Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Қуаныш пен қайғы 
Қайғы мен  қуаныш - егіз. Бұл екі  ұғымды бір-бірінен 
бөліп  қарауға әсте болмайды.  Қуаныш күш алғанда,  ұлан-асыр 
шаттыққа  ұласады. Аңыздан белгілі, Лұқпан хәкім мың жасап-
ты. Мағыналы да мәнді өткізген әр күнін бір жылға балаған. 
Үлкендер бір басы екеу болып, мәре-сәре шаттыққа бөленген 
шаңырақ иесіне: «Қуанышың  қайырлы болсын!» - деп тілек 
айтып жатады.  Қуаныштың да  қайырын тілеу керек.  Қайыры 
болмаса, ондай той-томалақтың соңы ренішке  ұласып, басиені 
сергелдеңге душар етеді. 
Халық артық байлықты, аста-төк ішіп-жемді саналы түрде 
шектеп отырған.  Құран  қағидасына сүйеніп, малдан - зекет, 
астан -  құшыр берген. Диханшылар астық орылып болған соң 
кедей-кепшікке «қырман түп» үлестірген.  Құдайы беру ас са-
дақасына жатады. Дүние - көздің  құрты. Дүниеден ешкім 
безбейді. Халық кісіге біткен малдың, дәулеттің  қайырын ой-
лаған. Барлықтың  қайырсыз болатынын алдын-ала ақылмен 
топшылаған. «Бай - бір жұттық» деген топшылау соған саяды. 
«Асқан - асылады, толған - төгіледі» деген ой орамы 
тереңдігімен іш жидырады. Асы мен атын бұлдағандарды «сы-
ғырдаң», «сараң», «қарау», «дүниеқоңыз», «шілдесіне шыр 
жұқпаған» деп кекеген. Содан да кейінгілер ата-баба өсиетін 
қалт жібермей,  құдайы ас беруді, той жасауды бұлжытпаған. 
Ертеңгі күні дәулеті шайылып кеткендей болса, дұшпанның 
табасына  қалмайын дегенді және  қаперде  ұстаған. «Табашыл-
дың пиғылынан, тойымсыздың ындынынан, сұғанақтың 
көзінен, күншілдің сөзінен сақта» деп Жаратқанға көңілін 
түзулеп, Алладан тілек тілеген.  Қуаныштан соң  қайғы жетеді 
мысықтабандап. Жазмыштың заңдылығынан ешбір пенде сырт 
қалмайды.  Қара  қабақ  қайғы өзегі  қуыс пендемен еншілес. 
Қуаныштың да тұйықталар тұсы болады. Сондай дағдарыста 
жұмыр басты пендеге  құзғындай сұңқ-сұңқ етіп  қайғы жетеді. 
Қайғы асқынғанда  қасіретке  ұласады.  Қасірет  қазаға жол 
береді. Осындай торыққан сәтте адамға не жолдас?  Қайтсе 
құтылады  қайғыдан? Абайдың «Қайғы келсе  қарсы тұр,  құлай 
берме!» дегеніне еріксіз бойұсынасың. Сүйегіңе  қарысып, 
қайғыға бой бермеуге тырысасың. 
Халық -  қайғыны шарасыз мойындайды. Одан  құлан-таза 
айығудың жолын тап басып айта алмайды. Неге десеңіз,  қай-
ғының өзі өзекті жанның пешенесіне әу бастан бұйырған сыба-
ғасы есепті. Бейнелеп айтқанда, тағдырдың сыбағасы.  Қайғы-
ның асқынған түрі, іңдеттей жайылып кететіні болады. Ата-ба-
303 


баларымыз соны  ұрпағына ескертіп, шүкіршілік етуге баулыған. 
Сондағы байламы мынау: «Құдай ала қайғыдан сақтасын!» 
Қайғының салмағын өлшейтін өлшем бірлігі не?  Қайғы 
жалқылықтан жалпылыққа  ұласқанда  қоюлана түседі.  Қазақта 
«Көппен көрген  ұлы той» деген аталы сөз бар.  Қайғы асқын-
ғанда көпті шарпып, барша  қауымды дағдарысқа  ұшыратады. 
Ала-шапқын жағалас, күйзеліс,  қуғын-сүргін кезігеді. Жер 
сілкінісі, су тасқыны, жұқпалы індет, соғыс пен ашаршылық — 
бәрі-бәрі халықты жаппай шарпитын нәубет. «Ала  қайғы» 
дегеніміз осы. Соған да шыдаған ғой атам  қазақ. «Көппен 
көрген ұлы той» деп тәуекелге басқан. Күні бүгінге дейін көпті 
көрген көне көкірек  қарттарымыз: «Құдай ала қайғыдан сақта-
сын! Жаратқан ие бергенін бегілеп берсін. Артының  қайырын 
берсін!» — деп тілек тілеп отырады. 
Қайғының ауыры -  қаза.  Қазалы үйдің жесірі  қара жамы-
лады. Ері өлген,  қыршын жасынан айырылған әйелді «беті -
жаралы, жүзі —  қаралы» деп мүсіркейді жұртшылық. Осы бір 
тіркес еріксіз ескі ғұрпымызды еске салады. Ерте замандарда 
(сақ, ғұндар, сарматтар, т.б.) күйеуі өлген әйелді ерімен бірге 
көметін ғұрып болған. Мінген аты,  қару-жарағы  қоса 
көмілген. Оны археологиялық  қазба жұмыстары айғақтайды. 
Келе-келе бұл әдет сирексіген. Ер-азаматы немесе  қыршыны 
төтеннен көз жұмғанда,  қаралы әйелдер күні кешеге дейін 
бетін жыртып (алып) тастайтын еді. Жаппай емес, әрегідік 
кездесетін сондай оғаш жағдай. «Беті жаралы» дегеннің мәнісі 
осы.  Қазаға тоқтам керек, сабыр керек. Үлкендер жағы  қазалы 
жанды сабырға шақырғанда: «Алланың ісі — байғазы» дегенді 
айтады. «Байғазы» дегені — «әу баста маңдайға жазылып қойы-
лған, өлімнен қашсаң да құтылмайсың» дегені. 
Бала жыласа - жұбатасың, үлкен жыласа ше? Кісіні жыла-
удан тыю екінің бірінің  қолынан келе бермейді. Әсіресе, 
мезгілсіз  қазада, кісі өліп жатқанда. Өмір көрген  қариялар 
осындайда керек. Жұбату - көңіл аулауға жатпайды.  Қаралы 
жанды тоқтамға шақыру оңай емес. Сондай  қысылтаяң сәтте 
есті азаматтар топтан суырылып шығады.  Қарттар мен аңғар-
лы бәйбіше  қазадан  қасірет жұтып, жындануға шақ  қалған 
қаралы жанды сөзбен жұбатады. Әйелдер жағы кісісі өлген 
адаммен  қосыла жыласып, дауыс айтады. Дауыс салып жылау-
дың өзі  қазақ ғұрпында жұбатуға жатады. Бүгінде  қайғы 
жұтқан  қазалы жанға  қол  ұшын берудің оңтайлы тәсілі 
дәрігерлік көмек көрсету. Дәрігерлік көмекке сүйенген  қаралы 
жан әлсіреп  қалады. Керек десеңіз, тынышталып,  ұйқыға 
кетеді. Бұл  қазақ дәстүрінде ерсілік саналады. Медицинада 
304 
дәлелденгендей, адам кез келген  қиын жағдайда ақыл-есін то-
лық жоғалтпайды. Бірнеше күн жылап әлсірегенімен,  қазалы 
жан көңіл айта келген жандарды көріп отыруға тиісті.  Қаралы 
шаңыраққа дауыс  қойып келген жаназашылармен көрісіп оты-
руы керек. Біз, бұл орайда, бей-берекет дауыс айта бергенді 
жөн көріп отырған жоқпыз. Жылауды тоқтатудың амалы 
көңіл айтуға жатады. Ауылдың, әулеттің сөз  ұстанған есті аза-
маты,  қариясы тоқтамды сөзге дес береді. 
«Қазаның арты  қырсықсыз болсын деп тілеңдер.  Құдай 
егізінен, сегізінен сақтасын» деп сөз астарын  қалыңдата түседі. 
Одан әрі  қазаға байланысты аңызға кезек тиеді. Ондай әңгіме 
әдетте «Дәуіт пайғамбардың отыз  ұлы болған екен» деп баста-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет