихтық сөздер – бұл күнде қолданыстан шығып
қалған заттардың, құбылыстардың, ұғым-түсініктердің атаулары, сондықтан
бұлардың жұмсалуы тек қана зәруліктен тууы қажет. Ал зәрулікті туғызатын
фактордың бірі – өмір шындығын дәл суреттеу принципін ұстау. Айталық,
өткен дәуірлерде болған оқиға, іс-әрекет, адамдар жайында жазылған көркем
шығармада сол дәуірге тән, бірақ қазір ұмыт болған немесе қасаң (пассив)
қолданылатын көне заттардың, құбылыстардың, қарым-қатынастардың
атауларын жұмсау – көркем әдебиеттің негізгі талабы, бұл талапты дұрыс
орындау суреткердің мамандық (профессионалдық) парызы» [60, 269 б.].
Жазушының шығармаларында өткен тарихтан белгі беретін
«хан ием,
тақсыр, бас уәзір, хан, нөкер, патша» сынды сөздер кездеседі. Оған қоса,
еліміздің ел болып қалыптасуына бірден бір себепкер
Керей, Абылай хан
сынды ұлы тұлғалардың есімдерін кездестіруге болады. Сонымен қатар тарихи
шындықты суреттеуде жазушы Мандельштам, Пастернак, Ахматова, Булгаков
сынды тұлғалардың есімдерін пайдаланып, көркем шығарманың шынайылығын
арттыра түскен. Мысалы:
«Құдайым-ай, не боп барады бұ дүние.
Достарыңызбен бөлісу: