Тарату электр



Pdf көрінісі
бет301/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

2-қосымша 
 
Жалпы жұмыс құралдарының техникалық басқару қағидалары  
 
А-2.1 Терминдер және анықтамалар  
 
1) Қатты оқшауланған құралдар 
Негізінен қатты оқшаулау тақталарынан, құбырлардан, стержндерден және басқа профилдік 
жаймалардан дайындалады, с.і. әмбебап қол штангілері, тірек штангілері, оқшаулағыштар ұялары, 
оқшаулағыш платформалар және т.б.  
2) Жұмсақ оқшаулағыш құралдар  
Негізінен  олар  жұмсақ  оқшаулағыш  материалдардан  дайындалған,  соның  ішінде 
бұраулардың  барлық  түрлері  және  өнеркәсіптік  бұйымдар,  сондай-ақ  әртүрлі  шлангілер,  икемді 
тақталар және икемді стержендер. 
3) Оқшаулағыш қорғаныш жабдықтары  
Олар  элктр  тогымен  зақымдануды  болдырмау  үшін  кернеудегі  жұмыста  пайдаланылатын 
оқшаулағыш  материалдардан  дайындалған  қорғаныш  жабдықтары  ретінде  белгілі.  Оларға 
оқшаулағыш  киім  (оқшаулағыш  қаптамалар),  диэлектрлі  шалбарлар,  диэлектрлі  қолғаптар, 
диэлектрлі қолғап, диэлектрлі бәтеңкелер, диэлектрлі қорғаныш касскалары және т.б. жатады. 
4) Оқшаулағыш экрандаушы жабдықтар  
Олар оқшаулағыш материалдардан дайындалған және жерге тұйықталған бөліктерден және 
кернеуде  болатын  экрандау  немесе  оқшаулау  үшін  пайдаланылады.  Олар  оқшаулау  деңгейінің 
белгілі  бір  талаптарына  жауап  береді.  Олар  жұмсақ  және  қатты  диэлектрлі  кілемшелерден, 
қоршаулардан және диэлектрлі кілемшелерден тұрады.  
5) Оқшаулағыш штангілер 
Олар  тіректердің  оқшаулағыш  компоненттерді,  соның  ішінде  штангілер  және  қол 
штангілерін құрайды.  
Тірек  штангілері  –  бұл  остік  көлденең  немесе  тік  жүктемелер,  соның  ішінде  қолдаушы 
немесе созылмалы (аспалы штангілі)  шығуы мүмкін оқшаулағыш құралдар. Тірек қарнағы – бұл 
жүктемені  қауіпсіз  және  сенімді  ұстауға  арналған  жерге  тұйықталған  бөлік  (немесе  жиектеме, 
діңгек)  және  ұштары  кернеудегі  бөліктерге  бекітілген  оқшаулау  материалдарынан  дайындалған 
оқшаулағыш  құрал.  Созылмалы  қарнақ  (штанга)  (аспалы  қарнақ  (штанга))  жүктемені  сенімді 
ұстайтын  және  созылмалы  құрал  көмегімен  жалғастырылған  оқшаулағыш  материалдан 
дайындалған оқшаулағыш құрал (аспалы қарнақ (штанга)) болып табылады.  
Қол  штангісі  –  бұл  оқшаулағыш  материалдардан  дайындалған  оқшаулағыш  құрал.  Оны 
жүру  ұштарын  тежейтін  және  кернеудегі  бөліктермен  алдыңғы  ұштарын  түйістіретін 
электромонтерлар қолданады.  
6) Жылжымалы жабдық 
Оқшаулағыш  буыны  бар  көтергіш  құрал  ретінде  осындай  жабдық  құралдары  бар 
электромонтерларды тасымалдау үшін пайдаланылады. 
7) Тіркемелі жабдық 
Екі  табанды  тесігі  бар  жабдық,  гидравликалық  созылмалы  жабдық  және  т.б.  механикалық 
тартылыс  немесе  көтеру  күшін  қолмен  немесе  автоматты  тудыратын  күшті  салу  үшін 
пайдаланылады.  
8) Бекіту құралдары (қысқыштар) 
Бұл  бұранданы  қысу,  бекіткіштер  және  т.б.  сияқты  жүктемені  қолдау  жүйелерінде  бекіту 
функциясын орындайтын стационарлық құрылғы. 
9) Ток өткізетін құралдар  
Олар  қорғасынды  қысқыштар,  бұрмалы  жалғастырғыштар  және  т.б.  сияқты  ток  өткізетін 
түйіспелі қысқыштар және сымдардың үйлесімін құрайды. 
10) Доғаны сөндіру құралдары  
Доғаны сөндіруді ауыстырып-қосқыштар және т.б. сияқты доғаны сөндіру қабілеттілігі және 
белгілі бір ток тасығыш қабілеттілігі бар қосу/сөндірудің ықшам құралдары. 
11) Бұрмалы ауыстырып-қосқыштар  
Бұл  ашық  кеңістікте  пайдаланылатын  және  тез  орнатылатын  кішігірім  мобильдік 
ауыстырып-қосқыштар.  Олар  бұрмалы  жалғастырғыштардың  жұмысы  кезіндегі  жүктемеде 
тізбектерді қосу және ағыту үшін пайдаланылады және қосу/сөндіру жағдайына ие.  


284 
 
12) Икемді күш кабелдері  
Бұл  жасытылған  мыс  сымдардың  бірнеше  жіптерінен  тұратын  айнымалы  токтың  күш 
кабельдері. Оларды бірнеше мәрте пайдалануға және бүгуге ұшыратуға болмайды. 
13) Қуат кабелінің икемді жалғағыштары  
Ол  клеммалар  және  үшайырлар,  аралық  қосылыстардан  тұратын  айналма  операциялар 
кезінде икемді күш кабелдерін қосу және жалғастыру үшін пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет