Сұрақ:
Зекет және пітір садақаны өзінің мұқтаж
бауырларына, туған-туыстарына берсе бола ма?
Жауап:
Жалпы зекет пен пітір садақаны өзінің ата-
анасына, ата-әжесіне, балаларына, немерелеріне және
жұбайына бере алмайды. Мұқтаж болған бауырларына,
туған-туыстарына беруіне болады. Тіпті ең әуелі
бауырларына, туыстарына берсе екі есе сауап алады.
Хадисте: «Кедейлерге берілген садақа – бір садақа. Ал
туысқандарға берілген садақа – екі садақа. Біріншісі садақа
болса, екіншісі туысқанға жасаған жақсылық», – делінген.
Зекет
|