Ізбасар
Ел ертеңіне қызмет көрсететін Алаш азаматы соңына
ізбасарларын ерте біледі. Бүгінде ұлағатты ұстаз бен тәлімді
ағаның ізін басып, үлкеннен алған сабақты санасына сіңіріп,
азамат болуға талаптанған жасты «шәкірт» дейміз. Халық ауыз
толтыра «ізбасар» дейді. Баласына ырымдап «Ізбасар» деп ат
қояды. Ізбасар жас әдепті болуға тиісті. Әдептілік жас адамның
бойына көріп-білуден, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуден
қонады. Киген киім бойға үйлессе, қонымды делінеді. Қонымды
болмаса, олпы-солпысы көрініп тұрады. Жастың көргенінің
бәрі әдептілікке жата бермейді. Әділетсіздікке бастайтын нәрсе
— жаман әдет. Бүгінше айтқанда, ішімдікке үйірлік, шылым тар-
ту, үлкеннің сөзін жүре тыңдау, т.т. «Жақсы әдет - әдеп, жаман
әдет — әлек», «Ауру қалса да, әдет қалмайды»...
Жасынан бейпіл сөйлеуге дағдыланған бала өскенде боқтам-
паз келеді. «Жасыңда қылжың /қылжақ/ болсаң, өскенде мыл-
жың болады» дейді үлкеңдер, «Көргені жаман бергенін айтады»
дегенді тағы ескертеді. Жастарға, өсер жасқа шынайы адами
қасиет көріп білгеннен орныға бастамақ санасына. «Жақсыны
көрмек үшін» дегенде мән жатыр. Көргені жаман көргенсіз ата-
нады. Өсе келе иттікке басады, жаманшылыққа үйір келеді.
Азамат болып шығар ізбасарлар халықтан «көргенді» деген
атақ алуға тиісті. Атақ оңайлықпен беріле салмайды. Жүре-
жүре көсем болуың керек, сөйлей-сөйлей шешен болуың керек.
Көргенді көңіліңе тоқып, жүрекке орнықтыра білуге тиістісің.
Бұл арада көруді халық бейнелі түрде айтып тұр. Оқы, тоқы,
үйрен, ізден, көпке аралас, топқа қосыл, ел аралап жер көр,
ғылымға құлаш ұрып, шартарапқа қанатыңды кең жай дейді.
Әдепсіздік жақсылыққа апармайды, бір қараға ұрындыра-
ды ойсыз жасты. Бара-бара ондай жас «өнегесіз» деген жаман
атқа қалады. Өнегені бала ата-анадан алады, ауыл-аймағынан,
туыс-туғанынан жұқтырады. Көргенсіз бен өнегесіздің кінәсі
әке мен шешеге ауады. Әдепсіз, ыржақай жастың ұшқан ұясы
кінәлі болып шығады. Осыған қоса, әлгі көргенсіз ауыл-айма-
ғына, ағайын-туғанға, мектебіне, ұстазына, керек десеңіз, ұлы-
194
сына, ұлтына кір келтіреді. Нағыз азамат боламын деген
ізбасарлар үйренуден жалықпасын. Үйретуден жалыққан аға
буын, бізге кінә тақсаңыз, түсіністікпен қабыл аламыз.
Саналы жас, көргенді ұл мен қыз өз басының бағасынан да
ата-анасының бетіне шіркеу келтірмеуге тиісті. Екінші кезек-
те, әрине, ұстазына. Көргенсіздік ушыға келе «кір келтіруден»
асып, сүйекке таңба болатын арсыздыққа ұласып кетуі кәдік.
Осы күнгінің жастары шамшыл, кіді болып барады.
Үлкендердің, әке мен шешенің, ағаның өзімсініп айтқан
сөздерін көңіліне ауыр алады. Қарсыласады. Өз бағасының
түскенімен қатар, айналасына жексұрын көрінумен қатар, жа-
қындарына кір келтіргенін есепке алмайды. Ондай жасқа ал-
дымен әке ширығады, шеше шаптығады. Ақсақалдар налиды.
Ашынды сөз шығады түңілістен: «Иттің ғана баласы!», «Тексіз
неме!», «Шыққан жері жаман ғой!»
Міне, байқадыңыз ба, ашынды сөздің сарынын. Көрген-
сіздің түгі де кеткен жоқ. Долыққа ата мен ана күйеді. «Иттің
баласы» дегендегі жазғыру әкеге тиеді. «Шыққан жері»
дегендегі сарындау шешесін кінәлағандық. Сонда көргенсізді
дүниеге әкелген әке мен шешеде нендей қасиет қалады?!
«Тексіз неме» дегендегі мұқату бабаларына кінә артқаны. Енді
несі қалды көргенсіздің?!
Көргенсіз ұл мен қызды шенейміз деп тым асыра сілтеп
жібердік. Оларды жазғырудағы түпкі ой, алдымен, атаң мен
анаңды тыңда, ауыл-аймағыңнан, ұлттық дәстүрің мен салтың-
нан көз жазып қалма деген ұзын ой. Қазақы қасиетіңді санаңа
сіңір, ана тілің мен ата-баба дінін қастер тұт. Өзіміздегі барды
игер, сосын барып өзгенің /басқа елдердің/ өрісін шарла.
Бүгінгі жас бұл сарынды естіп жүр. Намыстылар ширығу-
лы. Алды-артын бағамдауды сіз бен бізден сұрай қоймайды.
Ғаламдану /жер бетіндегі елдердің қауымдастығы/ үрдісі кең
етек жайған кезеңде тар өрісті «ауылдық» ойлау шеңберінен
шығып, жер шарын мекендеген халықтардың жетістігінен
үйреніп, озғын ғылымы мен тұрмыстық артықшылығын кәдеге
асыру, сөз жоқ, қажеттілік. Алайда жаппай шекара асып кету-.
ге бола ма?! Өзіндегі бар да ұқсатып, кәдеге асыратын адам ке-
рек қой. Сонда көргенді жастар көзге түсуге тиісті. Көріп,
білгеніңді жеңіл қалқып, үстірт шолуға елігіп, құрғақ тамаша-
лауға берілсең, онда құрғақ сауық-сайранмен уақытты рәсуа
қыласың. Өзгермелі заманның бет-бейнесі сені /өсер жасты/
түзу жолдан тайдырып жіберуі кәдік.
Бүгінгі заманның «көргенділерінің» шықпаған тауы, ши-
ырламаған соқпағы жоқ. Дүниенің төрт бұрышын адақтап
195
шыққан. Өзге елдердің озғын технологиясын, сауда-саттық-
тағы мәдениетін, тәрбие-тәлімдегі өнегелі жақтарын да
зердесіне тоқыған. Осылай етсе, «көргендіге» не дауымыз бар?!
Алайда ондайлар басқа жұрттардың «озғындығын» /бұл
арада кері тәрбие беретін жақтарын, киносын, музыкасын,
киім-кешегін, отбасылық ерсі әрекеттерін, қыл аяғы жат
елдердің жүріс-тұрыс, сөйлеу мақамына дейін/ дәріптеп, жас-
тарды ождансыздыққа үгіттесе не болғаны?!
Мақсат - тек қана табыс табу, бизнесті алға бастыру деп
білсек ұтыламыз. Сананы реттейтін кім сонда?! «Реттейтін» деп
жасаңдылау сөйлеп кеттік. Бүгінде жастар жалаңаштанып алды.
Сана бос қалған жоқ па өзі?! Бос қалған сананы немен толтыр-
сақ екен? Сұмдықтың көкесі осы! Халық педагогикасында сана-
сыздық оқымағандықтан, көріп, білмегендіктен, надандықтан
шығады деп нұсқайды. Ал бүгінгі заманның саналысы мен
көргендісі кімдер? Оларды «жаңа қазақтар» дей бастадық.
Білімсіген бір саясаткердің аузынан шыққан былжырақ сөз бұл.
«Жаңа қазақтар» нендей артықшылығымен ерекшеленеді?
Компьютердің тілін білгені үшін бе? Бизнесті меңгергені, озық
технологияны игергені, орыс тілін былай қойғанда, ағылшын-
ша сөйлегені, пайдасынан жаңылмағаны үшін бе? Бұл дегендер
- өмір сүрудің амалы ғана. Табыс табуға, бір тиынды екеу ету-
ге жүгіргіштеу - күнкөрістің күйбеңі. Заманға бейімделгенде
тұрған не бар?! «Жаңа қазақтардың» жаңаша қасиетін жоққа
шығармайық. Келешек солардың қолында. Елі мен жерінің,
қазақ даласының байлығы озғын жастардың иелігінде болуға
тиісті. Билік тізгінін ұстайтындар да жас буын. Бұған дау айту
қисынсыз. Бірақ оларды «жаңа қазақтар» деп ерекшелеудің,
даралап көрсетудің еш қисыны жоқ.
Шындығына көшейікші, ат төбеліндей-ақ аз қазақты екіге
бөлгеннен ұтарымыз қайсы? «Жаңа қазақ», «ескі қазақ» деп да-
ралау кімдерге тиімді? Әрине, сырт дұшпандарға. Ертеңгі күні
«жаңа қазақтар» деген атау оқулық бетіне көшіп кетуі кәдік.
Кеңестік құрылыс, коммунистік идеология халықты бай
мен кедей деп тапқа бөлді. Кедейді байға айдап салды. Содан
не шықты?! Енді тағы бір жіктелуді ойлап тауып, қазақтарды
«жаңа қазақ», «ескі қазақ» деп жіктеудің астарында сұмдық
зымияндық жатқанын неге білмейміз?! Жарайды, «жаңа
қазақтар» озғындасын. Нендей ерекшелігімен? Абай айтқан
«адамды заман сүйремек, заманға адам күйлемек» деген
кімдер?! «Жаңа қазақ» па, «ескі қазақ» па?
Өткеннің бәрін ескілік деп біліп, ұлттық құндылықтарды
күресінге лақтырып, шет жұрттардың мәдениеті мен салтына
196
көзсіз еліктеп, рухани құндылықтарды көзге ілмей, тек жыл-
тыраққа әуестеніп, материалдық артықшылықты нағыз өмір
деп біліп, жан тазалығын тәни ластыққа айырбастап, ардан
безу жаңалық болғаны ма?!
«Жаңа қазақ» та, «ескі қазақ» та бір - Қазақ! Қазақты
екіге бөліп, білгішсінгенді әруаққа тапсырамыз. Жарайды, ай-
тылып қалған екен. Нағыз қазақ /«жаңа қазақ» емес/ арлы да
намысқой келсін. Ұлт үшін қызмет етсін. Байлықты сол жолға
жұмсасын. Өздерін бұқара халықтан бөлмесін. Қазақтық
қасиетін жоймасын.
Момындық - табиғат сыйы, адам санасына Алла бұйырт-
қан қасиет. Әкенің қанынан, шешенің сүтінен, Жаратушы
иенің пәрменінен жинақталған ерекшелік. Момын адам
мінезімен сүйкімді. Қылтың-сылтыңы жоқ, сабырлы да ұстам-
ды. Өз ақылы өзінде. Табан жолынан ауытқымайды. Заман
қатыгезденіп, күнкеріс қиындағанда қайтер екен момындар?
Оларды кім көрінген пайдаланып, жуастығына бола құлданып
алмай ма? Ендігі жерде момындық кембағалдық болып шығуы
кәдік. Дегенмен, күдігіміз орынсыз. Жер бетінде бірде-бір
құдай деген момын қалмаған күні күніміз қараң. Адам бойын-
дағы ең ұлы қасиет момындық санадан өшкен соң, неміз қала-
ды?! Тіршілік амалына орайласқан қомағайлар, екіжүзділер,
залымдар мен қараулар қаптап кетсе, онда санада не қалады?!
Біреудің үш ұлы болыпты. Ат қоймапты бұларға сыншыл
әке. Үлкені жүре келе «Момын» атаныпты. Ортаншысы су
жұқпас мінезіне бола «Суайт» атаныпты. Ал кенже ұлы қой
аузынан шөп алмас момындығына бола «Ынжық» атына ие бо-
лыпты. Күндердің күнінде ағайынды үшеу жолаушылап, са-
парға шығады. Бір ауылға ат басын тірейді. Үй иесі «ныспың
кім?» деп сұраса, ағайындылар «атымыз жоқ» деп әкелеріне
аударыпты кінәні. Отағасы үшеуін төріне шығарып, төредей
күтеді. Аттанарда: «Әкелеріңе сәлем айтыңдар менен. «Мыңның
түсін білгенше, бірдің атын білді» ұмытқаны қалай?!» - депті.
Сыншыл әке балаларын әлгі ауылға қайта жібереді. Мына
үшеуіне дұрыстап ат қойып бер сәлем айтыпты.
Ауылдың басиесі «менің малымды бағасыңдар» дейді. Амал-
сыздан келіседі ағайынды үшеу. Момындауы ұмытшақ болып
шығады. Қолындағы қамшысын жоғалтады. Одан алдындағы
малды түстеп тани алмай, соры қайнайды. Суайты ширақтау бо-
лып шығады. Ынжық атанған кішісі ұстағанына тұтқыр болып
шығады. Тілалғыш елгезектігімен және танылады.
Үш айғы сынақтан соң, ауыл ағасы Ынжықты алып қалады
да, Момын мен Суайтты үйіне қайтарады.
197
«Жаңылысыппын, - деп мойындайды әке қателігін. -
«Жақсы сөз - жарым ырыс», Ынжығымнан түбінде бірдеңе шы-
ғатынын білген екен. Қайттым райдан. Ынжығым - Ырысбай
Момыным - Шымырбай, Суайтым - Әділбай деп аталсын'
Бұл мысалдан нені түсінуге болады? Сыншыл әке ұлдары-
ның туабітті мінезіне қарап ат қойған, жүребітті мінезін есепке
алмаған. Содан да оның ынжық баласы тіршілік амалына
орайласып, айтқанды ұғатын, ұстағанына тұтқыр болып шық-
қан. «Суайт» деп айдар тағып, ат қойған баласы шаруақор, ша-
лымды болып шыққан. Момыны табан жолынан таймағаны-
мен, жан сақтауға икемсіз, қолпайсыз екен.
Тіршілік амалының жалтарай-бұлтарайында ерден ауып
қалатын бос көтен болбырлар қайдан шығады? Ата-ана
тәрбиесінің кемшіндігінен бе, әлде қоғамнан ба? Халықтың
алды кең. Ынжық, жуас, болбыр, бозөкпе, ұялшақ балалар өсе
келе ширайды. Шымыркеш болып шығады. Әр жан иесінің
өзіне бұйыратын несібесі болады. Соны бейнетпен теріп жеп
бас пайдасын білген жас жұртта қалмайды. Жуастық та мін.
«Жуастан жуан шығады» деп неге айтқан? Ширасын дегені.
Момындық қой аузынан шөп алмас жуастыққа, ынжықтыққа
ұялшақтыққа ұласып кетсе, өсер жастың міні болып шығады.
Момынға да кешіріммен қараған дана халқымыз. Қойдай жуас
қоңырын тіл-көзден қорғаштап: «Момынның ақысы залымда
кетпейді», - деп тұжырған.
Қазақта әдемі сөз бар: «Қолда өскен түйенің тайлақ аты
қалмайды» - деген. Бұл - өзімсінуден айтылған. Кешегі қол-
дағы бала ғой дегеннен шыққан. Сол бала дана болып шықса
«Жүйріктің сыны ішінде» деп тұспалдар еді үлкендер. Жүре
келе жүрісін түзеп алатын жылқыға балағаны талапты жасты.
Жас адамның бір әдеті - ұялшақтық. Ұялшақтық дағдыға ай-
налса, жігерсіз жасықтыққа душар етеді өсер жасты.Ұяңдық -
бір есептен ұятсыздықтың қалқаны.Ұяңдықтан ада қызда
қылық қалмайды. Қылықсыз бойжеткен қылымсының нақ өзі.
Бүгінгі кіндігін көрсетіп, қалай болса солай ашық-шашық
жүретіндер ұяттан безгендер.
Рас, ұялшақтық - ынжықтықтың, жігерсіз, жасықтықтың
белгісі. Мұндай жас есерсоқ құрбысының дегеніне көніп, әлгі
не десе, соны орындайды. «Шылым тартайық» десе иліге
кетеді. «Арақ ішейік» десе, іше салады. Шегуден де қашпайды
Ұялшақтықтан қайтіп арылуға болады? Алғы жолы - көппен
араласу. Көппен араласудың жөні осы екен деп, бүгінде саңы-
рауқұлақтай қаптап кеткен түнгі клуб, казино секілді жыной-
наққа бой үйрете бастасаң, ұяңдық былай қалып, аз-ақ күнде
198
арсыздың нақ өзі болып шығасың. Көппен араласуды театр-
дан, кітапханадан, мәдени кештерден бастасаң ғана ұтасың.
XXI ғасыр рухани күштердің /идеологиялық майдан/ соқ-
тығысына ұласатын түрі бар. Діндердің тайталасы, өнер
бәсекесі, мәдениеттің додасы бұрынғыдан әрмен өршіп, екпін
алады. Адамзат баласы мына жұмыр жерде қайтсек адам бо-
лып өмір сүреміз деген сұраққа жауап іздейді. Жанталас тірлік
дүниеге ашкөздікті қоздырып, байлыққа құныққандар аз ха-
лықты іштен ірітіп, құлдануға, олар иеленген жері мен елінің
игілігін оңай жерден олжалауға жанын салып, алдап, арбай ба-
стайды. Әзәзіл дұшпан бірінші кезекте қой аузынан шөп алмас
момындарды, ынжықтарды іздеп табады. Діндегі жат ағымға
икемдеп, сені ата-бабаң ұстанған ислам дінінен айырады.
Ашық ауыз аңқаулық сорың болып шығады. Азғырынды
дұшпан санаңды өзге діннің «өсиетімен» улайды. Жабайы
өнері /музыкасы, биі, киносы, секс революциясы/ жан байлы-
ғыңды тонап, рухани мүгедектікке душар етіп, арың мен
ұятыңды жалаңаштап, ұлттық қасиетіңнен айырады.
Жас дос! Артық кетсек кешіргің. Сені ынжық, бос белбеу,
ұялшақ, көрбала, бозөкпе атандырып, талабыңды тұсап,
жігеріңді мұқалтып не қыламыз? Қаупіміз күшті болып тұр
ғой. Сырттан, Батыстан, дамыған Америкадан келіп жеткен
«тобырлық мәдениеттің» дүлей тасқыны аңқау жастарымызды,
момындарымызды есірік қылып, есалаң күйге ұшыратпаса не
қылсын деп қауіп ойлайды ата-ана.
Абай айтқан: «Көп айтса көңді, жұрт айтса болды, әдеті надан
адамның. Бойда — қайрат, ойда — көз. Болмаған соң, айтпа сөз...» —
деп келетін өсиетін тағы да еске салуға тура келеді. Есті азамат
«бойда — қайрат, ойда — көздің» мәнісіне ой жіберсін. Қайрат —
ақыл мен қуатты қосарлаудың нәтижесі. Қайраттану бір сәттік
ширығыстан туа салатын өікінші сезім емес. Ол сенің бойыңда /за-
паста/ жүруге тиісті. Мәшиненің қосалқы күшейікіші /скорость/
тәрізді. Қиналған сәтте іске қосылып, көмекке келсін.
Ал Абайдың «ойда көзін» қалай түсінуге болады? Ойлы жа-
стың ақылы бар. Есті келеді. Он жерден күші тасып жүрсе де,
ойсыз жас өзіндік қана. Бір мықтының шылаушысы /оққағары/
ғана болып шығады.
Ұяңдық қыз балаға жарасады. Ұяттың бетпердесі.
Ұяңдықтан көз жазған жерде ұятсыздық белең алады. Ұялшақ
бала өсе келе ширайды. Кім айтса соны құптап, жаман әдет-
терге бой алдыру — жігерсіздің ісі. Ұстағанына тұтқыр, табан
жолынан таймайтын бір сөзді жас озады. Озадының мәнісі
қиындықты жеңе білетіні, күйректікке салынбай, жігерін
199
ақылға жанып, көткеншектемей, тек алға басатыны. Алға басу
- жақсы әдет. Алғы күндерден үмітін үзбей, адамшылық мақ-
сатты нысаналаса, арманын қамшылай түссе, өсер жас діттеген
түстан әлі-ақ көрінеді. Болмашыға мастанып, кесірлену, не
болса соған кергіп бәлдену - өнікті ісіңді божыратады. Кері
кетуді халық жаман ырымға санайды. Содан да «Ілгері басқан-
нын иті оттайды, кергіме - кері кетеді» деп ашығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |