Ораза ұстау үшін әйел күйеуінен рұқсат сұрауы
керек пе?
Жауап:
Рамазан оразасын ұстау үшін рұқсат сұрауы қажет
емес. Өйткені, Рамазан оразасы – Алланың әмірі, парыз.
Алайда күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
былай дейді: «Күйеуі жанында бола тұрып, рұқсатынсыз
ораза ұстаған әйелдің оразасы дұрыс емес»
(Бұхари)
. Мұндай
жағдайда әйелінің нәпіл оразасын бұздыруға күйеуі
құқылы. Кейін күйеуі рұқсат еткенде немесе күйеуі жоқ
кезде бұзған оразасының қазасын өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |