21
Жауап:
Мұндайда зәрулік болмаса ішпей-жемей оразаны
жалғастыруы міндет. Сонымен бірге, сол күннің оразасын
қаза етіп өтейді.
Сұрақ:
Қаза оразаны қатарынан ұстау шарт па?
Жауап:
Шарт емес.
Сұрақ:
Қандай оразаның қазасын қатарынан өтеу шарт?
Жауап:
Каффарат оразасының қазасын қатарынан өтеу
шарт.
Сұрақ:
Бірнеше жыл Рамазан оразасын қаза еткен әйел
пидия беруі керек пе?
Жауап:
Жоқ. Пидияны тек өмір бақи ораза ұстай
алмайтын адам ғана береді.
Сұрақ:
Рамазан оразасынан басқа кезде оразаны әдейі
бұзу каффаратты міндеттей ме?
Жауап:
Рамазан айынан басқа бұзылған оразаның
каффараты жоқ. Тіпті, рамазан оразасының қазасын ұстап,
оны әдейі бұзса да каффарат емес, тек қазаны басқа күні
қайтадан өтейді.
Сұрақ:
Рамазан оразасын ұстаған адам ғайбат айттым,
оразам бұзылды деп әдейі жеп қойса, не болады?
Жауап:
Ғайбат, өтірік сөз оразаны бұзбайтын амал
екенін біле тұра, оразам бұзылды деп ішіп-жесе, каффа-
рат міндет. Ал егер ғайбат оразаны бұзбайтынын білмесе,
әрі хадисті қате түсініп, оразам бұзылды деп жеп-ішсе, бір
күндік қазаны ғана өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: