Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Мұңлық 
Әйел заты 
Халқымыз астарлап, майдалап сөйлеуге шебер.  Қызды 
«мұңлық» дейді. «Бойжеткен» деп және айтады.  Қыз — 
дүниенің ажары мен базары. «Қыз кеткен соң ауылдан  қызық 
кетер» деп әндетпей ме бозбала. «Қызға кім сөз салмайды, 
қымызды кім ішпейді» дей тұра, атам  қазақ сұлуын жатқа 
қимаған ғой. 
«Жақсыны жатқа  қимас болар» деп емеуріндегенде айтпағы 
сол.  Қыз — намыстың жиынтығы. Намысты  қыз арлы келеді. 
Жыртақайлыққа салынбайды. Мұңға бейім тұрады. Мұндық 
дейтініміз содан  қызды. Ақындар бойжеткенді гүлге теңейді. 
Гүл аз күндік  қана. Ғұмыры  қысқа.  Қыздың гүл ғұмырлы бола-
тыны, ата-ана бауырыңда бұлғақтап  ұзақ жүре алмайды. Таби-
ғат заңы  қатал. Гүлдеп тұрған дер шағында жігіт назарына 
түспесе, гүлдей солып қалады. Бұрынғының қыздары: 
Ай көрінер ақ үйдің мандайынан, 
Берген қантың кетпейді-ау таңдайымнан, 
Бұлғақтаған біреудің еркесі едім, 
Кез  қыласың жігіттің  қандайына? -
деп армандаған ғой. 
Халық ұғымында «кәрі  қыз» деген сөз  ұнамсыздау шалына-
ды  құлаққа. «Отырған  қыз орнын табар» деп жұбатады ата-ана 
бір-бірін. Өзін  ұстай білген, намысын жігітке таптатпаған  қыз 
ғана отырып  қалады. Ондайлар сирек. Атам  қазақ қызды  құтты 
жеріне  қондыруға асыққан. Ескілікті сөз бар: «Өлікті жөнелту-
ге,  қызды  ұзатуға асық», — деген. Неге асығады? Үйде жүре 
тұрса  қайтеді?  Қазіргі жағдай соған барды. Жастарға үкімет та-
рапынан  қамқорлық керек. Билік тізгінін  ұстағандар жастар 
қалашығын тұрғызсын. Кәсіпке бейімдесін. Үлттық дәстүрді на-
сихаттасын.  Қыз —  ұлтымыздың намысы, махаббаттың алтын 
құсы. Бүгінде жастар «махаббат жоқ» дегенді шығарды. 
Көрінген әумесерден алданған  қыз бейбақ махаббат жоқ деме-
генде не десін?! Заманның азуынан ба? Тәнін саудалағандар 
шығып жатыр. «Арыңды жастан сақта» деген ғой халқымыз. 
«Қызға қырық үйден тыйымды» атам  қазақ тегін айтпаған. 
260 
Қыз дей отыра әйелді тілге тиек етуімізде түбірлі себеп 
бар. «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман  қатын  қайдан шығады-
ны» айтқан біз емес, халықтан шыққан сөз. Кім әлпештеген 
қызын жаман болсын дейді?! «О, шіркін, жақсы  ұрғашы, сүт 
бетінде  қаймақтай, екі дүниенің тұтқасы. О, шіркін, жаман 
ұрғашы,  қабаған  қара иттейін, көлденең жолда тұрмашы. Екі 
дүниені былғашы» дегенді ділмарлар тегін айтпаған. Әйелді 
бейнелеп «ақ жаулық» деп айтады. «Бірінші байлық — денсау-
лық, екінші байлық — ақ жаулық». Діни аңызда әйел еркектің 
қабырғасынан жаратылғаны айтылады. Содан да «алтын басты 
әйелден бақыр басты еркек артық» делінеді. «Бір әйелдің ама-
лы  қырық есекке жүк» дегенді тағы  қосарлайды. Соған  қара-
ғанда әйел заты осал емес. Әйелді «қатын» деп те атаймыз. 
Қазақ халқы сөздің үндестігіне, әуезділігіне  қатты мән берген 
ғой. Бабаларымыз сұлу сөйлеген. Өзбек ағайындар «қатын-
қыздар» дегенге салмақ түсірсе,  қазақтар әйел дегенді көбірек 
ауызға алады. «Қатын дей беретінің не,  қатып  қалғыр» деп 
ұзын шаштылар дөрекі сөйлейтін еркекті тыйып тастайды. Де-
сек те, мақал-мәтелдердің дені  қатын сөзіне  қарата айтылады. 
«Қатын алма,  қайын ал», «Қатын өлді,  қамшының сабы сын-
ды», «Бақпаса мал кетеді,  қарамаса  қатын кетеді», «Жалғыз бо-
лар жігітке бедеу  қатын кезігер», «Қатын ашуланса,  қазан  қай-
натар», «Кіші  қатын — кісі  қатыны», «Байдың атын қатын шы-
ғарады,  қатынның атын жетім шығарады», «Жаман ерден жай-
дағым жақсы, жаман  қатыннан бойдағым жақсы», «Айлас 
қатын — мұңдас», «Қатын өтірік айтпайды,  қағыс естиді», 
«Ағайынға  қадірім жоқ, бетімді көреді.  Қатынға  қадірім жоқ, 
етімді көреді», «Жақсы атын мақтар, жаман  қатынын мақтар», 
«Қатын бастаған көш оңбас»... Сонда әйел заты атқа мінбеу 
керек пе? Билік тізгінін  ұстауына болмай ма? Төмен 
етектілерді тым тұқыртатыны  қалай? «Әйелдің шашы  ұзын, 
ақылы  қысқа» дегенді тағы айтады. Халық айтса,  қалт айтпай-
ды. Сандаған ғасырды артқа тастап,  ұлт болып  ұйысып, халық 
болып  қалыптасқан  Қазақ елі  қайсарлықты дұшпанына  қан-
жар ретінде жұмсаған.  Қанша дегенмен, әйел заты жұмсақ 
келеді. Табиғатына жат  қатыгездік. Онсыз да жүгі ауыр.  Қақ 
өзегін жарып бала табады. Еркекке жар болады. Енді оларға 
атқа мін, билікке аралас деу - әйелге жасалған  қиянат. Төмен 
етектілерді мансапқа дәніктіріп, ел билігіне араластыру -
бүгінше айтқанда оларды әйелдік  құқықтан айыру болып та-
былады.  Қазақ атамыз соны жақсы білген. Бір кездері дәуірлеп 
261 


жарты әлемді уысында  ұстаған түрік  қағанаты билікке  ұзын 
шаштылардың араласуынан ыдыраған. Көршілес елдер сұлула-
рын түрік  қағандарына  ұзатқан. Сол сұлулар  қойындасқан 
қосағына айтқанын істетіп, ел билеген сұлтанды бұрыс жолға 
салып жіберген. Содан барып  қағандардың беделі түскен. 
Беделсіз билеуші халықты тура жолға бастай ала ма? 
Орыс шовинистері, коммунистер аралас некені  құптағаны 
мәлім. Кім орыстан  қатын алса, кеңестік биліктің оң көзіне 
ілікті.  Қызмет бабыңда өсті. Бүгінде азаматтық неке күш алды. 
«Әкесі өлгенді де естіртеді», бұл дегенің бірін ал да, бірін таста 
дегендік емес пе өзі?! Сонда некедегі тұрақсыздыққа 
көпекөрінеу жол ашқанымыз ба? 
Гендерлік саясаттан да хабарыңыз бар. Батыс әлемінде, 
Еуропа елдерінде бұл саясат заң жүзінде бекітіліп, жүзеге асы-
рыла бастады. Әйел мен еркектің ара салмағын теңестіріп, ке-
рек десеңіз, әйелді алга шығару саясаты жаппай етек алып ба-
рады. Адам  құқығын шектемеу дегенді желеу етіп, демократия 
жалауын желбіреткен батыс саясаткерлері төсек еркіндігін 
билікке келген әйелдердің құптауымен жүзеге асырмақшы. 
Еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің некелесуі, шешесінің 
ұлына  қойынын ашуы, жыныстық еркіндіктің ашық дәріптелуі 
Еуропа мемлекеттерінде (Норвегия, Дания, Швеция, Голлан-
дия) заңдастырылып та  қойылған. Хайуандық нәпсіні дәріптеу 
—  құмарлықты  қоздырып  қана  қоймай, адамзат баласын аз-
ғыңдыққа итермелеп, ақпарат тасқыны арқылы бізге де келіп 
жетті. 
Тарихтан белгілі бір жымысқы тәсіл бар: «Елін жаулап 
аламын десең, әйелдерін азғындат». Осындай көзқарасты 
көздеген дұшпандық есіктен сығалай бастады. Төрге озудың 
аз-ақ алдында. Жасыратыны жоқ,  қазақ азаматтары болбыр 
тартып барады.  Қалтаны ойлау, бас  қамынан артылмау, жал -
ған атақ пен мансапқа бола діні мен ділі, тілін, керек десеңіз, 
Отанын да сатып жіберуге бар «жаңа қазақтар»  ұлттық құнды-
лықтарды көзге ілмей, жаңашыл болғансып, Батыс 
мәдениетіне көзсіз еліктеп, өзінің  қазақ екенін  ұмытып, 
космополиттік пиғылын ашық мәлімдеп,  ұлтына жау болудың 
аз-ақ алдында. Ата-бабамыздан  қалған асыл жәдігерлеріміздің 
(ұлттық киім, тұрмыстық бұйымдар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 
қазақи мінез, әдебиет пен өнер) ығыстырылып, мұражайдан 
табылып сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысына дейін батыстық үлгіні 
көшіріп алған «дамыған  қазақтар» ертеңгі ел билігіне араласа-
тын,  ұлтын  ұлықтайтын, алашым деп майданға шығатын ерлер 
деуге аузың бара ма? Отаны үшін «отқа түсетіндерді» бөжекей 
262 
етіп көрсетіп, «жікшіл» деп таңбалап, зықысын шығарамыз. 
Бүгінгі азаматтардың дені тоғышарлық дертіне шалдыққан. 
Ертеңгі күні гендерлік саясаттың «саңлақтарына» жол беріп 
қоюы кәдік. Кешегі көк түріктің  ұрпақтары, Алаштың 
ардакүрендері аламанда «ақ байталдарға» ілесе алмай шаң 
қауып  қалса, көкеңді сонда танисың. Бабаларымыз «Байтал 
шауып бәйге алмас» деп тегін айтпаған. Геңдерлік саясат бізге 
қол емес.  Қазақты жоюдың саясаты болса,  қалайша  қолдар-
сың? 
Жә, бұл тақырыпты осымен тәмамдайық. Онсыз да жо-
ғалтқанымыз аз емес. Әйелдеріміз балаға ана болсын, жарына 
пана болсын.  Қошқардай  ұл тапсын, сүйріктей сүйкімді  қыз 
тапсын. Ерін сыйласын, ерін сыйлаған әйелді елі сыйлайды. 
Тәнін сатпасын, етегін ашпасын. Шашын жаймасын,  ұлт 
қамын ойласын. Шалшықта шабақша шоршымай, адамшылық 
айдынында ақ сазандай еркін жүзсін. 
Халқымыз ана сыйлауды, әйелді ардақтауды,  қызды аялау-
ды ежелден берік дәстүрге айналдырған. Ұлттық қасиетіміздің, 
ерекшелігіміздің бірі - әйел затын арындай  қорғап, аруын жа-
тқа  қимағаны. Халықтық жыр-дастандарда, ертегі аңыздарда 
әйелді дәріптеудің небір озық үлгілері бар. Бәрінен де бұрын 
«сүйген жар» деп, «қосағым» деп, «қияметтік жолдасым» деп 
тек  қазақтар ғана айта алған. Ақындар ең сұлу сөздерін әйел 
затына арнаған. 
Жар 
Жұмыр басты пенде жарық жалғанға аз ғана күндік мей-
ман. Мәңгілік тұрақтай алмаймыз. Келеміз де, кетеміз ана 
жаққа. Содан да халық бұ дүниені «қамшының сабындай 
қысқа ғұмыр» дейді. Жазмыштың саған бұйыртқан аз күндік 
қызық-шыжығын бөлісетін  қойныңдағы  қосағың, жан жарың. 
Кісіге екі дүниеде де шынайы жолдас адамгершілік. Адам-
шылық  қасиетіңмен таныласың ортаңа. Мұны діни  ұғымда 
«иман» дейді.  Қайтыс болған адамның жақындарына көңіл 
айтқанда «Иманы жолдас болсын» деп жатады  қазаға жиылғ-
андар. Тіршіліктегі екінші бір айнымас серігің — жарың. Жа-
ныңа ең жақын адам сол. Содан да атам  қазақ әйелді «жар 
жолдас» деп атаған. 
Тілімізде «жар  құшағы», «жар төсегі» деген  ұғымдар бар. 
«Жар  құшағы - жалғанның жарым  қызығы» деп келеді. Жар 
төсегіне Абайдан асырып ешкім баға бермеген. «Кем емес хан 
тағынан жар төсегі» дейді данышпан ақын. Жардың саған де-
263 


ген қылығы, ықылас-пейілі ше? Жарың саған адал болса, сый-
лай білсе, көңілің ешқашан кірлемейді,  қабағың ашық жүреді. 
Ісің өнімді, кәсібің жемісті болады. Шал ақын да (1760-
1831ж.ж.) әйелді жырға қосқан ақындардың бірі. 
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, 
Сол болар басқадан да жақын кісің. 
Ағайынға, туысқа қайырылса, 
Дүниеде нағыз сол мақұл кісің. 
Еріне аю, баласына қасқыр болса, 
Ондай қатын алғанның күні құрсын... — 
деген Шал ақын әйел затына шебер баға берген. 
Ерім деген жардан  қойныңдағы  қосағы айнымайтын адал-
дықты күтеді. Сондағы тоқтамы мынау: 
Ұшады қара бүркіт аспанменен, 
Болжаусыз таң атпайды сасқанменен. 
Кісіге кісі жары жар бола ма, 
Қаншама бауырыңа басқанменен... 
«Жолға шыққанда атың өлмесін, жер ортасында  қатының 
өлмесін» деген сөздің астарында терең мән жатыр. «Қатын 
өлді,  қамшының сабы сынды» деп  қазаны жеңілдетіп айтқан-
мен, жардан айырылу оңай емес ер жігітке. Әйелі өлген 
еркектің екінші жолдасы дұрыс келмесе: «Жолдан  қосылған 
жолдаяқ» деген сөз ауыздан еріксіз шығады. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде әйел мен 
ердің сыйластығы жөнінде көп айтылған: «Некелі әйеліңмен 
тату-тәтті бол». Әйелдерді тек жақсылар ғана құрмет тұтады. Жа-
мандар оларды аяқ асты етіп  қорлайды. «Алла алдындағы 
пенделердің ең жақсысы - өз отының басына пайдасы тиетіндер. 
Бір-біріңді жақсы көріндер, өйткені жақсы көру махаббатты арт-
тырады, ділдегі (жүректегі) дұшпаңдық сезімді жояды». 
Түркіменнің атақты шайыры Мақтымқұлы: 
Өз үйің — бейне мысыр шаһары, 
Көпірмеден жақсы сөздің мақалы. 
Кімге керек біреудің жас тоқалы, 
Жалғыз жарың — кім болса да сол жақсы, — 
деп жар  қадірін аспандата жырлайды. От жағу, түтін түтету — 
бірлік пен ынтымақ белгісі. Үй иесін «отағасы», әйелін «отана-
сы» дейтініміз сол ыңғайда. 
Дін, оның ішінде Ислам діні ерлі-зайыптылардың адалдығы-
на, тазалығына шарт қойғанда, аса қатты кетпейді. Әйелдерді әр 
264 
нәрседен шектегендегі мақсат - отбасының жарасымын ойлаға-
ны, ерлі-зайыптының татулығын тілегені. Мұсылмандар 
әйелдерді  қорлайды деп жала жабады бүгінде кейбір өркениет 
насихатшылары. Көп әйел алушылықты жазғырады.  Құранда 
төрт әйел алуға рұқсат етілген. Ондағысы жесірі мен жетімін 
қорғансыз тастамаудың амалы. Төмен етектілерге  қымтанып 
жүруді міндеттегені - нәпсіні шектеудің амалы. Ашық-шашық 
ұрғашыға көзі түскен еркек еріксіз  қозады. Әйелдердің басты 
міңдеті - бала табу, адал жар болу. Әйелдерді қоғам өміріне ара-
ластыру, саясатқа икемдеу - артық міндет деп біледі Ислам 
мәдениеті. Көп жағдайда әйелдің  құқығын шектеу оларға 
көрсеткен  құрметке жатады. Пайғамбар хадисінде: «Қашан да 
ері әйеліне, әйелі өз еріне жәрдемдессе, Алла оларға рахыммен 
қарайды. Егер ерлі-зайыптылар алақанын алақанға  қосса, сау-
сақтарының арасынан күнәлары төгіледі», - делінген. 
Ел аралаған әулие  қоналқаға  қыстаққа бұрады ат басын. 
Бір үйдің сыртына келіп «кім бар-ау?!» деп дыбыс береді. 
Сыртқа бір жас әйел шығады. 
- Үйіңнің тіреуі бар ма? - деп сұрайды әулие. 
- Жоқ, — дейді келіншек сөз мәнісін түсіне  қоймай. -
Біздің үй тіреусіз тұрғызылған. 
- Ә, онда сенің үйіңе  қонуға болмайды екен,- деген жо-
лаушы әрі  қарай өтеді. Тағы бір үйдің тұсында кір жайып жат-
қан әйелден: 
- Үйіңде тіреу бар ма? - деп сұрайды тағы да. 
- Тіреусіз үй болушы ма еді?! - деп әйел кекірттеу жауап 
қатады. 
- Онда  қонуға болады екен сенің үйіңе, - дейді де, жолау-
шы аттан түседі. 
Төрге озған  қонақ: 
- Тіреуің қайда? - деп сұрайды әйелден. 
- Сүйеніп отырсыз ғой, - дейді әйел жайбарақат. 
Жолаушы: 
- Отағасы емес пе үйдің тіреуі? - дейді. 
-  Қайтыс болған, - дейді әйел кемсеңдеп. 
- Күйеуіңнің қайтыс болғанына неше ай өтті? 
- Жылға тақады. 
- Содан бері үйіңе тіреу  қоймай жайбарақат жүрісіңе жол 
болсын! - дейді әулие салқын райда. 
- Дұға бағыштаңыз, - дейді әйел мұңайып. 
Дұғаның  қабыл болмайтынын ескерткен әулие үйден шы-
ғып кетеді. 
Діни аңызға  құрылған осы әңгімеден нендей ғибрат алуға 
265 


болады? Осы күні кейбір үйдің тіреуі мүлде жоқ. Тіреусіз 
үйлер (күйеусіз әйелдер) көбейе бастаған. Тірі жесірлер мен 
жетімдер  қаншама?! Әлгі әулие не деп кетті өзі? Мұндай аңыз-
дан бүгінгінің адамдары үлгі алып жарыта ма? Еркіндікке жол 
ашылған заманда «тіреусіз» үй жетерлік. Күйеусіз де өмір 
сүреді әйелдер. Ішімдікке салынған, нашақор, оған  қоса табыс 
таппайтын әкені  қайтеді бала?! Бала-шағасын көңіл желігіне 
айырбастап жіберетін ерді  қайтеді әйел пақыр? 
Құран — Алланың адамдарға жіберген қасиетті кітабы. Ис-
лам дінінде күйеуі өлген әйелдің үш айдан кейін тұрмысқа шы-
ғуына рұқсат берілген. Ал әлгі аңызда айтылған әйелдің күйеуі 
дүниеден озғанына бір жылға тақаған. Әулие оның рухына 
құран бағыштаудан тартынды.  Қабыл болмайтынын айтты. 
Әділет пе осынысы? Жап-жас әйел күйеуінің аруағын  құрмет-
теп, жесір отыр. Өзгелерге үлгі етуге лайықты төзімділігі. Бұл 
арада шындық бүркемеленіп тұр. Әулие сол шындықты ашып 
тастады. Тән  қажеті шыдата ма жесір әйелді. Тұрмыс  құруы 
керек. Сонда қабыл етіледі екен дұғасы. 
Тіреусіз үй ортасына түсуі кәдік. Ері жоқ жесір әйелдің 
күні тіреусіз үймен тең. Жетім-жесірді кім-көрінген басынады. 
Мазақ етіп кетеді әрі-беріден соң. Ондай әйел бара-бара түзу 
жолдан тайып, көрінген еркектің  қолжаулығына айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет