Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет140/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164
8-775-233-72-57
152
демалатын болды, бірақ оның мұнысын Свасти күң 
жаратпай, басын шайқап жүрді.
«Жұмыссыздық жақсылыққа апармайды», – деу-
мен болды ол.
Мен өзіме еріктілік құқығын сатып алу үшін қар-
жы табудың уақыты жеткенін сездім. Бірде жұмыс-
тың бәрін түске дейін бітірдім де, Нана-наидтан бұ-
дан былай түстен кейінгі уақытта қосымша табыс 
табар жұмысқа рұқсат етуін сұрап, онымен пайданы 
бөлісетінімізді айтуды ойластырдым. Маған мына-
дай ой келген еді: неге бәлішті көбірек пісіріп, көше-
ге шығарып сатпасқа?
Ойлана келе, Нана-наидқа мынадай сұрақ қой-
дым: «Егер де мен түстен кейін, наубайханадағы бар 
жұмысымды бітірген соң, саған қосымша екі тиын 
тапсам, сол қосымша пайданы бөлісіп, өзім үшін 
адамға қажетті нәрселерді сатып алып отырсам қа-
лай болады?»
«Бұл әділетті» – деп қостады ол. Мен оған бал қос-
қан бәліш пісіріп сату жоспарымды айтқанымда, ол 
мұныма аса риза болды.
«Онда былай істейміз, – деді ол. – Сен екі бәліш-
ті бір мыс тиынға сатасың. Жартысын маған ұн, бал 
және отын алуға бересің де, ал қалған жартысын 
екеуміз тең бөлісеміз».
Мен мұндай жомарттыққа, әрине қуандым. 
Өйткені табыстың бір ширегін өзіме қалдыратын 
мүмкіндікке иемін. Сол түні мен бәліш салатын 
ыдыс жасап, ұйқыға кеш жаттым. Нана-наид маған 
көшеге киюге жарайтын өзінің ескі киімін берді де, 
Свасти күң оны жамап-жасқап, жууға көмектесті.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет