4.3--сурет. Оқшаулағыш матауыштар (а) ілгекті матауыштар; b) екі ілгекті матауыштар.
Қорғаныстар оқшаулағыш материалдардан дайындалады және кернеуде жұмыс жасайтын
электромонтерларға арнайы арналған; мұндай құралдарға: диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш киім
(қол манжеталар), диэлектрлік бәтеңкелер және оқшаулағыш жабындар жатады. Электр қорғаныс
экрандаушы құралдар электр өткізгіш материалдардан дайындалады және өте күшті электр
өрістерінен қорғау үшін пайдаланылады; оларға: қорғаныс және антистатикалық киім (диэлектрлік
бәтеңкелер және қолғаптар) жатады. Мұндай құралдарды кернеудің төмендігіне байланысты кернеулі
таратушы желілерінде қолданудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл тарауда экрандаушы құрылғы
сипатталмайды.