Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Рамазан оразасы қашан парыз болды?



Pdf көрінісі
бет4/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сұрақ
Сұрақ:

  Рамазан оразасы қашан парыз болды? 

Жауап: 

Рамазан оразасы Пайғамбарымыз (оған Алланың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  Меккеден  Мәдинаға  қоныс 

аударған  соң  һижраның  екінші  жылы  (миләди  624)  парыз 

болды. Осы жылдан бастап мұсылмандар рамазан айында 

парыз оразаны ұстай бастады. 



Сұрақ:

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі 



болсын) өмірінде неше рет парыз оразасын ұстаған? 

Жауап: 

Пайғамбарымыз  (оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі болсын) өмірінде тоғыз рет ораза ұстаған.



6

Сұрақ:

 

Рамазан оразасының қандай пайдалары бар? 



Жауап: 

Басқа  ғибадаттар  секілді  оразаның  да  адам 

баласы  үшін  сан  түрлі  пайдалары  бар.  Бірінші  кезекте, 

ораза  ұстаушы  Алла  Тағалаға  бойұсыну  арқылы  өз 

бойына  тақуалық  дәнін  егеді.  Ораза  –  адамға  өнегелі 

мінезді  үйрететін  тәрбие  мектебі.  Оразаның  көмегімен 

адам  жағымсыз  әдеттерден  арылады.  Ораза  сабырлы 

болуды  және  жүйелілік  пен  тәртіпті  үйретеді.  Аузы  берік 

жан  айналасындағы  аш-жалаңаштардың  күйіне  еніп, 

бойындағы  мейірімділік,  жанашырлық,  бауырмалдылық 

секілді  сезімдерді  оятады.  Ораза  –  нәпсімен  күрес  әдісі. 

Бір ай бойы құмарлықтарымен күрескен адам бұл күрестің 

салиқалы  өмірі  мен  ақырет  бақыты  үшін  маңыздылығын 

түсініп, бірте-бірте нәпсісіне толық иелік етуге ұмтылады. 

Сондай-ақ  рамазан  айында  Алла  Тағаланың  құлдарына 

деген  рақымы  мен  мейірімі  басқа  айларға  қарағанда 

ерекше  болатынына  көзі  жетеді.  Бұл  кеңшіліктер  құлдың 

Раббысына деген махаббатын арттырып, жасаған күнәлары 

үшін  ұялуына,  кешірім  сұрап,  тәубеге  келуіне  орасан 

септігін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет