Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Рулық бөлініс 
Жүздік  құрылым  қиын-қыстау замандарда алаш жұрты-
ның бірігіп ғұмыр кешуіне  қызмет етті. Ал сол жүздік 
бірлестік аясында рулық  қатынас  қанат жайды. Жүздік 
бөлініс, туыстық айырым, ендігі жерде, мәнінен айырыла бас-
тайды. Көмескіленді бара-бара. Бүгін емес, ертең емес, енді бір 
жүз жылда. Сандаған ғасыр бойында халқымыздың бірлігіне, 
ұлттық ерекшелігімізге, тәлім-тәрбиеге өзек болған рулық 
218 
мектептің де өзіндік дәстүр-тағылымынан үйреніп, үлгі алу — 
бүгінгі жас буынның жан дүниесін байытуға септеседі. Рулық 
қатынас — бірінші кезекте, туыстықты, бауырластықты нығай-
тқан. Содан да «У ішсең — руыңмен» деген мақал сөздік қоры-
мызға енген. Заман  қатал еді. Туыстықтан, рулықтан  қалсаң, 
тіке жойылып жер бетінен өшіп кетесің. Әр рудың басиесі, 
жақсысы мен бақсысы, батыры мен абызы болған. Өскен ата 
балаларының беделі үстем келген. Жауда да, дауда да шоқтығы 
биік тұрған.  Ұлы жүздің бір бұтағы Дулаттан тарайтын Жаныс 
ата балаларын: «Жаныс көп пе,  қамыс көп пе?» — деп  қобы-
райтады. Келекеге жатпайтын көтерме сөз.  Ұрпағы өскен ата-
ны «кіндікті» дейді, «жуан тамыр» деп мойындайды. 
Бірлік болмаса, көп болғаннан не пайда? Көп болғанымен 
бас біріктіріп  ұйымдаса алмаған ру-ұлыстарды сыншыл баба-
ларымыз онша  ұната  қоймаған. Үлкенді тыңдамай,  ұлыққа ба-
ғынбай, бірікпей, жеке-дара күн кешсең — береке-бірліктен 
айырыласың деген аңғарту жатады шайырғал сөздің астында. 
Тарақты әріден келе жатқан  ұлыс. Соған  қарамастан өспеген. 
Өскен-ау, бірақ бастары бірікпей тарап кеткен. Бастары 
бірікпегені дәлелді. Екі болыс тарақтылар Ақмола уезінде, бір 
болыс тарақты Сыр бойында, бір болыс тарақты Семей уезінің 
Абыралы өңірінде ғана орныққан. Өзгелері басқа руларға 
қосылған. «Тарақтысыз ел жоқ» делінетіні содан. Сөйте тұра 
тарақты төре жоқта төре,  қожа жоқта қожа болады дейді. Орта 
жүздің ноқта ағасы деп және ерекшелейді. Ақ  қашып,  қызыл 
қуған жылдарда тарақты ата балалары тіптен шашырады. Ата-
бабаларымыз өзіне тиетін сөзді айтпаған. Бірлігіңді сақтама-
саң, тарақтылар тәрізді тарап кетесің деп меңзеген. Өсер жас-
ты содан сақтандырған. Бертінге дейін басқа атаның ақсақал-
дары: «Тарақты ел емес, ауыл ғой», — деп қалжындар еді. Өзім 
шыққан ру болса да, тарақтылардың бірлігінің болмағанына 
мына бір шежірелік деректі келтіруге тура келеді:  Қыдыр та-
рақтыларына жататын Меңілбайдан шыққан Тұяқ шешен: 
«Тарақты баққан тасбақа баққанмен бірдей», — дейді екен 
(Тасбақа - басы бірікпейтін жәндік). 
Арғынның  Қуандығынан өрбитін Алтайдың бір бұтағы 
Аралбай — Бекшеден Байдалы би шыққан. Байдалы Абылай 
ханның оң тізесін басқан темір жақ шешен. Байдалы би: «Үш 
жүздің басын  қоссам да, отыз үйлі Бекшенің басын біріктіре 
алмадым», — деп налыпты. Бұл — жел сөз емес,  ұрпаққа сабақ 
болатын,  қауымды ынтымақшыл болуға шақырған аңғартпа. 
«У ішсең — руыңмен» деген  ұстаным бағдаршы болған за-
мандарда әр ата  ұрпақтары өз аясында тырбанып тіршілік ет-
219 


кен. Жақсысынан үйренген, бақсысынан жиренген. Үлгі 
тұтып, бас иетін өз  ұлысының игі жақсылары болған. Рудан 
міндетті түрде батыр шығады. Жаугершілікте  қол бастайды. 
Би-шешеңдері бітімшілікке  ұйтқы. Мырзасы мен сараңы,  қуы 
мен сұмы да көзге түседі. Бұған  қоса әр әулеттің өзіндік салты 
мен дәстүрі  қалыптасады. Ру-ұлыстың тұрмыстық күйі, 
күнкөріс тырбанысы  қауымның назарында болады. Неге? Әр 
атаның жақсы әдетінен үйренеді, жаманынан жиренеді бы-
лайғы ағайындар. Бір ата балалары шетінен күйбеңшіл келеді. 
Ұры-қарысы басым аталар да жақсыатты бола алмайды. Со-
ның бәрі мінезге әсер етеді. Әдептілікке жөн сілтейді, әйтпесе, 
көргенсіздіктің  қоздырғышы болып шығады. Сарандық пен 
мырзалық та, асыра шашпа дарақылық та өз жөнімен 
үйлесімді болуға тиісті. Ерсілікке соқтырмасын. Немесе тым 
өршіп кетпесін. Онда ел аузына ілігіп, әйкәпір атанады. 
Қазақтың  ұлттық ерекшелігінің бірі -  қонақжайлық. Бұл 
— дала заңы. Одан жалтарғандар көп аузына ілігіп, жаман аты 
шығады. Билер талқысына түсіп, жазаланады. Ат-шапан айып 
төлеп  құтылады. Осы бір бұлжымайтын үрдістен масылдық 
әдет өршіген,  қыдырмашылар  қаптаған. Ондайлар беймезгілде 
есік  қағады. Тынышыңды алады.  Қыдырмалар бара-бара 
сұраншақ әдет шығарады. Сұраншақтан тілемсектік пайда бо-
лады. Тілемсектік бүгінде де бар. Атам  қазақ орынсыз  қол жа-
ятындарды  ұнатпаған. Олардан сырт айналып: "Алладан сұра-
ғанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шыға-
ды» деп аңғартқан. 
Арғын  ұлысының  Қуандығына жататын Алтайдың кенжесі 
Кенжеқара балаларына мына бір кекесін таңылған: «Кенжеқа-
рамен  құда болсаң, кеш жарығың кенде болмас». Бұл кемсіту 
емес, халықтық тыйым. Орынсыз жерде төске ерлеп, төрге 
тырмысып, үнемі сый-сыбаға дәмету  құдаға да жараспайды. 
Беймезгіл жүрген адам сый қонаққа жатпайды. Төлеңгіттер біз 
де төреміз деп беймезгіл есік  қағады білемін. Содан ел ішінде: 
«Ит үреді балалар шығып  қара, тәлеңгіттер болмасын бұғып 
қара», - делінген сөз шыққан. Әр атаның мінезіндегі 
ерекшелік сол атаның әдетінен көрініс табады. Данышпан 
Абай: «Ел бүлігі тобықты, көп пысыкқа молықты», — деп, өзі 
шыққан атаның, тобықтылардың сойылшыл содыр, барымта-
шы, даугер екендігін тап басады. 
Қазақта «Ит  ұяласынан  қорықпайды» деген кең етектеу 
сөз бар. Рулар арасында аталарын зор тұтып немесе 
төменсітіп, кекеп-мұқаған  қалжың туындап жатады. Сондай 
қалжыңның астарыңда да тәрбиелік мән жатады. Аға баласы 
220 
Үйсіндер мен Арғынның ойнай барымта  қалжыңдарын теріп, 
екшегенге бір кітапқа жуықтайды. Мәндісі де, мәнсізі де бар. 
Аға баласының сыншылдығы басым келмей ме. Аға сөзінің 
парыз-қарызы жоқ.  Ұрғаны еттен өтіп, сүйекке жетпейді. 
Ұрысқаны майдай жағады. Неге десеңіз, олар аға баласы. 
Үлкеннің сөзін, зекіндісін іні кек тұтпайды. Үлкенге, ағаға тоқ-
тау халықтық тәрбиенің басты сабағы. Аға баласының ортаншы 
/Орта жүздің Арғынына/ інісін жақтырмағанда айтып  қалатын 
кекетінді сөзі бар - «Тоңмойын Арғын» деген. Арғындар 
өскен ата.  Қордалы, берекелі, жан-жақты  ұлыстың менмендігі 
болмай тұрмайды. Орталық  Қазақстанды, Сарыарқа төскейін 
мекендеген Арғын  ұлысы ерте замандардан белгілі ғұндардың 
/ақ ғұн/ нәсілі делінеді.  Қазақ елінің бірлігіне үлес  қосқан жа-
уынгер келеді бұл ата  ұландары. Кісілікті келеді жігіттері. 
Кісімшілдігі де бар. Неге тоңмойын атанған? Тоңмойындық 
тәкаппарлықтан, өз айтқаным болсын дейтін бірбеткейліктен 
туындайды. Жаппай емес, Арғын ата балаларында кеуде бар. 
Кеуделі азаматтың өзіндігі болады. Өзіне сенеді. Жеке жорта-
тын көкжалдай тәуекелшіл келеді. Тоңмойындық асқынып 
кетсе, суық бауырлыққа, мейірімсіздікке  ұласып, кісіні адами 
қасиеттен айырады. Ішін ашпайтын сырты сыз адамды кім 
жақсы көреді? Жасыратын не бар, Арқа  қазақтарында салқын 
сабырлылықпен  қабаттаса сызданған суық сұс атойлайды. 
Қайырымсыз деуге де келеді. Бұл неден? Арқаның табиғаты 
қатал: жазы ыстық,  қысы аязды. Сөз жоқ, табиғат амалы адам-
ның болмысына - іші мен сыртына әсер етпей  қоймайды. 
Арқа қазақтарына бір мінез табиғаттан жұққан. 
Екінші бір ықпал - көршілестік әсері. Ортаның амалы. Ре-
сей отаршылдары Арқа  қазақтарына ертеректеу сұғынды. 
Орыстармен араластық-құраластық оқу-тоқуға жол ашқаны-
мен, олардың әдет-дағдысының жағымсыз жақтары ауысты. 
Сол ауысудың салкыны мінезге тиді. Біреуді біреу мұқатқанда 
«орыс мінезді» деп кекейтіні бар. Тоңмойындық «орыс 
мінезділікке» жатады. Керісінше, оңтүстіктің  қазақтары майда 
сөзді, шикі  қаймақтай жұғымды келеді. Сіз-бізі басым. Жаста-
ры үлкенін «көкелеп» тұрады. Шеттерінен діндар. Арқа 
өңірінің жастары аға, көкені «ақсақал» деген  қатқылдау 
екіұшты сөзге ауыстырып алған. «Ақсақал» дегені боқсақал 
дегендей  қатқыл естіледі. Әкесін «папа», шешесін «мама» 
дейді. Әкей, шешей, аға, көке, әже, тәте, апатайды аузына ал-
ғысы жоқ (Дегенмен, әрине, бәрі бірдей емес). Орыс 
мінезділіктің салқыны демеске амалымыз жоқ. 
Рулық  қатынас өзінше бір үлкен оқу орны есепті. Бұл 
221 


мектептің сабағын алғандар қазақи мінезден алыстай  қоймайды. 
Әр рудың өзіндік жан сақтау машығы болған ғой. «Керейден ұл 
туса, ағашқа күн туады», «Қыпшақ  қырланса, жау түсіреді», 
«Арғын айғайласа,  қоңсы үйін жыға бастайды», «Танысаң — 
Адайыңмын, танымасаң -  құдайыңмын», «Наймандар жер та-
нығыш, үйсіндер ел танығыш», «Кіші жүзді ат үстінде көр»... 
Осы танымдық пайымдаудың астарында мінез өзгеше-
ліктері байқалады.  Қазақтық қасиет көрініс береді. 
Рулық ортаны /мектепті/ ендігі жерде /XXI ғасырда/ шо-
ғырлы мекендер - ауыл, аудан,  қала алмастырады. Рулық мек-
теп өз сабағын тоқтатады. Әйтсе де, халықтық педагогиканың 
танымдық үрдісі өз жалғасын таба бермекші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет