Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет30/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

VI. ТАҒЫЛЫМ 
Қайырымдылық 
Адамзат баласы елдесіп өмір сүргендіктен жоғарғы өрке-
ниетке  қол жеткізді. Бір-біріне  қайырым жасап,  қол  ұшын 
беру - адамның ең сапалы озғын  қасиеті. Керісінше,  қайы-
рымсыздық адамның жүрегін беріштендіріп, мейірімге орын 
қалдырмайды. Біреуден біреу түңілгенде «Оны  қой,  қайырсыз 
нағыз» деп бет бұрады. 
Өлген соң арыстаннан тышқан артық, 
Қайырсыз жаман достан дұшпан артық. 
Қолына кей адамның алтын түссе, 
Қадірін біле алмайды мыстан артық, — 
делінбей ме қара өлеңде. 
Өзі мейірімсіз, рахымсыз болса, ондай жолдас кімге опа 
қылады?! Пендеде  қанағат аздау. Шүкіршілік еткендер: «Қуған 
жетпейді, бұйырған кетпейді», - дегенді  қаперде  ұстайды. 
Бұйырмайын десе, аузыңа апарған асың да кері  қайтады.  Қай-
ырымды адамдар ақкөңіл, аңқылдақ келеді. Кейде сол әдетінен 
өкінетіні бар. Біреу жолаушылап келе жатса, айдалада бір 
жаяу  қол бұлғап шақырыпты дейді. Сөйтсе, әлгі адам соқыр 
екен. Жүргіншіге жабыса кетіп, айырылмай  қояды. Соқырың 
нағыз содырдың өзі болып шығып,  қайырым жасаған жолау-
шының астындағы атына жармасады. Екеуі  қазыға барып 
жүгінеді.  Қазы атты соқырға бұйырып береді. «Енді соқыр 
көрсем, жоламайын  қасына,  қайырым жетті-ау басыма» деп 
налыпты атынан айырылған жолаушы. 
Бұл мысалдан нендей ғибрат алуға болады? Жақсылықты 
кісіге шамаңа  қарап жаса деген аңғар бар әңгіме астарында. 
Әйтпесе, соқырға қайырым жасама дегендік емес. 
Әкелеріміз атұстарын «Қайыр», «Қайыржан», «Қайырбек», 
«Қайыртай», «Қайырқұл» деп тегін атамаған. 
Заман азарында адамдардан  қайырым кете бастайды. Ра-
қымсыздық,  қатігездік етек алып, бетімен жайылған малдай 
қайыру бермей кетеді дегенді  қариялардан сан естідік. Ақын-
дар мен жыраулар шерлі өлеңді ағытады. Заманға налиды. Тас 
екеш тасқа да  қына шығады. Жүректен мейірім кетсе, сен де 
сол тассың! Жүрегінің жылуы жоқтар - солар. Рақымсыздық 
169 


қатыгездікке жол ашады. Заман өзгерісіне орай адамдар кілең 
қатыгезденіп барады деп сары уайымға салынуға бола ма? Да-
ласындай кеңпейіл  қазақ халқының  қайырымдылықтан  қол 
үзуі мүмкін емес.  Қайырымсыздық, түптеп келгенде, өзіңе сор. 
Кісіге жасаған жақсылығың да, иттігің де күндердің күнінде 
алдыңнан шығады. Дүние жеткізбейді  қуғанмен. 
Құранда айтылады. Жомарт та, мырза да - Алла. Бай да 
Алла. Оған дәлел - табиғат байлығының молдығы. Жаратушы 
ие ысырапшыл емес. Бір тоқтыға бір түп жусан артық жарата-
ды екен. Әр нәрсе шақтылы болса,  қымбат. Табиғаттың  қисап-
сыз мол  қазынасын есептеп шығара алармысың? Ондай 
қабілет бізде жоқ. Осыншалықты ырғын байлыққа иелік ететін 
қүдіреті күшті Ие асылыққа бармайды. Өйткені, ол мейлінше 
кең һәм жомарт. Пейілін кеңге салады. Мына біздерде тойым-
дық әсте жоқ. Халықтан сөз артылмайды: «Толсаң, төгілесің, 
ассаң, асыласың». Оған да тоқтамасаң: «Көргеннен көзақы 
алатыннан сақтасын!» - деп түңіледі. Тіптен үдетіп жіберсең, 
дүниеге деген тойымсыздықты «Көзіңе көр топырақ енсін!» 
деп келтесінен бір-ақ  қайырады. Бүгінгінің байшыкештері 
дүниені арын саудалап,  қадір-қасиетін бұлдап, өлермендікпен 
табуға жан салады. Бәрі емес, әрине. Байығандарды жаппай 
кінәлаудан аулақпыз. Гәп сол дәулетті халық игілігіне жұмсау-
да жатыр. Халық санасында сараңдар - «шық бермес Шығай-
байлар», «Қарынбайлар» жағымсыз атымен  қалса, уызына жа-
рыған мырзалар да ел есінде сақталған. Атымтай жомарттар әр 
ұлыста болған. Арғын - одан Мейрам, одан Болат  қожа, одан 
Бошан, одан Машай, одан Бораншы, одан Керней /көк бөрі/, 
одан Түйте, одан Жарылғап батыр, одан  Қырбас, одан 
Бәйсейіт /Бәжең атанған/, одан Нұрлан мырза туады. Сол 
Нұрлан мырзалығымен аты шығып, даңқы жайылыпты өз 
төңірегіне. Кедей-кепшік, жоқ-жітік Нұрланға барады екен со-
ғым уағында. Біріне соғымдыққа ат жетектетсе, өзгесіне тай 
береді екен. Одан  қалды аш-арықтарға  қап-қап ет арқалатқан 
ғой. Мырзаның әкесі Бәйсейіт би тегін олжаға кенелгендердің 
жетектеген жылқысын, арқалаған етін тартып алмақшы бо-
лып: «Саған Нұрлан береді, маған кім береді?» - дейді екен. 
Сірә, артымда сөз қалсын дегені шығар. Сөйткен Нұрлан мыр-
заның ғұмыры аз болыпты.  Қырықтан асар-аспаста дүние са-
лыпты. Әкесі Бәйсейіт би ботасы өлген інгендей боздап: «Қара 
жерге Нұрланымды  қалай  қиямын.  Қолын бір жұмбаушы еді, 
дүниенің опасыздығын ертеден-ақ білген екен-ау!» - деп аһ 
ұрыпты. Сараңдарға айтылар  қарғыс: «Жиғаның бұйырма-
сын!»  Құдайым сондай наладан сақтасын! 
170 
Түркмен халқының  ұлы шайыры /классик ақыны/ былай-
ша түйіндейді: 
Мақтымқұлы, жарлымын деп мұңайма, 
Риза бол,  құлшылық қыл құдайға. 
Ажал жетер жүйрікке де, құмайға. 
Қарыстай жер бәрімізге шақ болар.. 
Ысырап 
Үнем - береке бастауы. Сараңдыққа жатпайды. «Тарта же-
сең, тай  қалады, өле жесең, нең  қалады?», «Ішер асыңнан 
ішпеген асың көп болсын», «Бір аштықтың бір тоқтығы бола-
ды», «Қанағат  қарын тойғызады,  қанағатсыз жалғыз атын сой-
дырады». Тым тамақсау мешкей адамды «жалмауыз» дейді. Со-
дан да: «Мешкей деген жақсы ат емес», - деген сөз  қалған. Пай-
ғамбар хадисінде «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырапшылдыққа, 
бос мақтаншылдыққа жол бермеңдер!» делінген. Дарақылық, 
біреуден асып түссем деген жалған мырзалықты Алла  қош 
көрмейді. Сол себепті Құранда қанағат пен ысырап жөнінде көп 
айтылады. Атам  қазақ тым ерсі сәнкештерді /сәнқой емес/ ты-
раш деп кекеткен. 
Баланы бесіктен белі шықпай жатып үнемшілдікке бау-
лып, ысырапқа жол бермеуге дағдыландырған. «Нанның  ұнта-
ғын жесең, бай боласың», «Сыбағаңды сарқып іш, несібең 
кемиді». Осы ескертудің бәрі ысырапқа жол бермеудің тәсілі. 
Үлкендерден сарқыт дәмету - ежелгі ырым. «Жасың  ұзақ бо-
лады, үлкеннің сарқытын ішсең» дегенді жиі еститінбіз бала 
кезімізде. Халқымыз ненің болсын  қадірін, бағасын бастан 
өткен өмір тәжірибесінен сабақтаған. 
Тек тағам ғана емес, орынсыз пайдаланылған табиғат бай-
лығы да ысырапқа жатады. Жаңа экономикалық саясат жеке 
адамның баюына жол ашты. Байлықты ысырап етпей, орны-
мен жұмсау  қайырлы. 
Ысыраптың түрлері көп. Артық сөз, орынсыз шығындал-
ған бойдағы  қуат, асыра шашпа дарақылық та ысырапқа жата-
ды. Не нәрсенің шақтылысы жақсы. Адамшылық  қасиетіңді, 
адал ниетіңді ірікпесең, байқап-байқап баспасаң,  қара ниет 
қарауларға жем болып кетуің кәдік. Жалпақ жұртқа жанашыр 
болып, шашылып-төгіле берсең, бұрлығып жолда  қаласың. 
Есепқой дос, әккі жолдас жиғаныңды шашып, иманыңды (бұл 
арада адамшылық) бұйыртпайды. Сонда не істеу керек?!  Қарау 
мен  құлқынқұмардың тобына  қосылуың керек пе? 
Шүкіршілігі жоқ, ындыны кепкен обырлар күндердің күнінде 
171 


қақалады. Ысыраптың да обалы бар. Атам  қазақ «Көп асай-
мын деп боқ асап жүрме» деп ескертеді. 
Ысырапқа тосқауыл -  қанағат. Бұйырған несібеге  қанағат 
ете білсең, тыныш  ұйықтайсың. Уайымың азаяды.  Қанағат ту-
расында мақал-мәтел, аңыз әңгімелер мен жыр-дастан 
жетерлік. Ерте бір замандарда екі жігіт сапарлас болып жолға 
шығады. Бірінің астында ат, екіншісі өгіз мініпті. Аттылының 
есімі Ақырбай екен. Өгіз мінген  Қанағат есімді момын еді. 
Ұзақ жолда  қарны ашып,  қоңқылдаған жігіт: «Өгізді жола-
зыққа сойып алайық та, атқа мінгесейік. Бұл  қалпымызда аш-
тан бұрлығып, межелі жерге жете алмай жолда  қаламыз», -
депті. Оған  Қанағат келіспейді. Олай болса, мен кеттім депті 
серігі ширығып. «Асықпаған арбамен  қоянға жетеді» депті де 
Қанағат  қала беріпті серігінен жырылып. Жай  қалмай: «Жолда-
сын жауға алдырған жолда  қалады», - деп және тұспалдапты. 
Аттылы жолаушы былай шыға адасады. Азығын тауысқан 
соң, астындағы атын сойып жейді. Серіктесі өгізбен өңкелеңдеп 
жеткенде, Ақырбай аттың етін қарақшыға тонатып, жападан-жа-
лғыз келе жатады ғой. Өгіз мінген жолаушы қапаланып: «Қанағат 
-  қарын тойғызады,  қанағатсыз - жалғыз атын сойдырады», -
депті де, жаяуды аяп, артына мінгестіріп алады. Ақырбай есін 
жиып әлденген соң,  қоналқада өгіздің қарнына пышақ сұғып ала-
ды.  Қанағат  қатты кетеді: «Өгіздің етін сен-ақ же!» - деп ілгері 
озады. Еліне аман-есен оралған одан жаныңдағы серігін сұрайды. 
Болған жайды  Қанағат жасырмайды. Бауырлары Ақырбайды 
іздеп шығады. Барса, өліп жатыр екен дейді. Өгіздің сүйегін де 
қалдырмапты аш бөрілер. Содан шыдамсыз, ашкөз,  қанағаты 
жоқ бейбақтың  қазасына байланысты «Ақырбайдың түбі аштан 
өлер» деген сөз қалыпты. Күні бүгін айтылады. 
Кесір 
Істің оңға баспауы кісінің өзіне де байланысты. Бұйырмай-
ын десе, алдындағы ас та ішілмей  қалады. Бөктеріншегің өзгеге 
бұйырады.  Қалай да есебі табылады шығасыға. Кесір неден шы-
ғады? Адамның өзінен ғой. Сонда жаппай кесірлі болып кеттік 
пе? Кесірліні түстеп бере аламыз ба? Жағалатып көрелік. Он-
дайлар кергіме келеді. Бәлденгіш және өзі. Пандық та бар. Өзін 
жоғары  қояды басқалардан. Жоқтан ілік шығарып, жақсы оты-
рыстың шырқын бұзады. Үнемі төрге озады. Төршіл. Жесе, 
жедім демейді. Ішсе, іштім демейді. Ондай кергімеден алып та 
жарымайсың, беріп те жақсы атты атанбайсың. 
Кесірлі - Алланың  құлы емес, өзіне өзі  құдай. Ондайды 
«тәкаппар» дейді. Кесірлі, бір есептен, менменге жата қоймайды. 
172 
Кесірліде кісілік кемшіндеу. Тәкаппардың мінезінде ірілік бар. 
Кесірліде надандық басым келеді. Неге? Өйткені, тәубесі жоқ 
олардың. Кесірлі бір есептен  қырсықпен ағайындас. Екеуі бір 
анадан туғаңдай дерсің. Дегенмен, айырма бар бұларда.  Қырсық 
қиықтанса, берген сыйыңды алмай, алдына  қойған асты ішпей 
кете салады. Одан сенің нең кетеді? Асың дастарқаныңда, атың 
жаныңда  қалады. Кесірлі олай етпейді. Табағыңды /ыдысыңды/ 
теуіп, атыңды басқа  ұрып, өзіңді боқтап кетеді. Ата-бабамыз-
дың зар тілегінің бірі: «Иә, құдайым, кесір-кесапатыңнан сақтай 
гөр!» Көзге шұқығандай етіп және түйрейді. «Ат кесірленсе, 
жемнен  қағылады,  қатын кесірленсе, ерден  қағылады».  Құдай-
дан және тілейді: «Кесірлі келіннен, кесапат ұлдан сақта!» 
Бір мысал сұранады. Арғын, оның ішінде - Мейрам, оның 
ішінде - Куандық, оның ішінде - Алтай, одан - Мойын, одан -
Рақпанқұл, одан - Әлібек, одан - Аралбай. Сол Аралбайдың бір 
бұтағынан тарайтын  Қосыбайдың Кеттебегі заманында ел биле-
ген, болыс болған. Паң, тәкаппар адам болыпты. Кісінің сәлемін 
жөндеп алмайтын  қырсық екен барып тұрған. Кеттебекпен за-
мандас -тоқа Телқозының Шоңы мейлінше ақылды, білімдар кісі 
екен. Шоң би айтқан екен дейді: «Бұл төңіректе менен ақыл сұра-
маған екі-ақ адам бар. Бірі - Кеттебек, екіншісі -  Қаңтарбайдың 
Исасы (Иса қажылыққа барған, кісілікті адам болған заманында. 
Алтайдың сайдалысына жатады). Исаның өз ақылы өзіне жететін 
еді, Кеттебек кесірлігінен сұрамады ақылды». 
Арқа атырабында атақты паң Нұрмағанбет деген болған. 
Айтулы сөз зергері Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» 
повесінің кейіпкері. Өзі кезінде басынан сөз асырмаған, кісілікті 
болған. Кесірлі Кеттебек те ел аузында бар. Өзі болыс, ел биле-
ген, сөйте тұра кесірлі атанған. Кеттебекте мінез болған. Содан 
да кесірлі атанса керек. Абай айтқан: «Болыс болдым, мінекей, 
бар малымды шығындап, түйеде қом, атта жал, қалмады елге ты-
ғындап. Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап, нашар-
дың сөзін салғыртсып, шала  ұғамын  қырындап...» - деп келетін 
жалтақай, екіжүзді  құбылғыштар санатына жатпаған кесірлі 
Кеттебек. Ондай-ондай оғаш мінезді жандардың иттігінің өзі 
кейінгіге үлгі. Бой-басын таза  ұстайтындарды «дегдар» деп те 
айтады. Кеттебек дегдарға жатпайды, кесірлі деп те кесіп айта 
алмайсың. Бір қасиеті болуға тиісті. Бәлкім, сыпа шығар?.. 
Сыпалық пен сыпайылықтың жөні екі басқа. Бір-бірінен 
өзгешелігі бар. Мінезі жұмсақ, сөзі майда, жүріс-тұрысы 
үйлесімді кісіні сыпайыға жатқызады. Бүгінше айтқанда, 
мәдениетті жан. Ал сыпа  қандай кісі? Кесірлі Кеттебек сыпа 
болған десек, бірден келісе  қоймассыз. Жадағай жайдақ 
мінезді, киген киімі, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі  қарабайыр 
173 


келсе, ондай адамды халық жан тартып,  қарапайымға жатқы-
зады.  Қарапайымдылық та жақсы  қасиет. Көзге түсіп тыраш-
танудан ада. Жұпыны киініп, жұлынбай сөйлейді. Тым  ұсақ-
сып, жабыланып /момынсып/ кетсең, сөзің жасық, өзің жасқ-
аншақ болсаң, үнемі төменшіктеп, иығыңды түсіріп жүрсең, 
онда сыншыл  қариялар: «Осы неме ынжық, жасық болады-
ау!» - деп жақтырмай  қалады. Ынжықтық жігерсіздікке соқ-
тырады. Жігерсіз жаста уыт болмайды. Уытсыз жас  қатары-
нан кейіндеп жүреді. Үлесінен құр қалады. 
«Жақсы ат жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл бо-
лады» дегенді халық осындайларға  қарата айтқан. Аузынан 
сөзі,  қойнынан бөзі түскендерді «Шірік неме!» деп жаратпай-
ды үлкендер. Мұқату емес, намысын оятып, қайрағаны. 
Сыпайы сыпа адам артық сөйлемейді. Бой-басын таза ұстай-
ды. Кірлі ыдыспен тамақ ішпейді.  Қанағатшыл келеді.  Қомағай-
лықтан ада. Кесірлі Кеттебек кісі үйінен сұғынып тамақ ішпейді 
екен. Алдындағы астан сәл секем алды ма, аузына салмай қояды. 
Жылқы етінен басқаны татып алмаған. Бір жолы Кеттебек болыс 
тоқа Тойымбектің (Ол да кезінде атқа мінген, би болған. Сәкен 
ақын Тойымбекті іш тартқан. Турашылдығына бола) үйіне түседі. 
Әулеттің бас иесі  қонағына  қысырдың тайын сойдырады. Екі 
қазан көтеріп, бір  қазаңдағы сорпаға сиырдың қарнын салдыра-
ды. Сол  қазандағы етті түсіріп әкеліп,  қонағының алдына тарт-
қанда, Кеттебек тыжырынып, табаққа  қол сала  қоймапты. Дәм 
тату ишарасын жасапты да қойыпты. Сонда Тойымбек еріксіз бас 
шайқап: «Болмас, болмас. Екінші қазаңдағы еттен әкеліңдер. Бұл 
жазғанды бекер кінәлайды екенбіз. Кесірлі деп жазғыру әбестік 
Кеттебек мырзаны. Бала кезінен әдеттенген ғой, сірә. Кесірлі 
емес, жиіркеншек сыпа екен», — депті. 
Жиіркеншек адамдар кірпияз, сыпа келеді. Не болса соны 
көңіліне алып, дәмі келіспеген тамақты аузына салса,  ұшынып 
ауырып та  қалады. Кеттебек сыпа болған. Сыпалық игі жақсы-
лардың көбінде бар қасиет. Бой тартады, өзін сұлу торы аттай жа-
рау  ұстайды. Шымыркештер /спортшылар/, бишілер, әншілер -
халық алдына көп шығатын өнерпаздар да сыпалыққа үйірсек. 
Арғынның бір бұтағы — сүйіндік, оның ішінде айдабол 
Едіге би жолаушылағанда азығын қоржынға салып алады екен. 
Ғұмырында кісі үйінен сұғынып тамақ ішпеген дейді. Атақты 
батыр Бауыржан Момышұлы ет жеуге зауықсыз болған. Олжас 
Сүлейменов тауық етін аузына алмаған. Ертеден бар әдет. 
Қазақтың игі жақсылары сыпа келген. Мәселен, Абайдың 
әкесі  Құнанбай насыбай атпаған, насыбайшыларды тыйған. 
Сұңқар ақын Сәкен Сейфуллин арақ ішуден өзін  қатты тый-
ған. Тамақты да сұғынып ішпеген. 
174 
Шектен шыққан сыпалық ерсі әдет. Ондайларды бүгінгінің 
тілімен айтқанда: «Жалықпайтын мәдениетті» деуге келеді. 
Сыртын жылтыратқанмен, ішінде жылуары жоқ, білік-білімі 
тапшы сыпайыны тырашқа жатқызған сыншыл көздер. 
Көпшіл 
«Көпте  құдайдың рахманы бар» делінеді  Құранда. Халық 
та осы сарында ғибрат айтады. Тіптен асырып та жібереді. 
Атам қазақтан сөз  қалмаған ғой. «Көпшілік құдай емес, құдай-
дан былай емес». Ал, керек болса! «Көп -  қорқытады, терең -
батырады».  Құранда айтылған -  құдайдан  қорық дейді. Көптен 
/халық, ел/ де  қорқу керек.  Қариялар имансыз қара жүректер-
ден түңілгенде «Құдайдан  қорықпағаннан  қорық» деп 
ескертеді. Көптен де  қорыққан жөн. Әрине, жақсы мағына-
сында, сыйлау керек  қалың көпшілікті, сөзіне тоқтау керек. 
Санасу керек пікірімен. Нағыз ауыр сынақ - көп талқысы. 
Жүрегі кіршең, ниеті  қара, пиғылы бұзықтар жұрт бетіне 
қарай алмайды. Сол себепті ондайлар жұрт көзінен тасаланып 
жүреді.  Қарақан басын күйттеген, оңай олжаға дәніккен, тегін 
нәрсеге құныққандар ел бетіне қарай алмайды. Көпшіліктің ұлы 
атауы - Халық. «Халық айтса,  қалт айтпайды». Көп асауға 
құмар  қомағайларды,  ұлтын сатқан ождансыздарды, озбырлар-
ды, бас пайдасы үшін Отанын сатуға да бар опасыздарды халық 
ежелден-ақ ар сотына тапсырған. Ондайлар оңбайды, түптің 
түбінде сазайын алады. «Көптен  қашқан - көмусіз қалар». 
Шариғатта бар, пайғамбар хадисінде жақсы айтылады: 
«Көппен бірге жүріңдер, бөлектенбеңдер. Имандылығың ныға-
яды, сауабың артады. Намазды жамағатпен /көппен/ бірге 
оқысаң, сауапты келеді». 
Халық өнегелі сөзді айтудан жалықпайды. Кісікиіктеу топ-
қа  қосылмайтын жалқылықты  қалайтындарға: «Жалғыздық 
Аллаға ғана жарасқан!» - деп ескертеді. Бұра тартатын, бөлек 
қос болуға жаны  құмар дүниеқоңыз пайдакүнемдерді нысана-
лап: «Бөлінгенді бөрі алады», — дейді. 
Жас жеткіншегін әке-шеше көпке үйірлестіріп, топқа 
қосуға бейімдеген. Көптен  қашатын, жұрт назарынан жасқан-
шақтап  қорынатын өспірімді сыншыл  қариялар «Ынжық, боз-
өкпе» деп жаратпаған. Көпшіл жас ақжарқын, кеңпейіл келеді. 
Туған тілін, дінін,  ұлтын сүйіп,  қорғаштайтын  қасиет -
жүрегінің оты бар ұландардан шығады. Өзімен өзі болып топтан 
қашатындар басқа елдің әдет-ғұрпына еліктегіш келеді. Түрлі 
діни ағымдардың /секталардың/ алдау-арбауына тез беріледі. 
175 


Бойдағы  қабілетті, ерік-жігерді жетілдірудің бір амалы — 
Көпшілдік! Көпке қосылуға, ағайын-туыспен араласып жүруге 
ынталы жас  ұлтжанды, бауырмал келеді. Топтан бөлініп, 
көптен  қашатындар арақ-шарапқа, анашаға бейім тұрады. 
Көпшіл адамның пейілі кең келеді. Жанның бәріне жақсылық 
жасауға бейімдер солардан шығады. 
Бүгінде біз өмір сүріп жатқан кезең «капиталистік қоғам» деп 
аталады. Капиталист байлықты нысаналайды. Табыскерлер де 
қоғамға, халыққа  қызмет етеді. Бүгінгінің  ұраны - жеке адам 
байыса ғана  қоғам байиды. Жастарды саудадан бездіріп, одан 
кінәрат табу асылық. Табыс-табыс деп өлерменденбей, өзгені де 
ойлауымыз керек. Көптің көңілінен шыға білсек, кәсіпкерлігіміз 
бен саудамыз алға басады. Рас, бір тиыңды екеу ете алмасаң, сау-
даң жүрмейді. Абай айтқан «пайда ойлама, арды ойланы» да 
ұмытпауымыз керек. Көптің наласына  ұшырап  қалуың кәдік. 
«Көпке жақпаған,  құдайға да жақпайды». Нағыз  қатал сын — 
көптің талқысы. Көптің назарында жүрген де бір мерей. Назасы-
на қалсаң, ардан безген атанасың. Екі дүниеде жүзің қара... 
Қазақта ескіден келе жатқан сөз бар: «Атқа мінген /ел биле-
ген/ билікші кіңдігінен төмен қарай қан кешеді». Халыққа билік 
жүргізгендерде әділеттілік бола бермейді, соны тұспалдағаны. 
Билік шоқпарын тентекке сілтеймін деп, момынның басын жа-
рып алуы кәдік. Мемлекет басшысын «Елбасы» деп қазақ атауы-
мен айтамыз. Расы сол. Елдің бүгіні мен ертеңіне, болашағына 
бағыт сілтейтін, халықты тура жолға бастайтын, "корғанысын ны-
ғайтып, экономикасын ілгерілететін, халқымыздың рухын 
биіктетіп, моральдық бейнесін айқыңдайтын Елбасы екені анық. 
Халық «Ханда  қырық кісінің ақылы бар» дейді. Өйтпесе, ол 
әмірші атана ма?! Пайғамбар хадисінде «Тіпті сендерге мейізден 
де қара эфиопиядық құл басшы боп сайланса да, оны тыңдаңдар, 
бойұсыныңдар» дейді. «Басшысын сыйламаған ел батпақта 
қалар» деген де аңғарту бар халықта.  Құранда Алланың әмірі — 
парыз, патшаның нұсқауы - уәжіп /бұлжымайтын бұйрық/ 
делінген. Аллаға бойсұнудан кейінгі бағыныштылық — Елбасына 
тоқтау, соған  құлақ асып, сенім көрсету болып табылады. Әділ 
билікшінің қабағы - Ай, кірпігі - Күн, лебізі — самал, озбыр пат-
шаның қабағы -  қырау, жанары - сүңгі, лебізі - үскірік делінеді. 
Мансап -  қолға  ұстаған мұз. Күндердің күнінде еріп ке-
теді. Бұл - халықтың сөзі. Билік жүргізу - атқа мініп жұртқа 
өкім жүргізу мұз тәрізденген суық та салқын бірдеңе болғаны 
ма?! Сөйте тұра,  қайырсыз екенін біле тұра, мансапқа 
жүгіретініміз  қалай? Кім-кім де мансап тізгінін  ұстауға 
құштар.  Қазақта бар сөз: «Жақсы атқа мінсе, жаманды қосшы-
176 
лыққа ертеді. Жаман атқа мінсе, жақсыларды зор етудің орны-
на қор етеді!» «Тұсында әр заманның бір сұрқылтай» дегендегі 
халықтың айтайын дегені әділетсіз әкім  қаралар ғой. Орыстық 
шовинисгік солақай революция жеңіске жетіп, Кеңес үкіметі 
орнағаннан кейін кедей-кепшікке есе-теңдік тиіп, жалшы атау-
лы жаппай атқа мінді. Халықты зар жылатты солар. Кім бай, 
кім текті, кім мұсылман болса, кім өнерлі болса, солардың 
түбіне жетті шала дүмбілездер. «Асыра сілтеу болмасын, аша 
тұяқ қалмасын» саясатын Кеңес үкіметі әлгі шала сауатты ша-
лағайлардың  қолымен жасады. Халық оларды «киіз сөмкелі 
шолақ белсенділер» деп атады. Одан кейінгі жылдарда билікке 
кілең коммунистік партияның  қолғанаттары - комсомолдар 
/күлшелі балалар/ келе бастады. Креслоға солар жайғасты. 
Өзіндік ойы жоқ, пікірі сырдаң, сөзі жаттанды, жоғарыдағы-
лардың нұсқауын бұлжытпай орындаудан әріге бармайтын, та-
қылдағанда таңдайынан шаңы шығатындар  қаптады. Оларды 
халық «партократтар» деп кекеді. Сол партократтар ел эконо-
микасын тұралатып, партия нұсқауын  қасаң күйге  ұшыратты. 
Ақырында өздеріне өздері көр  қазып, құрдымға кетті. 
Бүгінде дербес елміз. Оған дау жоқ. Ілгерілеу басым. Халық 
басшылардан үмітті. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп 
көтермелейді. Дегенмен, бес саусақ бірдей емес. Бәрін бірдей 
күстаналау әділетке жатпайды. Халық шыдамды ғой: «Көш жүре 
түзелер», - деп үміттенеді. Біз де соған тоқтаймыз. Бәрінен де 
кауіптісі - мансапты биік дәреже деп білуі, сол жолда ар-ұятың 
саудаға салу. Оңдай өлермендер халық қамынан да бас  қамына 
құмбыл. Жалған сөйлеп, жұрт көзіне түсіп тыраштану - елім де-
гең есті азаматқа лайық емес.  Қыран болу екінің біріне бұйыр-
майтын қабілет. Сұңқарлық керек бізге.  Қазақ болып қалу үшін, 
ұлттық мүддені баяңды ету үшін, ел мен жерге иелік ету үшін, Ел-
басы белгілеп берген елу елдің қатарына ілігу үшін! Көл  қорыған 
қызғыштар да керек, онсыз  ұлттық намыс ширықпайды. Соны-
мен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынаған саяды: 
«Не жалған, бұл дүниеде, мансап жалған, сол жолда сан-
далғандар сарсаң болған. Айдың да күні бітсе ортаяды, орнын-
да талай көлдің сортаң  қалған. Мансаптың бастауы - ну, соңы 
— тақыр, сандалып шөлде  қалған талай пақыр. Нағыз биік 
дәреже - озғын сана, болашаққа жалғасып ізі жатыр. Мансап 
үшін талайлар досын сатқан, жат ошақтың жалданып отын 
жаққан, шаңырақ пен ошағын саудалаған,  құдайым сақтай 
көрсін сатымсақтан! 
Адамдық ақ жолдан ен таймаңыздар, 
Мансап емес ел қамын ойлаңыздар! 
12-2628 
177 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет