оразаны толық ұстаңдар», – делінген. Демек оразаның
уақыты – таң намазының уақыты кіргеннен бастап, күн
батқанға дейін. Сақтық үшін таң намазына 10 минут қалғанға
дейін сәресін ішіп ауыз бекіткен абзал. Ақшам намазының
уақыты кіргенде ауыз ашады.
Сұрақ:
Ауызашар алдында қандай дұға оқылады?
Жауап:
Ауызашар дұғасы: «Аллаһуммә ләкә сумту, уә бикә
әмәнту, уә ъәләйкә тәуәккәлту, уә ъәлә ризқикә әфтарту,
фағфир ли мә қаддәмту уә мә аххарту». Мағынасы: «Раббым
Алла, Сен үшін ораза тұттым. Саған иман келтірдім. Саған
тәуекел еттім және Сен нәсіп еткен ризықпен аузымды
аштым. Менің өткен және кейінгі күнәларымды кешіре гөр».
Достарыңызбен бөлісу: |