Сұрақ:
Іс-сапарға шыққанда оразаны жалғастырып
ұстай беруге бола ма?
Жауап:
Жолаушы адам сапар кезінде оразасын ұстай
беруіне болады. Хамза ибн Амр әл-Әсләми (Алла оған разы
болсын): «Уа, Алланың Елшісі, сапар кезінде ораза тұтуға
күшімнің жететінін білемін. Егер ораза ұстар болсам, ол күнә
болып саналады ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл Алла
Тағаланың берген жеңілдігі, кім қаласа амал етсін, ал егер
кімде-кім ораза ұстар болса, күнә болып саналмайды», – деп
жауап берген. Сондай-ақ жолаушы сапарда қиналмайтын
болса, ұстай беруіне болатындығын меңзейтін «Бақара»
сүресінің 184-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: |