Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет38/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Мінез байлығы 
Мінез -  қасиет. Адамды бір-бірінен даралайтын да мінез. 
Мінезді бықырып ашыған қымызға баласақ, ақыл — қымыздың 
қоры есепті.  Қоры дұрыс болмаған  қымыз жөндеп ашып, ба-
бына келе  қоймайды. Ақыл-пайымсыз мінез де орнықпайды. 
Тұрлаусыздыққа  ұрындырады.  Қараңыз. Біреулер пәлеқор. 
205 


Арызқой және. Әділетсіздік үшін, шындыққа бола күресіп 
жүрмін деп жар салады. Шатаққа  ұрынып, шырғалаңға тап бо-
лады. Шындықтың ауылын іздеп таба алмай жүрген жанмын 
деп өзеурейді. Оған салса, өзінен басқа бір адам жоқ әділетті 
жақтайтын. Шындыққа бір табан жақындап, әлгі жазған та-
бысқа да жетуі кәдік. Бірінші нөмірлі демократ болады да шы-
ғады. Тобырды еліктіріп, соңынан ерткен әлгі «қайраткер» енді 
«көсемдікке»  ұмтылады. Бара-бара екі сөйлей бастайды. Ал-
дамшы мінезге басады. Абай айтқан: «Арсыз болмай атақ жоқ, 
алдамшы болмай, бақ қайда» — деген амалға басады. 
Мұндай  ұраншыларды өзіміз мінезді деп таңбалаған сортқа 
жатқызбасқа амалымыз жоқ. Сөз де, іс те, ақыл-айла да бар әлгі 
«патриотта». Білік-білімі де жетерлік бір басына. Не  қилы әре-
кетке басып, мың құбылады. Пікіріміз екіұшты болса да мұндай 
құбылғыш баққұмар «отаншылды» мінезділер санатына жатқы-
зуға әсте болмайды. Мінезділік — сүйекке біткен  қасиет. Оның 
бастау көзі әріде.  Қаннан ауысады ұрпақтан ұрпаққа. 
Жаңа айттық, ақыл-мінездің  қоры - «ашытқысы» деп. Де-
мек, мінезділік айрықша сананың, өзгеше  қабілет-қарымның 
көрінісі болғаны ғой. Көрінісі деуден де, жемісі деген орынды. 
Жалпы, мінез байлығы - ақылдың  қорлануының, кісілік пен 
тектіліктің сабақтастығының нәтижесі. 
Мінез  қайтсе молығады? Ол тетік өз  қолыңда. Өзінді бар 
еткің келсе, мінезіңді молықтыр. Мінез сатылмайды, өйткені, 
оған баға жетпейді. Табиғаттың сыйы, Алланың бұйыртқаны. 
Мінезсіздік -  қор адамның  қасиеті, мінезділік - Алла 
биіктеткен зор адамның қасиеті. 
Мінездің жеке адамдарда болатын ерекшелігіне, жалқылы-
ғына аздап тоқталдық. Енді мінездің жалпылығына /ұлттық 
мінезге/ ой жіберіп көрелік. Мынадай сұрақ туады — адамды 
бір үлгіде, бір  қалыпқа түсіріп бірдейлестіруге бола ма? Онда 
адам атаулы кірпіш болып кетпей ме? Кеңестер Одағының хал-
қы бірыңғайлыққа бейімделді. Коммунистік тәрбиеге көндікті, 
нәтижесінде аз  ұлттар тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан алыс-
тады. Сонда мінез  қайда  қалады?! Мінез орнында. Кеңестік 
өмір салтында тәрбиеленген кешегі ізгілікті адамдар кайда 
жүр? Бәрі бірдей жойылып кетпеген шығар.  Құдай сақтасын! 
Аманбыз. Бармыз. Ендігі бет алыс  қай жақ? Батысқа, Амери-
каға түзедік бағытты. Дамыған елдерге сүйеніп, озық техноло-
гиясын меңгереміз. Дәстүр-салтын  ұстанамыз. Жаһандануға 
бейімделіп, жер шарындағы барша халықтармен араласып, 
қоян-қолтықта өмір сүруге дағдыланып, соған көндігеміз, бой-
ұсынамыз. Бұл — жалпылам а  ұран. Десе к те, сананы 
206 
тұрмыс билейді. Тұрмыс түзелмесе, бәрі бос сөз болып шыға-
ды. Ал сонда мінез  қайда  қалады? Оның ішінде  ұлттық мінез?! 
Алдымен соған келейікші, бізде осы ұлттық мінез бар ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет