Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет39/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Елдік ерекшелік 
Ұлттық мінез елдіктен бастау алады. Елміз бе, онда  ұлт 
болғанымыз. Үлкендер баладан жөн сұрағанда «Қай елсің?» 
дейді. Осының астарында терең мағына бар.  Қай атадансың, 
қай рудансың демей, елді ауызға алуының түп төркіні тереңде. 
Елге байланысты мақал-мәтел кемі мыңға барып  қалар. Ежелгі 
әдебиет үлгілері - батырлар жырлары, махаббат дастандары, 
ақындар толғауында «елім» деу, «елім-айлау» молынан.  Қазақ-
тың ескілікті әнұраны «Елім-ай» аталады. Күні бүгінге дейін 
үлкендер «Қайран елім,  қазағым» деп отырады. Байырғы  қара 
өлең үлгілерінде елім деуді тіптен күштейді абыздар. 
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң, 
Кең жайлау құлазиды ел кеткесін. 
Бірге өскен кішкенеден  қарағым-ай, 
Күлермін кіммен ойнап сен кеткесің?! 
Енді елдің баламасына жақын «жұрт»  ұғымы бар. «Қалың 
елім,  қазағым,  қайран жұртым...» деп күңіренбей ме Абай. 
Селдір, шанжау-шанжау  қоныстанған ел емес,  қалың ел және 
қазақ екен өздері. «Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін» деп 
ақын жұртқа салмақ түсіреді. Ал осы жұрт  ұғымын Ыбырай 
Алтынсарин: «Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салдыр-
ған...» — деп келтіреді. Бұған таусылатын не бар, аталуы басқа-
басқа, мағынасы бір-біріне жақын, мағыналас /синоним/ 
сөздер емес пе. Халық атауының сыңары деп те тұжыра салуға 
болады. Осы  ұғымдар неге көнермейді, заманнан заманға 
өткен сайын мағынасы әңейіп, жарқырай түсетіні  қалай? Міне, 
мәселе осында! Бүгінде Президентті «Елбасы» дейміз. Астана 
қаласын «Елорда» деп жүрміз. Гимнді «Әнұран» деп алдық. Ел 
сөзінің  қасиетті екеніне бір мысал осы. Алаштың көсемдері 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов 
«Қазақ елі» дегенді орнықтырып кетті. Алаштың арда күреңі 
дүлдүл ақын Мағжан Жұмабаев: 
...Дариға сол күндерде күнім қараң, 
Қазақ елі — бір ауыз сөзім саған. 
Кінәні жүрекке қой,  қойма маған... -
деп  Қазақ еліне сөз арнады. Тәрбие-тәлімге негіз болған ма-
207 


қал-мәтелдерде елдікті  қастер тұту - даналық өзегі. «Кісі 
елінде сұлтан болғанша, өз еліңде  ұлтан бол». XXI ғасырдың 
кірісінде, жер бетіндегі халықтардың бір-бірімен аралас-құра-
ластығы дендеген тұста елдікке байланысты аманатқа  қалдыр-
ған ата-баба өсиетін  ұрпақ санасына жөргектен сіңірмесек, 
ұтыларымыз айдан анық. 
Түркіменнің ұлы шайыры Мақтымқұлы: 
Бұралқы ит етектен ап үргенше, 
Опасыз дос бір күн ойнап күлгенше. 
Кісі елінде сұлтан болып жүргенше, 
Өз еліңде ұлтан болған көп жақсы, — 
деп өзі өмір сүрген кезеңнің шындығын өлең тілімен әдемі 
жеткізген. Түркімен халқы ақын өмір сүрген кезеңде жат жұрт 
қызылбастармен жауласты, ирандықтардың тепкісіне  ұшыра-
ды. Түркімен жұрты парсылардың дәстүр-салтына еліктеді, со-
ларға ыңғайласты. Дамыған, өркен жайған елдің өнері мен 
әдебиетінен, салтынан үйрену - ежелгі үрдіс. Халық оны: 
«Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс» дейді. Көршілес жұрттардың 
жақсысынан үйрену бір басқа да, жаманнан жирену бір басқа. 
Жаманы не? Сол жат елдің өздеріне тән  ұлттық  қасиеті, 
дәстүрі, діни ғұрпы, тұрмыс-салты өзгелерге өнеге бола ала 
ма? Көп жағдайда кері әсер береді. Әсер беріп  қоймай, бүтін 
ұлттық болмысыңды, мінезіңді жояды.  Ұлттық мінездің жойы-
луы - тіл мен дәстүрдің, елдігіміздің мәнсізденуіне апарып 
соқтырады. Мәнсіздену — елдігіміздің еңсесін түсіреді. Ата-ба-
бамыз ертеден сарындаған: «Кісі баласы кісендесе де тұрмай-
ды, өз балаң өзекке тепсең де кетпейді». Өсер жасқа өз еліңді 
өгейсітпе дегені. «Өз — өлтірмейді, жат - жарылқамайды» деп 
те аңғартқан. Түркімен шайыры «Опасыз дос бір күн ойнап 
күлгенше...» деп нені тұспалдаған? Елін сататындар опасыздар 
дегені. Сатқынның сатқыны — елін сататындар. 
Әйел — тіршіліктің ажары. Жақсы әйелге «сұлу» деген 
анықтаманы бере  қоймайды дуалы ауыздар. Ажарлы екен дей 
салады. Іші мен сырты бірдей дегені. Елін сүюді халқымыз 
әйел затынан да талап еткен.  Қыз жат жұрттық десе де, елдікке 
іргетас әйел деп білген. Әйел — ана,  ұрпақ өрбітуші және 
өздері. Содан да ерінен шеккі көрген /тепкі көрген/ әйелге 
«Ерден кетсең де елден кетпе» деп тоқгам айтады. «Балаларды 
ертіп төркін жұртыңа кетіп қалма» дегенді «елден кетпе» деген 
мағыналы сөзбен аңғартқан. 
Халық - кәнігі  ұстаз. Данагөй педагог.  Ұлт  ұланына сабақ 
бергенде басы артық сөзге бармай, ойын нәштеп жеткізеді. 
208 
Қысқа  қайырады: «Жиен ел болмас, желке ас болмас». 
Жиендерді еркелету  қызды ардақтап сыйлаудан шыққан. 
«Қыздан туғанның қиығы жоқ» деп жиенді жан тартады. Сөйте 
тұра «жиен ел болмас» деп ашығын айтады.  Қыздың бармай-
тын жері жоқ. Жатқа да кетеді. Жиен болғанымен «Жат елдің 
азаматы» он жерден бауырыңа тартқаныңмен саған 
үйірлеспейді дегені. Ата-бабаларымыз өзінің елдігін  қорғаш-
тай отырып, өзге жұрттардың елдік  қасиетін бағалай білген. 
Елдікті  қастер тұту, оны  ұлықтап  ұрпақ санасына жеткізуде 
«мың өліп, мың тірілген». «Ер жігіт ел үшін туады, елі үшін 
өледі», «Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы». 
Ақындар «Туған ел, өскен жер, ыстықсың жаныма» деп шал-
қиды. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан», «Өсер 
елдің  ұланы елжанды келеді, бай болатын ауылдың  ұлдары 
малжанды келеді», «Елге ел келсе - құт, елден ел кетсе — жұт». 
Қазақтар баласына ат  қойғанда да елге жақындатып: 
«Елкелді», «Еламан», «Елдес», «Елгүл», «Елшібай» есімін 
рәсімдеген. Өз елін, өз жұртын емірене сүюде  қазақ халқы 
ешбір халықтан  қалыс  қалмайды. Елдің жиынтық бейнесі -
Отан. Отаны бар азамат бақытты. Отаншылдық,  ұлтжандылық 
мінездің көрінісі. Тұжырғанда елжанды азаматтар мінезді 
келеді. Отбасына омалған ынжықтан мінез шыға ма? Ойпаң-
тойпаңды көп көрген  қазақ халқы  ұлттық мінезінен еш жа-
ңылмаған. Нағыз мінезді халық -  Қазақтар. Жер бетінен  ұлт 
ретінде жойылып кетпеуіміз мінез байлығының молдығынан. 
Мінезіміздің бір көрінісі елжандылығымыз екен.  Қазақ 
атануымыздың түп төркіні  ұлттық ерекшелігімізде жатыр. 
Мінез неден шығады? Өмірге деген  құштарлықтан, атамекенге, 
туған елге, балаға, жарға деген махаббаттан бастау алады. Өмір 
айдынында емін-еркін  құлаштап, жағалауға аман-есен жетуде 
адам пақыр небір  қиыншылыққа тап болады.  Қуғын-сүргін, 
атыс-шабыс, табиғат апаты, бәрі-бәрі ет жүректі пенденің керт 
басынан өтеді. «Елім-айлаған» алмағайып заман ата-бабалары-
мызға оңайға соқпаған. Жауынгер ел екенімізді сырт дұшпанға 
беріспеген өлермен өжеттігімізбен дәлелдеппіз. Тарих беттерін 
парақтағанда соған кезіміз жетеді. Біздің айтайын дегеніміз, 
мінез ерекшелігі. Адам баласының тегі бір. Жер шарындағы 
барша халықтың адами  қасиеті, түр-түсі, мінез-құлқы, бітім-
болмысы, ойлау  қабілеті, сезім толқынысы, арман-аңсары, 
қиялы, барша кейпі бір-бірінен кереғар емес. Бұл ерекшелік 
жұмырбастылардың маймылдан пайда болмағанын, Адам-Ата, 
Хауа-Анадан өрбігенімізді, бір кіндіктен тарағанымызды айғ-
ақтайды. Сөйте тұра адами  қасиетіміз, тіліміз, өмірге деген 
14-2628 
209 


көзқарасымыз бен Алланы танудағы көзқарасымыз, күнкөріс 
күйбеңі мен жан сақтау амалдары әр халықта басқа-басқа. 
Осыдан келіп адамдардың өзіне  т ә н  қасиеті —  Ұлттық 
ерекшелігі дараланады. Даралық, бірінші кезекте, мінезден 
байқалады.  Қазақта оғаштау бұрыс сөз бар: «Атың шықпаса 
жер өрте». Айғай, аттанға үйірлерді кекеткені. Енді бір  қанат-
ты тіркес ауыздан көп шығады: «Аман ердің аты шығады». 
Ата-бабамыздың даңқы немен шыққан? Отбасы, ошақ  қасы, 
ауыл-аймағы, ел-жұртының амандығы үшін: «Жаным - арым-
ның садағасы, малым — жанымның садағасы» деген  қағиданы 
ұстанып, сырт жұрттардың сесін  қайсар да  қайратты, арлы да 
намысты сұсымен басып, елдігін бекемдеп, нығайтуға күш сал-
ған. Арлы да арманшыл, өжет те өлермен бабаларымызды сырт 
дұшпан кекеп, мұқаған.  Қойындасуға бар да, сойылдасуға жоқ 
момын  ұлыстарды билеп-төстеп жаман үйренген озбырлар са-
хара төсін жайлаған,  құйрық-майды шайнаған еркін де ер 
көңілді азат елді  құлдыққа көндіктіре алмай дымы  құрығанда 
мінез ерекшелігімізді мін  қылған. Еркін де ер мінезді азат елді 
қ ұ лды қ қ а көндіктір е алмай амалсыздан бас шай қ аған . 
Көнбейді бұлар жат елдің тепкісіне деп түңілген. Ақымақ дос-
тан ақылды дұшпан артық боп шыққан. «Ә, бұлар ғажап ел!» 
деп танырқаған. Бабаларымыздың табиғатқа жақындығына 
сүйсінген. Жылдың төрт мезгіліне орайласып көшіп-қонып 
жүретін көшпелі жұрттың көш салтанатының өзі көз суырған. 
Басына тіккен үйі, киген киімі, атқа мінісі, тойшылдығы, 
көкпар тартып, жайлауды думанға бөлейтіні,  қыз  ұзатып, келін 
түсіруі, астындағы атын жолдасына түсіп беретін мәрттігі, 
қонақжайлығы, аталы сөзге тоқтайтын бірсөзділігі, даладай 
кеңпейілдігі,  қыздардың күмістің үзбесіндей сүйкімді келетіні, 
еркектердің үнемі ат үстінде жүретін сергектігі — сырт елдің 
назарын аударған, ерлігін мойындатқан. Бәрінен де 
өлгеңдердің басына там соғып, рухын көтермелеп, аруаққа си-
ынатыны, бабаларының кәрі моласына ауық-ауық оралып, сол 
маңды  қоныс ететіні  қайран  қалдырған. Басқыншы жұрттың 
абыздары: «Бұлар — ғажап-ғажап! Ежелгі көк түріктердің 
нәсілі емес пе.  Қанында табиғаттың тазалығы бар», — деп баға-
лаған. Сол «ғажаптанудан»  Қазақ атануымыз бек мүмкін. 
Көк түрік әулетінің ежелгі ерлігін, дұшпанға бас имейтін 
қайсарлығын, көк семсердің жүзіндей өткірлігін, уыттылығын 
айнытпай  қайталаған бабаларымыздың жауынгерлігін, мал 
ашуы жан ашуы деп біліп, көрші елге ауысқан малы үшін май-
дан ашатын содырлығын, атқа мінгенде тіке ақ сауытты батыр-
дай бірінің өзі жүз кісілік болатыны, опасызды орақша ора-
210 
тын, сөзінде тұрмағанды ат  құйрығына байлайтыны, 
жігіттерінің сұлуға көзі түссе, сұңқарша шүйілетіні, төмен 
етектілерінің өзі жауға беріспей, жат  құшаққа енгенді ар 
көріп, жауына кездікше оқталатынын есепке алып: «Ә, бұлар 
шеттерінен кәззап барып тұрған» демей ме. Сол «кәззаптан» 
қ аза қ атанып кетуіміз де ғажап емес. Бұрыс сөзді сырт 
елдердің  е с т і л е р і , ө з г е жұрттың тарихшы білімпаздары 
жұмсартыңқырап: «Олай демеңдер, азаттыққа  құштар, 
еркіндікті ерлікке  ұластырған еркөңіл мәрт шеттерінен. Ежелгі 
бабалары сақтардың  ұрпағы. Солардың сұсы бар кейпінде, на-
ғыз сақтар осылар. Хас-Сак  қой бұлар. Сақтардың өзі болмаса 
да көзі, тұяқ жалғары». Осы бір  қисын көңілге  қонады.  Ұлты-
мыздың түп-тамырын бүгінгі  ұрпаққа, келер нәсілге шыншыл-
дықпен ақ сөйлеп жеткізбесек,  құрғақ білімпаздықпен бос 
ділмәрсу жалғандыққа  ұрыңдырады. Жалған сөз жүрекке ор-
намайды, санаға сіңбейді.  Қазақтың  қайдан шыққаны жөнінде 
айта бермей,  қайтсек  қазақ боп  қаламыз, соны ойлауымыз ке-
рек. Бұл —  құрғақ ақылдымсу емес. Біз,  қазақтар, мінезді ха-
лықпыз.  Қазақ этносының өзгеше ерек  қасиеті мінезінде жа-
тыр. Жоғарыда айтып өттік. Елжандылығымен  қоса жаужүрек 
батыр екен. Бірсөзділігі және басым. Жомарт келеді екен. Бау-
ырмал шеттерінен. 
Жер бетінен  қаншама халық жойылып кетті. Жойылғаны 
емей не — тілінен, дінінен, дәстүрінен айырылса, басқа халық-
тарға сіңісіп кетсе. Осыншама кең байтақ даланы иемденіп, ата 
жұртынан тапжылмай, ауа көшпей, басқыншы жұрттардың 
сығымына шыдас беріп, елдің ерекшелігінен айырылмай, XXI-
ғасырға  Қазақ елі болып аман-есен жетуі — саналы  ұрпақты 
ойландыруға тиісті. Ойлаңдырып  қана  қоймай,  ұлт келешегіне 
қызмет етуге,  қазақтық  қасиетімізді (мінезімізді)  қорғаштап, 
соның түрленіп жетілуіне, толысуына азаматтық ар-ожданы-
мен  қызмет жасауға, керек десеңіз, жанын пида етуге дейін ба-
руы керек-ақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет