Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

VIII. М I Н Е З 
Бітім-болмыс 
Мінез — жан-дүние жиынтығы, сезім көрінісі. Рухани сапа-
лы  қасиет. Соған  қоса ішкі дүниенің ажары.  Қуаныш пен шат-
тық,  қайғы-қасірет, жігер мен уыт,  қайсарлық, махаббат пен 
достық, қатігездік пен мейірбандық, бәрі-бәрі — мінез. Жанта-
ну ғылымына сыйдырғанда, мінез — психикалық әрекет. Соны-
мен  қоса, күрделі әрі жұмбақ  құбылыс. Мінездің айнасы — 
қөңіл. Ішкі дүмпу көңіл айнасында көрініс береді.  Құранда ай-
тылады: «Адамның көңілі  қайнаған судан да  құбылмалы 
келеді». 
Мінездің сапалық жиынтығы санаға орнайды, жүрекке 
ұялайды. Ақыл көрігінде шыңдалады. Ой — сезім арқылы 
көңіл кеңістігінде  қанат  қомдайды. Сонда мінездің де  қанаты 
болғаны ма? Мінезсіз адам -  қанатсыз  құс сықылды.  Қиялдап, 
армандамасаң, үміттенбесең, он ойланып, жүз толғанбасаң, 
мақсатқа жете аласың ба? Бейнелеп айтқанда, мінез - кісілік, 
мәрттік, өзгеше сападағы адамгершілік, т.т. 
Жантану ғылымында әр  қилы ерекшелігіне баға беріледі. 
Төрт топқа жіктейді. Бұл — әншейін долбарлау. Санамалап 
кетсек, жүзден асып жығылады, бәлкім, одан да көп шығар. 
Қазақ  ұғымында мінез ерекшелігі әр  қилы жіктеледі. Ашуқор, 
көтерімді, көмпіс, жуас, момын, шырт етпе, тызылдақ, шайпау, 
ынжық, тентек, сабырлы, салмақты,  ұшқалақ, дүлей, т.т. Біздің 
бұл арада айтайын дегеніміз - ата-бабаларымыздың мінезді 
қайтіп саралайтыны.  Қазақ  ұғымында адамдарды мінез 
ерекшелігімен даралағанда: «Ол өзі мінезді жан, соны  қой, 
мінезсіз неме!» — деп пышақпен кескендей екіге бөліп тастай-
ды. Мал екеш малда да мінез болады. Адамды жылқы мінезді 
дейтіні содан. Мінезді адамдар бір сөзді, алған бетінен  қайт-
пайтын өжет, ер көңілді жомарт,  қайсар да табанды келеді. 
Мәселен, тымық күн мен желді күнді алайық. Желсіз тымық 
күн мал мен жанға жайлы. Жүрек соғысын, тыныс алуың бір 
қалыпты, жайлы келеді. Жаңбыр сабаламай бабымен жауады. 
Тыншу күні жауатын жаңбырды «ақ жауын» немесе «ақ жаң-
быр» дейді.  Қар да қапалақтап түсіп жатады жерге. «Ақ мақта-
дай ақ үлпек қар» делінеді. 
Момын, жуас, біртоға,  қақ-соқпен жұмысы жоқ, жан бала-
203 


сының бетіне жел болып тимейтіндер желсіз тымық күндей 
жайлы келеді айналасындағы үлкен-кішіге. Мінезі жұмсақ 
олардың. Момындар осылар. Төмен етектілер ақ жарқын, ақ 
пейіл, сүйкімді атанады. Желсіз тымық күндей,  қойдай  қоңыр 
мінезділер озады екен. 
Алайда, сол желсіз тымық күндердің де жанды-жансызға 
жайсыз келетін тұстары бар. Үнемі тымырсықтанған ауа райы 
адамдарға  қолайсыз. Ауа  ұйытқымаған соң тынысқа ауыр 
тиеді. Жағымсыз иіс-қоңыс  қолқаңды  қауып және кетіреді ма-
заңды. Тымық күні пеш жөндеп тартпайды, отын лаулап жан-
байды. Шаң-тозаң басады айналаны. Ауа ауырлап, сарайыңды 
ашпайды. Малға да жайсыз, шыбын-шіркей буады. Сонда 
желсіз тымық күндердің де жайсыз болғаны ма? Ауа таза бол-
маған соң көкірек сарайың ашылмайды. Денсаулығыңа жай-
сыз тиеді.  Қалада тіптен  қиын. Ауа жетпей демігесің. Желсіз 
күндей тоқмейіл момындар үлесінен  құр  қалып жатады. 
Кейбір жуастар өзім аман болсам болды, өзгеде не жұмысым 
бар деп жұрттан бөлектеніп жүреді. Үнемі өзін бірқалыпты 
ұстайтындар кісікиіктеу келеді. Кейбірі ішімдегіні тап деген-
дей тастүйміштеніп алады. Сөзге жоқ әрі тұйық келгендер 
бара-бара арамдыққа басуы кәдік. Тымырсықтанып іші түтінге 
толып кетуі кәдік. 
Енді желді күнге келелік. Жел бұлттарды айдап әкеледі. 
Қыста боран соғады, жазда нөсер төпелейді. Күшейген жел да-
уылға, долыға  ұласады. Жазда сел жүріп, су тасиды.  Қыста 
тентек желдің әсерінен ат  құлағы көрінбейтін боран соғады. 
Желді күндей ашушаң, бірбет, алған бетінен  қайтпайтын  қай-
сарлар ше? Ортасына жайсыз келеді ондайлар. Өркөкірек, паң. 
Жүрген жеріңде жоқтан ілік шығарып, төбелес ашады. Аузы-
нан боқтық сөз шығады. 
Желді күндердің де жан-жануарға тигізетін пайдасы мол. 
Жаңбыр үдесе, топырақ ылғалды бойына сіңіреді. Шөп 
биіктеп, егін жайқалады. Ауа тазарып, шаң сейіледі. Тынысың 
кеңіп, өмірге деген құштарлығың артады. 
Адамдарды кей жағдайда мінезді немесе мінезсіз деуіміздің 
себеп- салдары табиғат  құбылыстарына байланысты туындап 
жатады. Сөз жоқ, мінезділер кәдімгі  қыстың ақ түтек бора-
нындай, жаздың нөсерлеткен жаңбырындай, долы дауылдай 
ойпаң-тойпаң келеді.  Ұрт мінезділерді халық «Күйдірері де 
бар, сүйдірері де бар» деп аса алыстатпайды өздерінен. Сонда 
қалай, мінезділер кілең ашушаң, тентек, әпербақан, аттанқұ-
мар, айғайшылар болғаны ма?! Мінездіні мінезсізбен салғас-
тырса ғана ерекшелігі байқалады. Әдетте, халық «мінезді» 
204 
дегенді екінің біріне жапсырмаған. Есті тентектерге  қарата 
айтқан. Кәдімгі ер  қанаты - жақсы атта да мінез болады. 
Мінезді жылқы суды сиыршылап марғау ішпейді- Басын судан 
бір-ақ алады. Онысы — уыттылығы. Уытты қылқұйрық мініске 
берік келеді.  Ұзақ жолда белі босап, болдыра  қоймайды. 
Жүрдек келеді, қамшы салдырмайды. 
Ал мінезді азамат /әйелдер - өр, еркек - бағалы/ намыс-
қой келеді. Жігерлі және өздері. Бастаған істі аяқсыз  қалдыру 
ондайларға үлкен мін. Шеттерінен табанды, мәрт келеді. Ас-
тындағы атын жолдасына түсіп беруге бар. Аталы сөзге тоқ-
тайды. Жеңілгенін мойындау оларға тән қасиет. Ел шетіне жау 
келсе атқа бірінші мінетін солар. Дауда да бірге, жауда да бірге 
ел-жұртымен. Мінезділер ашуға да, ақылға да бар. Ездерді, 
жігерсіздерді дамыл-дамыл жұлқылап,  ұйқысынан сергітетін, 
санасын оятатын уытты азаматтар емес пе. Азаматтардың суы 
қайтып, кісіліктен жаңылып, жігері мұқалып, божи бастаған-
да,  ұрпақ тәрбиесі босаңсиды. Бір  қалыптан шыққандай 
«мінезсіздер» пайда болады. Мінезді адамның ашуының өзі 
сені сергітеді. «Ақылды ойланғанша, тентек іс бітіретінін» ха-
лық тегін айтпаған. Не өзіне, не өзгеге жасайтын жақсылығы 
жоқ,  құр ішкенге мәз, жегенге тоқ болып, жақсы мен жаманды 
ажыратпайтын иісалмастарды: «Хайуаннан боғы бөтен 
мінезсіз неме!» — деп жазғырады. 
Мінезсіздіктің жас  ұрпақ тәрбиесіне тигізетін салқыны 
орасан. Мінездің жабылануы /жүнжуі/ жастарды ынжық-
тыққа, өлі сүйек жігерсіздікке соқтырады. Кім көрінгеннің 
қақпақылында кетіп, не болса соған көзсіз еліктейтіндер, 
өзіндік дүниеге көзқарасы  қалыптаспаған жалтақайлар мен 
жайдақтар тәрбиенің босандығынан шығады. Мінезсіздік ын-
жықтықпен, надандықпен тынса, оған да көнесіз. Мүтін бір 
ұлт қара тобыр жайлаған мәңгүрттер отаны болады да шығады. 
Құдай ондайдан сақтасын. Біздер, Алаш жұрты шетімізден 
мінездіміз. Мінезсіз болсақ, ендігі  ұлт болудан  қалар едік. 
Мінез байлығы қожырап, босаңсып кетті десеңіз, оған келісуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет