Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет43/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Өзгелерге көзқарасымыз 
Жат жұрттардың бізге /қазаққа/ берген бағасын аздап 
екшедік. Енді өзгелерге көзқарасымызды байқатайық. 
«Шүршіт» деп хансуларды /қытайларды/ атаса керек. «Қара 
қытай» деп те айтады. «Қара кытай  қаптаса,  қабығың да  қал-
мас» деп ескертеді. Көптігін айтқаны.  Қытайларды  құмырсқа-
дан да көп деп отыратын үлкендер. Мінезіне баға бергенде 
«шүршіт» дейді. Мінезі  қатал, түрі  қатқыл кісіні «Ол өзі бір 
шүршіт кейіпті» деп жатады  қариялар. Шежірелік деректерде 
де бар осы атау. 
Қаракесек ішіндегі Бошанның Машайынан тарайтын 
Кәрсеннің Аралбайынан төртеу туған. Жабағы, Жандыр, 
Көшекбай, Шүршіт деп келеді. Шүршіттің шын есімі  Қонақ-
бай екен. Жеңгелері бір мойындау ұрт мінезіне бола «Шүршіт» 
деп атап кеткен. 
Еңді бір мысал. Екі жүз жылдан аса Алаш жұртымен бірде 
селбесіп, бірде ерегесіп, жауласып келген  қалмақтар  қырыс 
қабақ  қиқар келеді екен.  Қанішер шеттерінен. Бұқар жырау-
дың «Отының болсын жантақтан,  қатының болсын  қалмақтан. 
Тоғыз торап түгел сай, төрінде жатып салмақтан...» деуінде за-
ман шындығы тап басылған.  Қалыңсыз әйел алуды кім жек 
көрген. Ол кезеңде жат жұрттан  қыз алу өнерге саналған. 
Қазақтың хан, сұлтандары мен батырларының шешелері  қал-
мақ  қыздары болып келеді. Ал осы тілі де, діні де бөлек  қал-
мақтардың мінез-кұлқы, әдеті мен салты, дәстүрі бізге сіңді 
ме? Көрші елдерден ауысқан ғұрыпты жоққа шығаруға әсте 
болмайды. Мәселен, күні бүгін «қалмақ ер» деп айтылады. 
Қалмақтардың ер-тұрманы ат арқасына жайлы екен.  Қазақы 
15-2628 
225 


ер,  қалмақы ер,  қырғыз ері деп бөлекшелейді атам қазақ. Атты 
қалмақша  қаңтарудың әдісін үлкендерден үйрендік. Екі атты 
бір-біріне айқастырып  қаңтарады. 
Қалмақтардың  қазақтарға  қаны араласқанымен, жаны 
үйлеспеген. Шешелеріміз күні кешеге дейін әпербақан,  ұрда-
жықтарды «қолаң  қалмақ» дейтін. Тұрпайы,  қолапайсыз 
дегені. Кейбір  қабағы  қырыс, сөзі бұрыстарды «қалмақ бет» 
деп те кекейтініміз бар. Бұған  қарап ата-бабаларымыз көрші 
елдерді  ұнатпаған, жек көрген деген  ұғым тумаса керек. 
«Қытайлардың жібегі» дегенді жыр-дастандардан кезіктіреміз. 
Жібек матасы бар елдің өнерлі екенін мойындаған ғой. Түрік 
тектес өзбек бауырлардың саудаға икемділігі, үнемшілдігі жас 
ұрпаққа үлгі ретінде дәріптеледі. Неге десеңіз, біздер,  қазақтар 
асыра шашпа жомарттыққа, ысырапқа үйірміз. Бұл — 
қасиетіміз әрі кемшілігіміз. Ел аузында жүреді. Кітапқа да ен-
ген.  Қазақ өзбек бауырының үйіне барады. Алдыға ас келеді. 
Жемістің неше түрі самсап тұр дастарқанда.  Қазекең жүзімді 
уыстап ауызға жөнелте бастайды. 
- А, әка, мұны бізде үзім дейді, бір-бірден үзіп жейді, -
дейді ғой үй иесі. Сонда қазақ тұрып: «Бізде мұны жүзім дейді, 
бір жегенде жүзін жейді, — деп көмейлете асаған ғой. 
Көп айтататын бір мәтел бар: «Түрікмен төрін бермес», — 
деген. Көршілес ұлт, қандас бауырымыз түрікмендер үйге қонақ 
келгенде, бала-шағасымен бірге отырады екен сый  қонақты ор-
таға алып. Бұл — олардың  ұлттық дәстүрі.  Қонақты айрықша 
қадірлеп, сыйлаудың үлгісі болып табылады. Бізше, ерсілікке 
жатады. Ауқатты адамдар  қонақты жеке үйге түсірген. Оны 
«қонақ үй» деп атаған.  Қазақ халқы қонақ үйді тұрмысқа алғаш 
енгізуші елдердің  қатарында. Күні кешеге дейін түрмесі болма-
ған қазақ қонаққа арнап жеке үй тіктірген ғой. 
Іргелес орыс жұртымен де сандаған ғасыр бодандықта бол-
дық. Жақсы ғұрпынан үйрендік, жаман әдетінен жирендік. 
Әдебиеті мен өнері, ілім-білімі ауысты  қазақ халқына. Соны-
мен  қабаттаса ерсі дәстүрлері, мінез-құлқындағы одағайлығы, 
суық бауырлығы,  қатыгездігі шіміркендірді ет жүректі.  Қазақ 
елі орыстардың үстемдігіне /отарлап билеп-төстеуінде/ шара-
сыз бойұсына отырып, олардың мінезіндегі солақайлығын 
ұрпағына ескертіп, сақтандыра білген. Рухы мықты  қазақтар 
Ресей отаршыларына бірден илігіп, көндікпеген. Талай-талай 
майдан өткен керт бастан. Бүтін бір ауылды қырып кете берген 
ғой баскесерлер. Ондағысы — рухы асқақ, намысшыл, тағыдай 
тарпаң, асаудай шәлкес халықтың жүрегінің отын алып, әбден 
жасытып алудың амалы еді. Күні кешеге дейін сараң, 
226 
бірмойын, өз айтқаны болмаса басқаға иліге  қоймайтын, ағай-
ын-туысқа суық бауыр адамды «орыс» деп шенейтін еді. 
«Ат орнына тай төлеу» деп жұбатқан ғой  қазақ бірін-бірі. 
Тұңғышы шетінеп кетіп, екінші баласы туғанда «Төлеу» деп 
атаған. Үлкендер сәбиі шетінегенде «Төлеуі тез болсын» деп 
көңіл айтады.  Қазақта Төлеу есімділердің көп болатыны сол 
себептен. Біздің өңірде /Жаңаарқа, Ақадыр атырабында/ 
Төлеу есімділерді бір-бірінен бөле-жара «жорға Төлеу,  қара 
Төлеу, шу жеген Төлеу, орыс Төлеу» деп атайды. Жорға Төлеу 
сөзуар әр нәрсеге епті болатын. Екінші бір Төлеу  құлындаған 
биенің шуын итіме беремін деп таласқан кісәпірлігіне бола жа-
нама атауға ие болған. Ал орыс Төлеу  қолындағысын ешкімге 
бере қоймайтын тік мінезді еді. 
Енді бір мысалға жүгінейік. «Орыс ойына келгенін істейді» 
дегенді әке-шешемізден естідік. Аса мән бере  қоймайтынбыз 
сөз астарына. Кейінде айтылмайтын болды. Орыстың ойына 
келгенін істейтіні  қалай деген сұрақ бала болсақ та 
көкейімізден кетпейтін. Табиғат ананың төлбасы перзенгі да-
лалықтар /қазақ елі/ баладай пәктігінен айнымай келген ғой 
күні кешеге дейін. Арақ-шараптың не екенін білмеген. «Орыс 
ойына келгенін істейді» дегенді самогоншы мұжықтың ішіп ал-
ғандағы есірік халіне  қарата айтқан болса керек. Сөйте тұра 
әке-шешеміз «Орыс түсіңе енсе, ісің оңалады» деп жақсы-
лыққа жоритын. Бұл - орыстардың еңбекқорлығын мойында-
ғаны. «Орыс әділ ғой» дер еді үлкендер. Оның да себебі бар. 
Дала заңы басқаша еді. Билер мен қазылар ердің құнын екі-ақ 
ауыз сөзбен шешіп, даугерлерді бітістіре салатын. Кейінде 
орыс тәртібі ене бастады. Заң-законды енгізді. Ресей отаршы-
ларының «законы» далалық дәстүр-салтты жойды. Даукестікті 
өршітті. Арыз-шағымға үйретті  қазақтарды. Сүттей  ұйыған 
ынтымақшыл жұртты бір-біріне айдап салды. Үлкенге тоқтау, 
әділдікті ата-баба дәстүрінен үйрену деген жайына  қалды. Ша-
ғымданып,  ұлыққа жүгіну өршіді. Орыстың әділдігін жоққа 
шығаруға да болмас. Бірсөзді, мәрт келетіні рас олардың. Жал-
тарай-бұлтарайға көп бара бермейді. Орыс халқының рухани 
демесінін жоққа шығарсақ, әділетсіздік болар. Орыс мәдениеті 
мен әдебиеті, өнері, сөз жоқ,  ұлтымызға жұғысты болды. 
Сөйте тұра  ұлттық мінезімізге нұқсан келтіргенін де мойында-
ған жөн. Орыстардың психологиясын мүтіндей санамызға 
қотарып алмасақ та, орыстанып кеткеніміз мінезімізден байқа-
лып тұрады.  Қазақы мінезден қол үзе бастағанымызды мойын-
дамасқа болмайды. Бүгінгі /XXI ғ./ жастарда  қазақтық мінез 
бар деуге ауыз бармайды. Оларды амалсыздан «қара орыс» 
227 


дейсің. Неге? Ана тілін  ұмытып, орыс тілінде сөйлесе, 
мінезінде орыстық белгілер атойлап тұрса,  ұлттық дәстүрден 
қол үзіп, әдет-дағдысы орыс халқының  ұлттық ерекшелігіне 
бейімделіп, кірігіп кетсе, «қара орыс» болмағанда несі  қалды? 
Орыстанудың мінезімізге келтірген залалын екшегенде, 
басты-бастылары мыналар: Ана тіліміздің  құнарынан айыры-
луы. Сөз саптаудың дөрекілікке  ұласуы.. Тік мінезділік. Өз ай-
тқанынан  қайтпау. Арам асқа үйірлік. Шарап ішуді дәстүрге 
балау. Өсіп-өнуімізге кері әсері. Бала табуды шектеу. Некедегі 
тұрақсыздық.  Ұябұзарлық. Итті  ұстаудағы гигиенаның сақтал-
мауы. Итті төрге шығару. Тарихты бұрмалау. Дәстүр-салтты 
тұншықтыру. Дінді /Исламды/ әлсіретіп, христиандықты са-
наға сіңіру. 
Санап тауыса алмайсың отарлаудың кері әсерін. Ком-
мунистік идеологияның салқыны десек те, шовинистік саясат 
/орыстық саясат/  қазақ  ұлтын орыстандыруды, мінезінен айы-
руды асқан ептілікпен шебер өрістетті. «Түрі  ұлттық, мазмұны 
социалистік» деген тезисті бетке  ұстап, дәстүрдің тозығын 
серпіп тастап, озық дәстүрге икемдеді мүтін  қазақ  ұлтын. 
«Советтік өмір салты» делінді дәстүр жиынтығы. Киім кию, 
жүріс-тұрыс, сөз саптау, сәлемдесу, түрлі рәсімдер тек  қана 
орыстық тәртіппен жүзеге асты. Толып жатқан  ұлттық кәде-
жоралғы коммунистік өмір салтының тасасында  қалды. 
Қысқасы,  қазақтардың психологиясы бүлінген. Мінезі 
ұлттық ерекшелігінен айырылып  қалуға жақындаған. Өзгеріп 
те кеткен.  Қалалық  қазақтар соларға жатады. Жаппай емес, 
әрине. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет