Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Әке мен шеше 
«Әке — асқар тау, шеше — ағын су». Түсіндіруді  қажет 
етпейді. 
Ана сүтін ақтау  қиынға соғады перзентіне. Ананың  қақ 
өзегін жарып шығасың. Шеше әкеден гөрі жұмсақтау келеді. 
«Әке  қарғысы — ақ, ана  қарғысы — боқ» дейді  қазақ. Әке 
қаталдау болуға тиісті. Көңіл жықпас жігерсіз әкенің баласы 
ынжық, босбелбеу, кержалқау келеді. Ел шетіне жау келгенде 
жарға бұғатын  қоянжүрек әйеншектер босаң тәрбиенің салда-
рынан болады. 
Аңызға  құлақ түрейік. Бір жігіт қажылық сапарға аттануға 
ниет етіпті. Сөйтіп, Меккені бетке алып жолға шығады. Жолай 
алдынан бір әулие кезігеді. Әулие жігітке «Үйіңде әкең мен 
анаң бар ма?» деп сұрайды. «Бар болса, соларды  қалған ғұмы-
рыңда ренжітпе, барыңды ауыздарына тос,  қас-қабағына  қара. 
Сонда сен Меккеге барғанмен бірдей сауапқа ие боласың. Ал-
ланың жақсылығына кезігесің» дейді әулие. 
Тағы бір аңызда былай делінген: Ертеде бір адам өлерінде 
қатты  қиналыпты. Жаны шықпай  қояды. Сонда осыны көріп 
тұрған тақуа: «Бұның анасы тірі ме? Тірі болса, соған барып, 
баласының жағдайын айтыңдар» дейді. Жігіттің жақындары 
әлгінің анасына баласының жағдайын білдіреді.  Қатыгез  ұлы-
нан әбден түңілген шеше «оған сол керек» деп  қайырылмай 
қояды. Кешірім жасаңыз дегендердің өтінішіне илікпейді. 
Елдің игі жақсылары анасының алдына жиналып барады. 
«Ата-анадан  қарғыс алған дозақыны тірідей өртейміз деп жа-
тыр» дейді. Сонда анасы селк етіп шошып кетіпті. «Отқа жақ-
қан деген не сұмдық?! Кештім, кештім! Ішімнен шыққан 
шұбар жылан ғой» деген екен. Осы кешу сөз анасының аузы-
нан шыққан бетте жаны шықпай  қиналып жатқан жігіт созы-
лып жүре беріпті. 
Пайғамбар хадисінде: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да 
анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса», - делінген. Бір 
қыршын жиһад соғысына тіленеді. Сонда  қолбасы одан: «Ата-
анаңнан рұқсат алдың ба?» — деп сұрапты. Жігіт ата-анасының 
пәтуасын алмай, өз еркімен келгенін айтады. Сонда көпті 
көрген  қөлбасшы: «Ертеңгі күні соғыста  қаза тапсаң, итжеме-
де атаусыз өлесің. Шейіт кеткенге саналмайсың. Алдымен әке-
шешеңнің рұқсатын алып кел», — деп кері қайтарған екен. 
Біле-білгенге ата-ананың жолы ауыр. Атаның күші мен 
ананың сүтін ақтау әрбір саналы жастың басты парызы болуға 
тиіс. 
255 


Ертеде бір адамның көеп жасаған анасы болыпты. Бәлкім, 
жүзде, бәлкім, одан да көп жасаған. Кейуананың келіні жай-
сыздау болса керек. Ері  ұзақ жолға жиналып жатқанда, әйелі: 
«Сен болсаң ұзақ уақытқа кеткелі жатырсың.  Қашан ораларың 
белгісіз. Өзің жоқта анаң олай-былай болып жүрсе, менен 
көрме», - деп арылады. Ері: «Саған қиын тиетінін білемін. Көп 
жасаған адам ғой, өкпені майға  қуырып бере бер. Өзі де көпке 
ұзамас», - дейді. Әлгі азамат апта жүріп, ай жүріп үйіне орал-
са, шешесінің түгі кетпепті. Аппақ борықтай болып оңалып 
алған екен дейді. 
Шариғат бойынша, әкесі баласын өлтірсе,  қатыгез әкенің 
дәм-тұзы таусылып, о дүниеге аттанғанда жаназасын шығаруға 
болады. Ал бала әкесін өлтірсе, ондай адам жүзге келіп өлсе 
де, жаназасы шығарылмай, о дүниеге кәпір өлімінде кетеді 
делінеді.  Құранда солай жазылған. Әкесін өлімге  қиған 
қанышердің екі дүниеде жүзі жарық болмайды екен. Олай бол-
са, мына бір өлең жолдарын қаперде ұстайық: 
Ағын су, асқар тау ғой ата-анаң, 
Ардақтап сыйлағайсың болса санаң. 
Көзге ілмей әкесін де, шешесін де, 
Жүреді кекіректеп кейбір надан. 
Сен өзі қайдан шықтың болған мырза, 
Шүпілдеп кенересі толған мырза. 
Есті айғыр енесіне оқыранбас, 
Масайған не біледі жалған пұлға?! 
Қайсарлық жарасады жас балаға, 
Аралас ғұмыр майдан бақ сына да. 
Ұмытып ата-анаңды кетпегейсің, 
Атанба әлім-перім бақсы бала. 
Алмасаң әке-шешең ақ батасын, 
Ғұмырда жанбай бағың бос лағасың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет