Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет96/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
105
қарыз берерсің, ал егер жоқ болса, онда қайтара ала-
тын мөлшерде ғана ақша ұсынғаның дұрыс.
Өз саудамнан артылған алтыным көбейген соң ғана 
өсімқор болдым. Алтынымның өзгеге жұмыс істеге-
нін қалаймын, бірақ ол маған пайда келтіруі қажет. 
Ол ақша маған аспаннан жауған жоқ, ол таза маңдай 
тер, табанақымның жемісі, еңбегімнің еш болғанын 
қаламаймын, әрине. Сондықтан басталар істің негіз-
ді екеніне және алтынымның кері қайтатынына кө-
зім жетпесе, кім көрінгенге қарыз бере алмаймын.
Саған сандығымдағы кейбір құпияларды ғана 
айттым, Родан. Сен олардан босбелбеу адамның қа-
рызын қайтаратындай сенімді мүмкіндігі болмаса 
да, бос тәуекелге баратынын білдің. Сонымен бірге 
егер адамда жеткілікті қабілет пен тәжірибе болма-
са, ірі табысқа жылдам жетермін деген үміттің түкке 
тұрғысыз екенін байқадың.
Енді қолыңда алтының бар, оның саған тиімді 
жұмыс істеп, бұрынғыдан да көп ақша әкелуіне жол 
ашуың керек. Өзім секілді өсіммен қарыз беруіңе бо-
лады. Егер өз жинағыңа ұқыпты қарайтын болсаң, ол 
саған алдын ала бірнеше жылға жетерлік мол табыс 
әкеледі. Ал оны қолдан шығарып алсаң, өмір бойына 
созылатын ащы өкініштен арылмайсың. Алтыныңа 
қатысты қандай жоспарың бар?
– Алтынды жоғалтудан сақтауым керек.
– Көңілге қонымды сөз, – деп Матон мақұлдаған 
сыңай танытты. – Алғашқы тілегің – алтынды сақ-
тау. Күйеубалаңда ол сақталады деп есептейсің бе?
– Олай болмас деп қорқамын. Оның сақтай алуы 
екіталай.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет