Сұрақ:
Қолдың да, аяқтың да оразасы бар деп жатады.
Мұны қалай түсіну керек?
Жауап:
Имам Ғазали Ихия улум әд-Дин кітабында (1/234-
б.): «Оразаның үш деңгейі бар. Мұны біл», – деп жазады.
Ғұлама сөзін жалғастырып: «Көпшіліктің оразасы (умум),
ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).
Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу.
Ерекше ораза – құлақ пен көзді, тіл мен қол-аяқты және
басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю. Ал, арнайы
ораза – жүрек оразасы. Бұл – жаман ой мен дүниелік
пікірден тұтастай арылып, Алладан басқа барлық ойдан
толығымен тыйылу», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |