61
Сұрақ:
Пітір садақа қалай есептеледі?
Жауап:
Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не
мейізбен немесе 4 келі құрма не арпамен есептеледі.
Дегенмен, қазіргі жағдайда мұқтаждың көп қажетін өтеу
үшін, азық-түліктің орнына пітір садақаның құнын бергені
абзал. Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді
оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен
есептеуге пәтуа шығарды. Өйткені шариғатта бидаймен
қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: