Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет6/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Рамазан оразасына қатысты


7

1. Ораза – рия (көзбояушылық) араласпайтын құлшылық. 

Имам  Қуртуби:  «Құлшылықтардағы  ниетке  көзбояушылық 

кіре  алады.  Ал,  оразаны  Алладан  басқа  ешкім  көрмейді. 

Сондықтан  Алла  Тағала  Құдси  хадисте:  «Пендем  мен  үшін 



(оразада) құмарлығын тыяды», – деп айтқан.

2.  «Оның  сауабын  Мен  беремін»  деген  сөздің  мағынасы: 

«Оразаның сауабы мен мөлшері Маған ғана аян», – дегені. 

Имам  Қуртуби  құлшылықтардың  сауабы  жайлы  риуаяттар 

келтіреді.  Хадисте:  «Адам  баласының  әрбір  амалының 



сауабы  оннан  жеті  жүзге  дейін  еселенеді...»  деп  айтылған. 

Демек, әрбір амалдың сауап мөлшері жайлы хабардармыз. 

Ал, оразаның сауабын тек Алла ғана біледі.

3.  Ораза  –  теңдесі  жоқ  құлшылық.  Мәселен,  мешітті 

Алланың үйі деп атаймыз. Оның мәні, мешіттің дініміздегі 

мәртебесі  мен  маңыздылығы  жоғары  екенін  аңғартады. 

Сол  сияқты  «Ораза  Мен  үшін»  деп  Алла  Тағала  оразаны 

айшықтап  айтуы  аталмыш  құлшылықтың  терең  сырын 

аңғартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет