тар әлмисақтан іргелі ел болып келеміз. Бұдан былай
күшейеміз, елу елдің қатарына қосылуға бет бұрамыз.
Сонымен, сырт көздің сыншылары /саясаткерлері/
мінезіміздегі босаңдығымызды неге сөз қылады?! Жалтақ
екеніміз өтірік пе? Үнемі басқалардың илеуінде жүргеніміз са-
намызда із қалдырған. Ол нендей із? Бағыныштылық, жайдақ-
тық. Құлдық ұрып, қол қусыру да сол іздің салдары. Жеке
адам жарамсақсып, өзінен зорға жағынса: «Е, ол бір жандай-
шап, жорғалақ», — деп қол сермей саласың. Сол жағымпаздық
халық санасына кеп ұяласа, ұлттық сырқатқа айналып кеткені
ғой. Дүниеде кісіні құнсыз қылып беделден айыратын ғадет -
жалған қолпаш. Мүләйімсу, құлдық ұру, өзінен дәрежесі зор-
ларға өле табыну, алды-артын орағыштап, жалықпай жағыну —
қазақта бар мінез бе? Бұл мінезге жатпайды, бар болғаны ерсі
әдет. Ерсіліктен кейінгі жас буын аулақ жүрсін. Шын сыйлас-
тық — салқын сабыр, ішкі түсіністікпен бекиді. Үнемі сыртын
құбылтып, жалықпайтын жағымпаздыққа берілгендерді қазақ
атамыз «құбыл» деп жазғырады. Құдай сондайдан сақтасын.
Басқа жұрттар бізді неге болсын бейімделгіш, әсіре-
қызылға қ ызы қ қ ыш , еліктегіш деп есептейді. Мұнысы
мінеуден де мақтауға жақын. Бейімделгіштік — ұлттың алғыр-
лығы, санасының саңлақтығы. Әсіреқызылға ауып түсетінін
жоққа шығаруға болмайды. Өзінде жоққа қызығушылық әр
ұлтта бар. Оны балаңдыққа жатқызуға әсте болмайды. Ал
еліктегіш келеді дегені — білмекке құмарлық. Алайда,
еліктеуге көп беріліп кету — өзіндегі бардың қасиетін қашыра-
ды. Ұлттық құндылықтардың әрін кетіріп, бояуын оңдырады.
Еліктеу солықтауға ұласып, көзсіздікке апарып соқтыруы
кәдік. XXI ғасырдың кірісінде Батыстан, Еуропадан, жалпы,
дамыған елдерден келіп жеткен секс революциясы делінетін
жыныстық жанығыстың қоздырғыш күші қазақ жастарын
есірік қылып, ардан бездіріп, тәнін де, жанын да жалаңаштап,
ұлттық бейнеден айырудың аз-ақ алдында. Қыздар мен
келіншектердің жаппай шылым шегуі, тәнін жалаңаштап
жүруі, бейпіл сөйлеуі, үлкенге деген ізеттің, әке мен шешеге
деген құрметтің қожырап, мәнсізденуі, дінге, туған тіліне салқ-
ынсып, басқа діндерге ойысуы, ана тілін құрметтеп, көздің
қарашығындай сақтауға деген ыкыластың бәсеңсуін еліктеудің
салдары десек, қателеспейміз. Көзсіз еліктеу деп осыны айта-
ды. Әсіреқызылға әуестік және оңдырмайды өсер жасты.
Сырт елдерден ауысқан технология, компьютер, электрон-
ды құралдар күнкөрісті жеңілдететін жетістік. Оны игеріп,
тұрмыс қажетіне жарату — өмір талабы. Енді соған /бүтін
224
ақылды құралдарға/ өле беріліп, басқа жастанып жату деген —
өзіңнің адами қасиетіңді, қабілет-қарымыңды ұштаудың орны-
на, жоятынын да бірауық қаперде ұстау керек. Нағыз саналы
жан өзін ақылды темірден жоғары қояды. Оның /компьютердін/
ығында қалғанды ар көреді. Еліктеуді халқымыз «Ақыл —
ауыс, ырыс - жұғыс» деп меңзейді. Көзсіз еліктеуге «Әсіре-
қызыл тез оңар» деп тойтарыс береді.
Сырт елдердің бізге тағатын мінін, көреалмастықпен қара
буралаған дұшпандық пиғылын көңілге алып, мұқалу деген
ата-бабамызда жоқ әдет. Қайта ширығып, өзіндегі барды өзге-
ге көрсетуге күш салады. Дұшпанның күңкіліне «Ит үреді, ке-
руен көшеді» деп уытты жауап қатады.
Достарыңызбен бөлісу: