Сутегі тəріздес атомдардың спектрлік сериясы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.04.2022
өлшемі1,41 Mb.
#30210
  1   2   3
Байланысты:
3-дәріс



Сутегі тəріздес атомдардың спектрлік сериясы 

Сутегіден басқа элементтердің атомдарының спектрлік сызығының толқындық санын да екі термнің 

айырмасы түрінде өрнектеуге болады. Бұл Ридберг – Ритцтің комбинациялық принципі деп аталады. 

Осы термдердің физикалық мағынасы, комбинациялық принциптің мəн-жайы Бор теориясынан кейін 

ғана шешілді.  

Сілтілік металдар: литий (Li), натрий (Na), калий (K), рубидий (Rb), цезий (Cs) элементтерінің 

спектрлеріндегі бірнеше сериялардың сыртқы көрінісі сутегі атомының спектріндегі серияларға ұқсас 

болып келеді. Бұлардың спектрлік сызықтары да сутегі атомының спектрлері сияқты спектрдің қысқа 

толқынды шетіне қарай спектр сызықтарының арасы жақындай түседі де ақыры, олар бірігіп, тұтасып 

кетеді жəне сызықтардың интенсивтігі кеми береді. 

 

1-сурет 


 

1-суретте көрсетілген сызықтар натрийдің бас сериясы деп аталады. Бұл серияның бесінші сызығынан 

бастап қысқа толқынды сызықтары басталады. Натрийдің бас серия сызықтары жұтылу жəне сəуле 

шығару спектрлерінде де байқалады. Басқа сілтілік металдарда да бас серия болады. Бірақ оларды 

Бальмер формуласымен есептеуге болмайды. Олардың толқындық санын белгілі ереже бойынша, 

спектрлік терм айырмасы түрінде көрсетуге болады, бұлардың біріншісі тұрақты, ал екіншісі айнымалы 

терм болады.  

Сілтілік металдардың сəуле шығару спектрінде бас сериядан басқа, бірінші – екінші қосымша жəне 

негізгі сериялар бар. Бірінші жəне екінші қосымша серияның сызықтары айқынырақ, болады. Негізгі 

серия сызықтары спектрдің инфрақызылбөлігінде орналасады. Бірінші жəне екінші қосымша 

сериялардың шегі бірдей, ал бас серия шегінен өзгеше болады. Осы айтылған серияларды мынадай 

түрде өрнектейміз:  

 

мұндағы s, p, d, f - əрбір сілтілік металға тəн параметрлер, олардың əрқайсысы бірден кем шама, 



мысалы, натрий үшін s= 0.629; p= 0.144; d= 0.07; f= 0.001 болады. Сілтілік металдардың сериялық 

термдерін ықшамдап мынадай түрде жазады: 




 

 

 



Сілтілік металдардың спектрлік сызықтары екі сызықтан тұрады. Мысалы, натрийдің сары түсті D – 

сызығы қос сызық, біреуі D

1



 – сызығының толқын ұзындығы   𝛌=0.5896 мкм, ал екіншісі D

2



 – оның 


толқын ұзындығы    𝛌=0.5890 мкм. Мұндай сызықтар дублет (қос) сызықтар деп аталады. Спектрлік 

сызықтардың осындай күрделі мультиплеттік құрылысы термдердің күрделілігін көрсетеді.  

 

 

 



 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет