Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Қарындас 
Әлқисса, апаның да тараңдары жетіп-артылады. Содан да 
«Апаңа да барарсың, аңқиып  қарап тұрарсың» деген сөз тара-
ған. Әпкенің бәрі бірдей емес. Көріп те жүрміз, заманның 
ыңғайымен кейбір  қытымыр әпкелер бауырларын есік сырты-
нан жібереді. Жаңағы бұрыс мәтел осыған байланысты айтыл-
ған.  Қарындастың бағасы ападан да  қымбат. Содан да арқалы 
ақындар  қарыңдасқа жыр шұрайын арнаудан жалықпаған: 
Жорғасын саған сыйлаған, 
Қалдырса жолда шабан ат. 
Қастасыңмен  ұстасар, 
Соңыңа ерсе жамағат. 
Алтынға балар жезіңді, 
Асылыңды бағалап. 
Қолында бармен бөлісер, 
Жағдайыңды шамалап. 
Жер шетінде жүрсең де, 
Артыңнан жетер ағалап. 
Жүдеңсіп жүрсең сергітер, 
Жаныңа жайлы саябақ. 
Ағалап төрге шығарып, 
Төредей күтер аялап. 
Қабағанға тас атар, 
Алдыңнан шықса абалап. 
Тұңғиыққа бойласаң, 
Айдынды жүрер жағалап. 
Жүрегі сен деп езілген. 
286 
Бауырмалдығы ғаламат. 
Қазақ  қызы  қалқажан, 
Қарындасқа не жетсін! 
Аңыз-әңгіме, жыр-дастандарға  қарап отырсақ,  қазақ  қыз-
дарының жаркын бейнелері шебер сомдалған. Халқымыздың 
ежелгі әнұраны «Елім-ай» соның бір дәлелі: 
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Қарындастан айрылған жаман екен, 
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. 
Ел басына күн туса,  қиындықты, бірінші кезекте,.қыз бей-
бақ көреді.  Қарындастың иығына түседі ауыр салмақ. Атыс-
шабысқа толы жаугершілікте жатқа  қимас  қарындастар жау 
қолында кете барған ғой. Аруынды жат  құшса, азаматқа бұдан 
өткен  қорлық, сірә да, жоқ шығар?! Атамыз  қазақ астарлап 
сөйлеуге шебер.  Қыз демей, «бойжеткен» деп еркелетіп атайды 
керімдерін.  Қазақ  ұғымында  қарындастың қосалқы есімі - На-
мыс. «Жақсыны жатқа  қимас болар» дегеңдегі емеурін осыған 
дәлел. 
Жастарға айтар сөз мынау: «Қыздың ары - елдің ары, 
біліп  қой,  қыз  қорғаған нағыз жайсаң жігіт қой»! 
Күйеу 
Бұл туыстық атау екі мағынаға ие. Әйел  қосағын «күйеуім» 
дейді. Өзімсінгенде «байым» деп бадырайтады.  Қойындасқан 
қосағының  қадірі артып, жұбайлық жарасымдары күшейгенде 
«ерім, жан жолдас, жар  қосағым, отағасым» деп жүректің 
тілімен айтады. 
Негізінде, мейіздей тәтті сөз әйелдің аузынан шыққан ғой. 
Біздің тілге тиек етпегіміз бұл атаудың екінші мағынасы. 
Құсын  қолына  қондырып, үйленген жігітті  қайын жұрты 
«күйеу» деген. Келін түсіру тойларында: «Күйеу - жүз жыл-
дық,  құда - мың жылдық», — деп мәтелдейді. Жасы кішілер 
апасын алған жігітті жездекелейді. Жасы үлкендер «күйеу 
бала» деп іш тартады. 
«Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деген мақалдың 
мәнін жастар зерделей  қоймайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед-
те (с.ғ.с)  ұл бала болмаған. Үлкен қызы Зейнепті Әбутәліп, Ор-
таншы  қызы Бәтиманы Әзіреті-Ғалы алған. Пайғамбарымыз-
дың жолын күйеу балалары жалғастырған. 
287 


Халқымыз күйеуді айрықша  құрметтеген. Үлкендер күйеу 
балаға артық сөз айтпайды. Сондағы  ұстанатын  қағидасы 
«Пайғамбар да күйеу баласын сыйлағанға» саяды. Осы бір 
тәрбиелік мәні бар сөздің астарында терең аңғарым бар. 
Үлкендер айтар еді: «Күйеуге  ұрсып, зекіруге, кемшілігін 
бетіне басуға әсте болмайды». Оның себебі - күйеу бала өз ба-
лаң емес. Кісі баласы. Күйеу бала  қанша адал болып 
кезіккенімен, жаратылысы басқа. Ата-енесінің,  қайынағасы-
ның зекіргенін көңіліне алып  қалуы кәдік. Жасыратын несі 
бар, бәрі бірдей емес, күйеу бала кінәмшіл, кіді келеді. Осын-
дай өзімшілдігін  қайынжұрты күйеудің бетіне баспай, халық-
тық педагогиканың тыйымымен тәртіпке шақырған. Күйеу 
төрге шықпайды, бас  ұстамайды. Атасының еріне отырмайды. 
Атасының киімдерін үстіне ілмейді.  Қайынжұртының 
үлкендері дүниеден озғанда, сүйегін  ұстамайды. 
XXI ғасыр -  қазақ халқының нағыз шыңдалатын кезеңі. 
Бұл ғасыр бізге сынақ. Шарболаттай шамырқанып, шыңдала-
тын кез енді туды. Намыстың да керек жері осы тұс. Шет 
жұрттармен аралас-құраластық  қарқын алып, ғаламдану сая-
саты белең алған шақта атадан  ұл боп туған елжанды азамат-
тар жат елдің сұлуына байқап-байқап  ұрынсын. Жат елден қыз 
алған екен, Отанынан жырақ кетпесін. 
Қан араластыру - генетикада оңға бастайтын тәсіл. Жа-
пондар өзімен-өзі тұйық өмір сүріп, басқалармен  қан аралас-
тырмағандықтан,  ұрпақтарының әлжуазданып бара жатқанын 
қатты сезінуде. Керісінше , америкалы қ та р 
ұлттық 
бірегейлігінен ажырап, тек ақшаны ғана танитын дүбәра  ұлтқа 
айналып барады. АҚШ халқының өң-түстері әр түрлі. Мінез-
құлықтары да түрліше. Сырты жылы келгенімен, іші салқын. 
Олар туыстық, бауырмалдық сезімге сараңдау. Күнкөрудің ай-
наласында шектеледі. Керемет деген бұларда  ұлт жоқ.  Ұлтсыз-
дық халықты тексіз тобырға айналдырып жібереді. 
Біз  ұлдарымызға жат жұрттан  қыз алма демейміз. «Жаман 
күйеу  қайынсақтың» керіне бағып, елден жырақ кетпегей де-
ген аңғарту.  Қыздарымыз да ойлансын.  Қалталы екен деп 
нәсілі бөлек жат елдің жігітіне еріп шекара асып, еліңе, төркін 
жұртыңа жете алмай  қалса, ғұмыры жылаумен өтеді. Жігіт-
терге де оңайға түспейді. 
Ішпесті ішіп, жеместі жеп жат елде, 
Шай кызылы мұрын жарып кесеңде. 
Сый табақтан қазы-қарта жесең де, 
Қара қостың көжесіне жетер ме?! 
288 
Кеңейтуге тараңсыған аянды, 
Өсірмекке байлық қуып бағаңды. 
Басқа жұрттан тапқаныңмен баянды, 
Алтын өзек Отаныңа жетер ме! 
Сүйек 
«Күйеу — жүз жылдық» дейтіні неден? Мықтаса ол жүзге 
келер. Сүйек-шатыстықты  ұрпақтары жалғастырмай ма? 
Күйеудің өз балалары нағашыға жиен болғанда, жиеннен ту-
ғандар жиеншар делінеді. Үш ұрпақтың өмір сүру мөлшері жүз 
жыл. Жүз жыл көлемінде ғана күйеу аты әспеттеледі. Содан 
кейін  ұмытылады. «Күйеу - жүз жылдық» деген содан шық-
қан. Біздің ұйғарымымыз осы. 
«Құда — мың жылдық» деп жатамыз. «Су — сүзілмейді, сүйек 
— үзілмейді» дейді тағы да. Сүйек үзілмейдінің мағынасы қалай? 
Туысқандық тамыр үзілмекші емес.  Қазақ халқы сол туысқан-
дықтың, бауырмалдықтың арқасында ел болып, өркен жайды. 
Замана дауылы күшейіп тұрғанда ел ішінде руластық дертті 
өршітіп, не  қыламыз деу ауызға оңай. Рушылдық - ендігі жер-
де  қазаққа  ұран бола алмайды. Ендігі  ұран: «Атамыз — Алаш, 
керегеміз — ағаш». Нағыз  ұлтжанды азамат Абай айтқандай 
«Атаның ұлы боп  қалмау» керек. Бұрындары үлкендер  қай ру-
дансың деп сұрамай, алыстан орағытатын. «Асылың кім, 
сүйегің  қайдан?» дегенді сан естідік. Бұл сауалдың түпкілікті 
мәніне кейінірек ой тоқтаттық.  Қазақ бабамыз асыл сүйек 
болмаса, үрім-бұтағы осыншалықты  қара ағаштай тамыр жай-
ып, биікке бой созар ма еді?! Сүйек дегені -  ұрпақ сабақтас-
тығы ғасырдан ғасырға жалғасады дегенді тұспалдағаны. 
«Сүйек - үзілмейді» дегені соны меңзегені. «Құда — мың жыл-
дық» деп туысқандық сабақтастықты бір ғана сөйлеммен шеге-
леп тастаған. Келін түсіріп,  қыз  ұзатпасақ,  құдандалы болма-
сақ, халқымыз  қанат жайып тамырын тереңге жіберер ме еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет