Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет54/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

(«Ақжелек», әңгімелер. 1989 жыл, «Жазушы» баспасы, 
Ахмет Жунісов) 
Жазушы А.Жүнісов «Құпия» деген әңгімесінде жеңгенің 
міндеттерін мөлдірете көрсетеді. Пәктігін  қимаған  қыздың 
шынайы көңіл күйін шеберлікпен дөп басқан. 
273 
18-2628 


Абысын-ажын 
«Ағайын тату болса — ат көп, абысын тату болса — ас көп». 
Ағайынды жігіттердің, ет жақын туыстардың үлкенінің әйелі 
інісінің зайыбына абысын болып келеді. Немере, шөбере-
лестердің де әйелдері осы тәртіппен абысын-ажындар болады 
бір-біріне. Ағайын-туыстың бауырластығы әйел дәнекер-
лігімен бекиді. «Жақсы әйел алсаң, үйіңе ырыс кіреді, жаман 
әйел алсаң,  ұрыс кіреді». Туыс-туғанды бір-біріне  қосатын да, 
араларын ашатын да әйел. Әйелдің  қосалқы есімі — айырма. 
Қазақ әйелдері ерте кезеңнен туыстық-бауырластыққа  ұйытқы 
болып келді. Үй болып түтін түтеткен соң да күл шашарың бо-
луы керек. Бірге туған екі жігіттің бірінде перзент болмаса, 
екіншісінің баласын асырап алған. Бұған  қытымырлық көрсет-
кен абысындар айырманың өзі нағыз. 
Абысындардың татулығы әулеттің ынтымағына сеп. 
Мейірімді кең етек абысындар туған  қайнысының баласы бы-
лай тұрсын, бүкіл әулеттің балаларын бауырына тартқан. 
Абайдың туған інісі Оспанда бала болмаған. Әйелі Еркежан 
Абайдың үлкен  ұлы Ақылбайдан туған Әубәкірді өз бауырына 
салып алған. Шежіреде Оспаннан  ұрпақ жоқ делінбейді. 
Әубәкірден туған балалар Оспанның тұяқ жалғары деп саналады. 
Арғын  Қаракесек  ұлысының бір бұтағы Бошаннан тарай-
тын Машай балалары Бораншы, Бейімбет болып келеді. 
Бейімбеттің әйелі  қызды көп тауып,  ұл туа  қоймапты. Содан, 
інісі Бораншының бір  ұлын асырап алады. Абысынының бала-
сын бауырына салған Ақборық ана кешікпей бірінен соң бірі 
үш  ұл табады. Олар Қояншы мен Таңай, Дәулет еді. Ағасының 
балалары інісіне ауысқан, інісінің  ұлы ағасына ауысқан дерек 
аталар шежіресіне көз жүгіртіп отырсаңыз жиі кездеседі. 
Мұның еш сөкеттігі жоқ, керісінше жарасымды ғұрып. 
Абысын-ажындар  ұрпақ сабақтастығына да септескен. 
Қолы ашық, берекелі абысындар өз баласынан бұрын  қайын-
дарының кішкентайларына емешегі езіліп тұрған. Мейірімсіз, 
қатыбас әйелдерді ауыл-аймақ «бауыры суық» деп жақтырма-
ған. Татулық — береке бастауы.  Қолы ашық абысындар ас-
суды ірікпей, әулеттің үлкен-кішісіне ықыласпен  ұсынған. 
Кіші үйдің отанасы (інісінің әйелі) үлкен үйдің бәйбішесін 
(ағасының әйелі) әпкесіндей сыйлап, атын атамай «үлкен 
үйдегі апа», «тәтетай», «жеңешелеп» алдынан кесе өтпеген. 
Сыйластық - әр шаңырақтың жібек арқаулы желбауы. 
Желбауы босаң үйдің шаңырағы шайқалғыш келген. Нарық 
жағдайында өмір сүріп жатқан бүгінгі таңда, туыстық  қарым-
274 
қатынастың сетінемеуіне, ағайын-туыстың ынтымағының бір 
болуына дәнекерлік етегін, ет жақын туыстардың өзара ара-
лас-құралас болуына абысын-ажын  ұйытқы.  Қабағы  қырыс, 
сөзі бұрыс, дүниеқоңыз, кергіме абысындар мықтаса күйеуі 
мен баласындық қана. Өз баласын үлде мен бүлдеге орап,  қай-
нысының көген көздерін есіктен сығалатпайтын, жастарға 
жаукөзденіп  қарайтын әйелдерде үлкендік жоққа тән. Ондай 
абысын үлкендік атауы — бәйбіше дәрежесіне жете алмайды. 
Қазақ әйелдеріне атақты әулеттің, ауыл-аймақтың үлкендері 
берген. Әйелдің үлкендігін бәйбіше атауымен бекіткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет