Тарату электр



Pdf көрінісі
бет183/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

7.5 –суретКерме оқшаулағыштарын ауыстыру. (a) керме қарнақ (штанга); (b) оқшаулайтын 
жабындарды орнату; (c) керме құрылғыларын орнату; (d) керме қысқыштарын бекіту (e) аспалы 
оқшаулағыштарын алу; f) аспалы оқшаулағыштарын орнату. 
 
iv) 
Оқшауланған себеттегі электрмонтерлар артық оқшауланған сақтандыру арқанын орнатады, 
содан  кейін  оны  тартады  және  траверсте  бекітеді  (немесе  жердегі  жұмысшылар  арқанды 
оқшауланған  құралдардың  көмегімен  алдын  ала  әзірленген  топырақты  қадаға  бекіте  алады). 
Топырақты қада берік әрі мықты болуы қажет). 
v) 
Оқшаулағыштарды  ауыстыруды  жүргізу.  Оқшаулағыштарды  ауыстыруды  кезең-кезеңмен 
жүргізу және бір фазада оқшаулағышты ауыстырған соң оқшауланған жабындар дереу қалпына 
келтірілуі  тиіс.  Аспалы  оқшаулағыштардан  керме  қысқыштарды  алу  және  оларды  7.5(d)  -
суретте  көрсетілгендей,  сымдарға  мықтап  бекіту.  Содан  кейін  7.5(e)  -суретте  көрсетілгендей, 
ескі  оқшаулағышты  шешіңіз.  Ең  соңында  7.5(f)  -суретте  көрсетілгендей,  жаңа 
оқшаулағыштарды орнату. Жұмыс барысында «сымдар қуатының қосылуын» болдырмау үшін 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша резервтік шаралар қолданылуы тиіс. Оқшаулағыштарды, 


170 
 
егер  сымдарды  тарту  күші  толығымен  оқшауланған  плитаға  берілген  жағдайда  ғана  алуға 
болады. сымдардың қатты ауытқуынан фазалар арасында қысқа тұйықталуды болдырмас үшін 
оқшаулағыштарды ауыстыруды абайлап жүргізу қажет.  
vi) 
Оқшаулағыштарды  ауыстыруға  пайдаланылған  құрал-саймандарды  жинау.  Оқшауланған 
жабындар жарамды күйінде ұсталуы тиіс.  
5) 
Оқшауланған  жабындарды  алу  және  жерге  түсіру.  Жұмыс  аяқталған  соң  сымдарда  және  тіректе 
ешқандай  заттың  қалмағанына  көз  жеткізу.  Кейін  оқшауланған  жабындарды  шешу  және  қайтадан 
жерге оралу.  
4) 
Сақтық шаралары 
1) 
Сымдарды  тарту  үшін  сым  үлгісіне  сәйкес  келетін  керме  құралды  пайдалану  қажет. 
Оқшауланған  плита  мықты  бекітілуі  тиіс.  Жұмыс  кезінде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша 
резервтік  шаралар  қолданылуы  тиіс.  Оқшаулағыштар,  егер  сымдарды  тарту  күші  оқшауланған 
плитаға  толық  берілмеген,  ал  қордағы  сақтандыру  арқаны  өзіне  жүктеменің  бөлігін  қабылдаған 
жағдайда  ауыстырылмайды.  Сымдардың  ауытқуынан  фазалар  арасында  қысқа  тұйықталуды 
болдырмау үшін оқшаулағыштарды ауыстыруды абайлап жүргізу қажет. 
2) 
Ауыстыруға  жататын  оқшаулағыштардың  оқшаулау  кедергісін  мегаомметрмен  өлшеу  және 
оқшаулаудың кедергісі қолданарлықтай екеніне көз жеткізу. 
3) 
Оқшаулағыштарды  шешу  үшін  алдымен  сымның  ұшын,  кейін  аспалы  ұшын  шешу. 
Оқшаулағыштар кері тәртіпте орнатылады. 
4) 
Сымдарды тартқан соң керме оқшаулағыштар босатылғанына және жүктемеге алынбайтынына 
көз жеткізу маңызды. Оқшаулағыштарды сымдардан шешу алдында «сымдардың қуатын қосудан» 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша резервтік шараларды қолдану керек. 
5) 
Қауіпсіздіктің  резервтік  шараларын  қабылдаған  соң  ескі  оқшаулағыштар,  өткізгіштерді 
тартудың  барлық  күштері  толық  ауыстырылмағанша  және  оқшаулайтын  керме  плитаға 
берілмегенше жойылмайды.  
6) 
Резервтік  қорғауды  шешу  алдында  керме  оқшаулағыштар  фитингілермен  берік  қосылғанына 
көз жеткізу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет