Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет48/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Ата мен әже 
Ата  ұғымы көп мағыналы. Ата-баба дегенде жеті атаны 
меңзегені. Бұрынғы өткен бабалар атаға жатады. «Атамыз 
Алаш, керегеміз ағаш» дейді тегін білетін  ұлтжанды азамат. 
«Атадан жақсы  ұл туса, елінің  қамын жейді. Атадан жаман  ұл 
туса, елінің малын жейді», «Жеті атасын білген  ұл жеті 
жұрттың  қамын жер. Өзін ғана білген  ұл  құлағы мен жағын 
жер», «Текті атаның баласы теңдікке тұрса да, кемдікке 
көнбейді». Атаның екінші бір мағынасы әке дегенге келеді. 
251 


Абай: «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім 
жоқ», — дегенде әкесі  Құнанбайды айтқаны.  Құнанбай төрт 
әйел алған. Алты баласы болған. Абай  Ұлжаннан туған. Бір 
анадан төртеу. 
Қайын жұрттың (келіншегіңнің туыстары) үлкендері де 
«ата» делінеді.  Қайын ата,  қайын ене деген атау соған 
келеді. Біздің айтайын дегеніміз, әкенің әкесі.  Қазақ 
үлкенін (шалды, ақсақалды) ата, ақке, көке деп атаған. Шал 
дегенді ерсі көрген. Бүгінде «ақсақал» деген жалпылама сөз 
жастардың аузында жүр. Оған да шүкір дейміз, «әй, шал» 
демесе болғаны. Үлкен әке — жанұяның бас иесі. «Атасыз 
ұл — жетесіз  ұл», «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон 
пішеді» деген мақалды үлкен әке мен шешеге  қарата айтқан 
ғой  қазақ. 
Атасыз өскен  ұл, әжесіз өскен  қыз әдепсіз келеді десек, 
күпірлік болар еді. Өмірлік тәжірибесі бар үлкен әке мен 
үлкен шешенің алдына отырған, тәлім-тәрбиесін көрген бала-
ның өзгелерден бір сабағы артық болады.  Қайткенде де ата мен 
әже немересін жаман болсын демейді. Әдептілік сабағын 
жөргегінен сіңіреді немерелеріне. 
Дау айтуыңыз мүмкін: «Атам арақ ішеді, әжем сәнқой», — 
деп. Өнегелі жас әке-шешесі тұрмақ, атасы мен әжесіне ықпал 
ете алады. Керек десеңіз, нағыз саналы өспірім үлкендерді 
аузына 
қаратады. 
Қ ам қ орш ы болады, артық-ауыс 
кемшіліктеріне кешіріммен қарайды. «Асыл — тастан, ақыл — 
жастан» дегенді ағамыз қазақ бекер айтпаған. 
Бүгінгі бала ертең-ақ есейеді, ел көріп, жер таниды. Сонда 
ол әке мен шешеден, ата мен әжеден алған тәлімін, өнегесін 
жанына азық етіп, көргенді азамат болып  қалыптасады. Бара-
бара елінің елеулісі, халқының  қалаулысы болып шығады. 
Мұндай озғындық — немересінің ертерек есеюіне жағдай жаса-
ған ата мен әженің ықпалы. Кейде олай болмай шығады. 
Өсірген ұл мен қыз өз қолы өз аузына жеткен соң «сені қайдан 
көрдім?» деп теріс айналуы мүмкін. Суықсып алады әрі-
беріден соң. Ондайлар үлкен әке мен шешені  қарттар үйіне 
апарып тапсыруға  құмбыл. Өз әке-шешесін де жетістіре  қой-
майды. Сонда  қамкөңіл ата-ана: «Ұлдың өзі болғандай, 
келіннің өзі түскендей», — деп емеуріндейді.  Қарғыс емес, 
кекесінге де жатпайды. Аңғара білгенге ой саларлық тәмсіл. 
Өзімшілдігі асқынған  ұл мен  қызға әке-шеше пікірін  қатайта 
түседі. «Өзі болған  қыз төркінін танымас» деп кейіс білдіреді. 
Жас өседі, жарлы байиды. Өмір озады, адам тозады.  Ұл мен 
қызға да кәрілік келеді. Бағы  қайтып, базары тарқайды. Соңда 
252 
олардың да балаға  қарап  қалады.  Қазақтан сөз артылмайды: 
«Балаға  қарадың - далаға  қарадың», - деп түңіледі. Тіптен 
кекірейіп, ата-анасын көзге ілмей кетсе: «Атаңа не қылсаң, ал-
дыңа сол келеді», — деп нықыртады. 
Ата мен әже әулеттің, бір шаңырақтың батагөй ақсақалы. 
Немере мен шөберенің тілекшісі. «Атасы бардың нақылы мо-
лығады, әжесі бардың ақылы молығады», «Атасы бардың сөзі 
мәйекті келеді, әжесі бар  ұлан әдепті келеді», «Ата —  қорған, 
әже — орман»... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет