Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет42/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

дұрыс-бұрыс  жұмсалуы;  8) белгілі  бір  сөз  тудырушы  элементтердің  және 
синтаксистік тәсілдердің  көркем әдебиет тілінде активтенуі; 9. көркем әдебиет 
тілі  арқылы  лексиканың  стильдік  жіктерге  (поэтизм,  қарапайым  сөздер, 
канцеляризм т.б.) ажыратыла түсуі» [60, 249 б.].  
Ғалым  Р.  Сыздықтың  бұл  жан-жақты  жіктемесі,  біздің  ойымызша, 
антропоөзектік  бағытқа  сәйкес  көркем  шығарманы  прагматикалық  тұрғыда 
зерттеуге барынша мол мүмкіндік береді. Тілдің әртүрлі лексикалық қабаттары, 
нақтырақ  айтсақ,  тура  және  ауыспалы  мағыналары,  көне  және  жаңа  сөздер 
қатары,  қарапайым  сөзден  күрделі  оралымдарға  дейін  көркем  шығарма 
мәтінінде  қолданылады.  Автордың  өз  танымына,  адами  тұлғасына  сай  бұл 
бірліктерді қандай мақсатта, қандай формада қолданылуы  жазушының стилдік 
ерекшелігін ғана емес, тұлғалық танымын да көрсетеді.  
Жазушы  Д.  Исабековтің  дара  стилін  танытатын  шығармаларының  бірі  – 
«Қара  шаңырақ»  әңгімесі.  Жазушы  бұл  туындысында  жалпыға  ортақ  ауызекі 
сөйлеу  тілін  көп  қолданған.  Мәселен:  «Ит  жесін  деп  еккен  екем  ғой  бұларды! 
Қап шошқаның иті-ай! Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың 
зарын  қылғаным  қашан!  «Мәкүл  көке»  деп  кетіп  еді,  мылтық  әкелмек  түгіл 
қарасын  да  көрсетпеді  ғой.  Обалдағы-ай,  обалдағы-ай!  Ол  майқамдалған 
пәлектерді  жөндеп,  ит  жеп  кеткен  қауындарды  анадайда  ағып  жатқан  арыққа 
лақтырды.  Домаланған  ақ  торламаларды  бір  жерге  үйіп  болып,  қыр  басынан 
қылтиып  көрінген  күнге  қарап  белбеуінің  ұшымен  бетінің  терін  сүртті.  Тері 
басылып, денесі салқындаған соң құлақ арықтағы, сылдырап ағып жатқан мөп-
мөлдір мұздай сумен бетін жуды. Сонан кейін қауындық басына кеше кешкілік 
арқандап  кеткен  көк  есекке  тоқым  салып,  айылын  тартты  да,  қауын  тола  екі 
қапты  қоржын  етіп  артып,  иесінің  тым  ерте  әбігерге  салғанына  наразылық 
білдіргендей  басын  төмен  салбыратып  әлі  самарқау  тұрған  есекті  «ықы,  арам 
қатқыр!»  деп  су  арқанның  ұшымен  тартып  жіберді.  Иесінің  әлденеге  ашулы 
екенін  біле  қалған  әккі  есек  бірден  сергіп,  типыңдаған  жорғасына  басып 
үйренген жолдың шаңын будақтата үйге тартты» [93, 15 б.]. 
Жазушы бұл мәтінде әдеби тілдің сөйлеу нормаларына жатпайтын, ауызекі 
тілге  тән  қарапайым  сөздерді  арнайы  қолданған.  «Қап,  шошқаның  иті-ай!», 
«сүмелек» сынды экспрессивті бояуы бар сөздер мен тіркестерді кейіпкер тіліне 
салу  арқылы  қарапайым  тұрмыс-тіршілікті,  қарапайым  халықты,  қарапайым 
өмірді  көрсету  мақсатында  осы  мәтінде  қазақтың  қолданысында  бар  «арам 
қатқыр!»  деген  зілді  қарғыс  сөздерін  де  әдейі  қолданған.  Ғалым  Р.  Сыздық 
жазушының  бұндай  шешімдерге  не  себепті  баратынын  былайша  түсіндіреді: 
«Кейіпкерді жазушы әдетте өз заманының немесе өмір сүрген кезеңінің тілімен 
сөйлетеді, сондай-ақ кейіпкер өзінің мінезіне, алған тәрбиесіне, өскен ортасына, 
жасына, әлеуметтік орнына сай сөйлеуі қажет» [60].  
Яғни кейіпкер заманы мен кейіпкер тілі бір-бірімен ұштасуы керек. Себебі 
кейіпкер  үлкен  қарт  адам  болып,  баланың  сөзін  сөйлеп  тұрған  жағдайда 
шынайылық  жойылып,  оқырман  шығарманы  дұрыс  қабылдамайды  да,  автор 


63 
мен  оқырман  арасындағы  байланыс  үзіледі.  Академик  Р. Сыздықтың  осы 
тұжырымына  дәлел  болатын  мына  мәтіндегі  оқиға  еліміздің  оңтүстігінде 
суреттелген. Жазушы соған сәйкес кейіпкерлер тілінде диалектілерді қолданып, 
оқырманға логикаға сай  эпизодтарды  ұсынған:  «Ауық-ауық  «ықы»  деп  қойып, 
арба  үстінде  үнсіз  келеді.  «Осы  иттер  әке-шешеміз  бар-ау  деп  ойламайды  ғой 
деймін.  Әйтпесе  «қалайсыңдар?»  деп  сүт  пісірімге  келіп  кетсе  қайтеді 
шіркіндер. Бір-екі қадақ қанты мен үнді шайларының, тіпті мылтықтарының да 
керегі  жоқ  жүдә,  өздері  көрініп  кетсе  нетеді.  Қауын-қарбыздың  сас  боп  пісіп, 
ит жеп, ит жегенінен қалғаны шіріп жатысы анау. Осылар келеді, осылар жейді, 
осылар  рахатын  көреді  деп  көктемнің  көк  өзегінде  бүгілген  белді  бір  жазбай 
ертеден қара кешке дейін төккен терімнің бекер болғаны ма? Келеді деп күнде 
тосамыз, дарбазаны жел сықырлатса да сендердің біреулерің екен деп елең ете 
түсеміз» [93, 16 б.]. Қазіргі тіл білімінде аймақтық лексика деп аталып жүрген 
осы  диалектілер  көркем  шығармада  оқиғаның  шындыққа  жанасуы  үшін 
қолданылады.  Бірақ  автор  өз  шығармаларында  жергілікті  сөздерді  орынды-
орынсыз,  талғамай  қолдана  бермейді.  Ол  бірді-екілі  диалектілерді  мақсатты 
түрде  таңдап  алу  арқылы,  бір  жағынан,  көркем  шығарманың  шынайылығын 
арттырса,  екінші  жағынан,  сол  шығарманың  оқиға  орнынан  («географиялық 
ортасынан»)  немесе  кейіпкерлердің  тұрғылықты  мекенінен  хабар  береді,  әрі 
олардың  күнделікті  тұрмыста  әдеби  тіл  нормасынан  гөрі  ауызекі  элементтерді 
жиі  қолданатындығын  көрсету  үшін  қолданған.  Мәселен,  жазушының 
«Ақырамаштан  наурызға  дейін»  әңгімесіндегі  дуал,  там,  қоңсы,  әулі,  қоза, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет