Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет49/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Кемпір-шал 
Жастық — жалын, кәрілік —  қоламта.  Қоламтаны  қанша 
үрлесең да лаулап кетпейді, сартап болып жатып алады. Тұтана 
қоймайды. Шал-шауқанды есептен шығарып тастамайды. 
Атам қазақ ондай мейірімсіздікке әсте бармаған. Дұрыс қартая 
білген де тектілік белгісі.  Қарттық - дәреже. Сүйегі асыл, 
қарттыққа жеңдіре  қоймайтын, білім-білігі өмір тәжірибесімен 
ұштасқан  қарияны: «Тайлақтан артық нар болады, жігіттен ар-
тық шал болады», — деп көтермелеген. 
Табиғат заңына, Алланың әміріне шара жоқ. Уақыт өз 
дегенін болдырады. Заманында жігіттің серісі мен перісі атан -
ғандар да қалтақ шалға айналады. Жас күнінде етегімен көл 
шайқаған керімдер бетін әжім сызықтары айғыздаған кемпір 
атанады. Жақсы  қартаю - бір мерей. Саушылығы мығым, жағ-
дайы жақсы болса, әркім-ақ қырын сындырғысы жоқ. Заман — 
бұрқақ, қыз бен келін — жыртақ, бала мен немере — бұлтақ бо-
лып шықса, сордың жеңгені ғой («Бұлтақ» деген сөздің мағы-
насы тұрлаусыз, берекесіз дегенге саяды). 
Қартая білу де  қайсарлыққа жатады.  Қазақ  қариялары 
бойдан  қуат кете бастағанда, көпшілік назарынан аулақтап, 
үйден  ұзап шықпаған. Дүние сөзінен тыйылып, жайнамазға 
жығылған. Мал көзеген бай-бай шал атанып,  қадір-қасиетін 
кетірмеген. Мұны тектілік дейміз. 
Халықтан өткен сыншы жоқ. «Аюдың алжығаны тасқа 
шығып кетеді» деп емеуріндейді  қадір-қасиетін сақтамаған 
кәріге. Не болса соған араласып, жастармен жағаласа берсе, 
ондай қарт «алжыған» атанады. Келін мен балаға тоқтамай, дау 
қуып, бәлеқор атанса, шарап ішіп шатаққа басса, ескі әдетін 
тастамай  қыз-қырқынға  ұрынса, ондай дәйексізді «шайтан 
шал» деп кекейді аузы жеңіл жастар. 
Кәрілік әйел адамға үлкен сын. Бір кездегі ай қабақ, алтын 
кірпіктер шандыр бет кемпірге айналады. Әдетте, үлкендер 
253 


«кемпір демеңдер, әже, апа деңдер» деп жастарға  қатты 
ескертеді. «Кемпірі бар үйдің кәпірі бар» деген  қырыс сөз де 
айтыдып  қалады. Тегіннен шықпаған. Жүрегінде аналық 
мейірімі аз,  ұл мен  қызына сүйкімсіз, келініне тынышсыздар 
одан да зорғысы — «мыстан», «қақпас» атанған. Нағыз 
жүрегіне мейірім тұнған, пейілі кең кейуананы немерелері «Ақ 
әже» деп қастер тұтады. Аялайды, ардақтайды. 
Үлкенді сыйлау — халқымыздың  ұлттық қасиетіне жатады. 
«Үлкені бар ауылдың иманы бар» деген  қанатты сөз тегін ай-
тылмаған. Өкініштісі, бүгінгінің қарттары қадірсіз болып бара-
ды. Өтпелі кезеңнің салқыны тиді десек те, ата мен әженің 
беделінің күрт төмендеуі олардың өздеріне байланысты. Кінәлі 
өздері. Үлкендік жоқ көбісінде. Ішетіні арақ, тартатыны 
темекі, айтатыны өсек болса, ондай  қарияда  қасиет болушы ма 
еді? Шал мен кемпірдің қадірінің қашуына тағы бір себепкер — 
ақымақ бала мен мекер келін, тас жүрек туысқан, тәрбиесіз 
жастар. 
Аталар мен әжелер ақылдың кені іспетті. Мұхаммед пай-
ғамбардың хадистерінде де айтылған. «Жасы үлкендермен 
сұхбаттасып, ғұламалардан ақыл сұрап, халықпен араласып 
тұрыңдар». Халықта үлкендікке байланысты нақыл же-
терлік. Ащысы да, ойлысы да бар. «Бөрі кәрісін жұлмалар», 
«Әкең  қартайса  құл жалдама», «Тарланды  қойға мінбес бо-
лар»... 
Ақындар  қарттарды көп жырлайды. Жас  ұрпақты мейірім-
ді болуға шақырады: 
Ардагер көнекөздер көп жасаған, 
Жаныңа одан жақын болмас адам. 
Жаңылыс жардан озбай жаяуласаң, 
Жүйрігін түсіп беріп жолға салған. 
Жүреді ізбасарын карағымдап, 
Береді болар ұлға бағаны нақ. 
Батагөй қара шалдар, дана шалдар, 
Тілеген мәңгі ғұмыр саған ұзақ. 
Суын тап қалтақ шал деп айта көрме, 
Таптырмас ақылшы ғой жайсаң ерге. 
Тарланды қойға мінбес есті бала, 
Бабын тап кәрі бозды салсаң өрге. 
Опасыз пәни жалған бір-ақ күндік, 
Кәрілік әлі-ақ жетер саған сырғып. 
254 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет