6.1.1 Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар 6.1.1.1 Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар жебе түрі бойынша
жиналатын жебелер, түзу жебелер, көп буынды жебелер, жоғары көтерілетін жебелер мен
гибридтерге бөлінеді. Олар сондай-ақ жұмыс желілерінің кернеу класы бойынша топтастырылады: 10
(кВ), 35 (кВ) және 110 (кВ). [1]
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құралдар шасси, оқшауланған себет,
жұмыс жебе және себеттің шарнир бөлігінен тұрады. (6.1 -суретті қарау). Оқшауланған себет, жұмыс
жебе және себеттің шарнир бөлігі оқшаулағыш қасиеттердің белгілі бір талаптарына сәйкес болуы
тиіс. Оқшаулағыш буындар көлденең қимасы бар цилиндрлік немесе тікбұрыштық құрылымы бар
шыны талшықпен күшейтілген эпоксидтық шайырдан жасалған, олар жеңіл салмақпен, жоғары
механикалық беріктікпен, жақсы электроқшаулағыш қасиеттермен және жоғары гидрофобтықпен
сипатталады, олар жоғары кернеудегі желіде жұмыс істейтін электр жөндеушіні жерге қатысты
алғанда қорғаныс оқшауламамен қамтамасыз етеді.