Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет3/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

РАМАЗАН ОРАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Сұрақ:

  Ораза сөзінің анықтамасы қандай?

Жауап: 

Ораза сөзінің араб тіліндегі баламасы – «саум». 

Бұл – барлық нәрседен тыйылу деген мағынаны білдіреді. 

Ал шариғат терминінде – ораза ұстауға ниет етіп, көкжиекте 

көлденең  атқан  таңнан  бастап,  күн  батқанға  дейін  ішіп-

жеуден және төсек қатынасынан тыйылу.



Сұрақ:

  Рамазан  оразасының  парыздығына  дәлел  бар 

ма? 

Жауап: 

Рамазан  оразасы  –  Исламдағы  бес  парыздың 

бірі.  «Бақара»  сүресінің  183-аятында  Алла  Тағала: 

«Уа, 

иман келтіргендер! Ораза бұрынғыларға парыз етілгендей, 

сендерге де парыз етілді», – деп бұйырады. Пайғамбарымыз 

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: 

«Ислам  бес  негізге  құрылған:  Алладан  басқа  құдай  жоқ 

екеніне, Мұхаммед Алланың құлы әрі Елшісі екеніне куәлік 

ету,  намаз  оқу,  зекет  беру,  рамазан  оразасын  ұстау  және 

шамасы жетсе қажылыққа бару», – деген 

(Бұхари)

.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет