Бет-әлпет
Адамды Алла тағала бір-біріне ұқсатпай, әр қилы жарат-
қан. Табиғаттың /Алланың / шеберлігіне шәк келтіру —
күпірлік.
«Тауларды көріп тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде,
ол бұлт тәрізді жүреді /Бұл аят жердің күнді айналатынын
146
дәлелдейді/. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі.
Күдіксіз, ол жасаған нәрселерді толық біледі» /88/ Нәміл
сүресі.
Көрдіңіз бе, құдай шебердің өлшеусіз құдіретін. Жарату-
шы ие адамдарды сомдағанда шеберлігін аямаған. Адамдардың
түр-түсі әр қилы екенін меңзеу арқылы құдай шебер /біздің/
олардың мінез-құлқын да қилы- қилы еткен. Ғылым тілімен
айтқанда, адамдар аса күрделі әрі нәзік жаратылыс. Күрделі
болатыны — ішкі дүниесінің шексіздігі. Ол нендей шексіздік?
Әр пенденің өзіне жұмбақ қасиеті бар. Сол жұмбақ қасиет
оның шексіздігінің дәлелі /Бұл арада қасиет — мүмкіндік/.
Мүмкіндігі мол жанның қасиеті де үстемелі. Сол мүмкіндіктің
қадірін білмесең, оған кім кінәлі? Өзің бе, басқалар ма? Жара-
тушы ие ме? Осымен тұжырымдаған ләзім. Адам әлемнің кіші
моделі /көшірмесі/ бола тұра неге нәзік? Оған жауапты
өзіңнен табасың. Алладан көрсең күнәға батасың. Алланың
адамдарға берген артықшылығын қомсынып, пенде пақыр
дүниені /жаратылысты/ қолдан әлеміштейді. Алла жаратқан
дүниеге /тіршілікке/ суық қолын жүгіртеді. Рас, небір
кереметтерді ойлап тапты ғалымдар. Сонда да өлместі (адамды)
туындата алды ма? Адамның түр-тұлғасын, бет-бейнесін өзгер-
те алды ма? Оның /пенденің/ сан қатпар мінезін игеріп, өзгер-
туге шамасы жетті ме? Игерем деп /темір адам жасап/ бүлдіріп
жатқан жоқ па. Қызылды-жасылды дүние, сан алуан электрон-
ды құралдар, үй жиһазы, киім-кешек, техниканың небір
кереметтері, дәрі-дәрмек, ауруды болдырмаудың озық әдістері
озғын жаңалық екені рас. Алайда, осыншама ілгерімпаздық
/прогресс/ адам жаратылысын түбегейлі өзгерте ала ма? Баяғы
сол бет-әлпет, баяғы сол іші қуыс, сырты жылтыр пенде. Ішсе,
ішкенге, жесе, жегенге ынсапсыз. Құбылғыш және өздері. Бір-
бірін көре алмайды. Абайша айтқанда: «Бүгінгі дос — ертең
жау». Осының салдары неден? Жаратушы иеге көңіліміздің
түзу болмағанынан. Алланың құдірегін мойындамаудан туын-
дайтын келеңсіздіктер. Мұны кім білмейді дерсіз. Бір ауық ай-
наға жүз бұрыңыз. Айнадан бет-әлпетіңе, түр-тұлғаңа дұрыс-
тап қара. Осы мен адаммын ба деген сұраққа жауап ізде.
Бетіңді түзуле (түзуле дегенде, тәубеге кел дегендік). Өмірге
деген, алғы күндерге деген бет алысыңды бағамдап, жүрер жо-
лыңды айқында. Бет бақтырмаған даукестіктен, бетпақтықтан
адалаң. Кім көрінгеннің бетінен алып, даукестікке салынба.
Біреудің кемшілігін бетіне басып табалама. Майда сөйлеп
ұялт. Сөзге қонақ бер, беталды лаға берме, тоқтамды бол. Са-
бырлық жарасады адамға. Бірбеттік жақсы қасиет емес. Алған
147
бетімнен қайтпаймын деп дұшпанды көбейтіп аласың. Беті
бүлк етпейтін адамдардан қашық жүр. Үлкеннің тілін алмай,
ата-анасын тыңдамайтын әдет — бетімен кетушілікке жатады.
Бет бақтырмайтын даукестікке барма, онда өзімшіл, қарау ата-
насың. Жаратушы саған бет- әлпетіңді ажарландырып,
өлшеусіз көрік сыйлады. Жарқыраған маңдай, қиылған қас,
нұрлы көз, маржан тіс, сезімтал ерін, томпиған бет сыйлады.
Адамның тегі — маймыл деген ғылыми долбар мейлінше ұшқа-
ры. Алла маймылды да жаратты, оған ұсқынсыз түр берді.
Оның бет-бейнесін сиықсыз етті. Маймылдарды ұсқынсыз
етудің өзінде жаппар Хақтың адамға деген іш тартуы жатыр.
Егер де маймыл тәрізді бір кейіпті болсақ не болғаны?! Жара-
тылыс заңдылығын реттейтін Жаратушы ие. Дарвин емес, ол
бар болғаны топшылады. Жаратылыс құпиясы тек Аллаға ғана
мәлім. Алланы Құдіреті күшті ие дейтініміз содан. «Көктер
мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді /93/. Расында
Алла оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі /94/. Сондай-ақ
олардың барлығы оған жеке-жеке келеді /95/. Күдіксіз иман
келтіріп, түзу іс істегендерге Алла сүйіспеншілік береді /96/.
«Таһа сүресі» (Құран-кәрім).
Қараңыз. Жаратылыс біртұтас. Соның мысалы өзің емес
пе. Өзіңнің кім екеніңді өзіңнен артық кім біледі? Іші-тысың
өзіңе ғана аян. Жаның мен тәнің тығыз бірлікте. Біз өзімізді
танудың орнына жаратылыс заңына қарсы шығамыз. Мардым-
симыз, көкірек керіп, Жаратушы иенің өзін көзге ілмей шала
бүлінеміз. Құранда айтылған жоқ па: «Көктер мен жердегі
әркім Аллаға ғана құл». Біздер, жұмырбасты пенделер қызыл-
ды-жасылды дүниенің, тойымсыз ындының, нәпсінің, мансап-
тың, жалған атақтың, жалған намыстың құлымыз. Құлы бола-
тынымыз, сол жолға барша адами қасиетімізді сарп етіп, Алла-
ны ұмытамыз. Аллаға мойынсынбаған, құдайсыз жұмырбасты
дүниенің құлдығына түсетінін біле тұра білмегенсиді. Түрлі
қоздырғыш улы заттар адамдық бейнеден айырып, кісінің
кескін-кейпін бұзады. Дүниенің дидары құбылмалы. Ата-баба-
ларымыз соны жақсы білген:
Дүние қудым, сені жалықпай-ақ,
Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ.
Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды,
Дидарыңды қойдың ғой танытпай-ақ...
Ішкі адамшылық қайнары озғын жанның бет ажары шуақ-
ты сәулелі келеді. Мінезді қайсар азаматты «бетті» деп
көтермелейді. О дүниелік марқұмға «бетінен жарылқасын» деп
148
жатамыз. Бет — сіздің адамшылық ажарыңыз. Адамгершілік
айнасы десе, тіптен келісімді. Ішкі жан дүниеңіздің сыртқа
тепсінген күш-қуаты бет-жүзіңізден көрінеді. Қуанғанда дида-
рыңыз алаулап, нұр жайнайды. Реніш табы да бетке шығады.
Сөйткен дидарымыздың айнасы - бетті де күйелейміз. Сұлу
беттен әр тайса, табиғат заңдылығы. Кәріліктің ізі. Егер де сол
бетіңізге қара күйе жағылса ше? Онда беттің соры қайнады
дей бер. Есіл сұлу өң, нұрлы жүз, келісті кейіп, бетке ұялаған
ажар да жоқ болғаны ма?! Өз бетіне өзі қара күйік жаққан
адам құдайдың дидарын қалайша көрмекші?! Бетіне қара
күйе жағылған адамнан өткен имансыз, сірә да, жоқ шығар.
Кісіге қастық жасаса, досын дүниенің боғына бола, оққа бай-
ласа, кісі қанын мойнына жүктесе, табиғатқа өрт салса, қара-
қан басының қамына бола Отанын сатып кетсе, қара бет бол-
мағанда қайтеді! Екі дүниеде жүзі жарық болмайтындар со-
лар.
Қарабеттік — ең ауыр қылмыс. Ерте замандарда ел тыныш-
тығын кетірген, ауылға лаң салған қаныпезерлерді, ардан
безгендерді жұрт алдына шығарып, мойнына құрым киіз іліп,
бетіне күйе жағып масқаралаған. «Қара бет» сөзі содан қалған.
Бет бақтырмайтын арсыздарды, ұры-қарыны, нәпсісін тежей
алмайтын нысапсыздарды елден бездіріп жіберген.
Қарабеттік — өлгенмен тең. Ақша беттен нұр, жүйрік
көңілден жыр кетірмесін деп тілейік. Әр саналы жан бет бақ-
тырмайтын даукестіктен, жүзіне шіркеу түсіретін бетсіздіктен
қашық жүрсін. Жүрегі кіршең бетсіздерден сақтасын!
Өң-түс
Адам — сұлу жаратылыс. Жаратушы ие адамдарға барша
табиғат әсемдігін, көркемдігін бұйыртқан. Біздің Жаратушы
иеге өкпеміз жоқ. Адамдарды Алла тағала көркем етіп жарат-
қан. Адамдар нұрдан /Алланың әмірінен/ жаратылған. Нұрлы
болатыны осыдан. Адамдардың сырты қалай келісімді келсе,
ішкі дүниесі де кең-байтақ. Ақыл-ойға бөккен. Жан сарайы-
мыз бен кескін-кейпіміз, ажарымыз мінсіз сомдалған. Алғыс —
Аллаға, тағзым - табиғатқа. Сонымен, біз - адамбыз. Алла
адамдарды неге есті қылып жаратқан? Құранда айтылған. Ал-
ланың бірлігін ақылмен танып, оған мойынсынамыз. Таби-
ғатқа да бас иеміз. Сансыз жаратылысты әнге қосып
дәріптейміз. Жырлаймыз. Сонымен қоса, өзімізді де тәртіпке
келтіріп, күнәлі істен бойымызды аулақ ұстаймыз. Жанымыз-
149
ды да, тәнімізді де ластықтан сақтап, адамша өмір сүруге ты-
рысамыз. Егер де біз осы айтылғандарды мүлтіксіз орында-
сақ, онда ішкі нұр бетке шығып, өңіміз кіріп, шырайымыз ар-
тады екен. Сүйкімді көрінеді екенбіз сырт көзге. Назары
өткірленіп, шуақты нұрға малынған жанның жүзінен сәулелі
нұр шалқымай ма. Сол нұр жан-жағына шуағын төккенде,
әлгі жанары - күн, қабағы - ай, лебізі - самал, жүзі - асқан
көркімен көз суырады ғой. Ондай жанды «өңді» деп айрықша
атаймыз.
Жолаушы бейнет көргенде, түн қатып, түсі қашады. Түсі
қашқаны - жүдеп-жадағаны. Қабағы түсіп уайымға батқаны.
Көз жанары салқындап, ерні кеберсиді. Өңсізденеді. Бұл -
таза тәни көрініс. Шаршап-шалдығудың салдары. Ішіңіздің
салқыны /ашуыңыз/ сыртқа тепсінгенде, өңіңіз солғындап,
түріңіз бұзылады. Ондай жаннан былайғылар «пәлесінен
аулақ, осының түрі бұзық, ылғи суықсып жүреді» деп сырт
айналады. Жасанды қоздырғыш арақ пен нашаға бөккенде,
кісінің түр-әлпеті тіптен өңсізденіп, түсі қашып кетеді. Тілі
болса-болмаса ұзарады әлгінің. Бүйіше бұртиып, зәрімен
ықтырады. Ал шынайы ақ жүрек адам кейігенде де түр-түсін
аса суыққа салмай, өзін тежеп ұстайды. Осындай
ерекшелігіне қарата: «Түсі игіден түңілме», - дейді атам
қазақ. Ажар-көрік, кескін-келбет кісіге тегіндікпен бітпеген.
Өң-түсі келіспеген адамды: «Түріңді ұрайын!» - деп кекейді
сыншыл көздер.
«Ақылды адам — бақытты адам» делінеді пайғамбар
хадисінде. Жалған кербездік, тыраштық, сырты сызданған
паңдық, алдамшы көлгірлік, жәдігөйсіген аярлық кісіні сырт
көзге жағымсыз қырынан көрсетіп, беделін түсіреді. Нағыз
кербездік, сыпайышылық адамның ішкі дүниесімен үйлесіп
тұрса ғана жарасымды. Мінезімен сырт кейпі үйлескен адамды
түсі жылыға жатқызады. «Жасынан түсін билеп сыр бермеген»
делінетін адамдар — нағыз кісілікті түсі игі жандар.
Достарыңызбен бөлісу: |