Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет68/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Пышақ пен қайрақ 
Пышақ түрлері бірқыдыру: бәкі, кездік,  ұстара, лөкет, т.б. 
Мұның сыртында жау жарағына жататын  қылыш түрлері бар. 
«Өткір кездік қын түбінде жатпас». Жүрегінің оты бар,  ұстара-
дай лыпыған,  қылыштай  қылшылдаған, сапыдай оңтайлы аза-
мат күндердің күнінде жарық дүниеге бір шығады. Бойда 
жігер, ойда  қайраты бар жігіт ел ертеңіне үлес  қосып, жарқ 
етіп көрінері даусыз. Халық, керісінше, бойкүйез ынжықтарды 
«Өтпес пышақ қол кесер» деген астарлы мақалмен нықыртады. 
«Жау шапқасын  қылышыңды боққа шап» дейді  қазақ. Жай-
шылықта екі иығын жұлып жеп, кеуделеген үй тентектер ел 
басына күн туған алағай-бұлағайда басын амандап жарға 
бұғып  қалады. Бұл мақал сондай су жүректерге  қарата айтыл-
ған.  Ұстарамен шашынды аласың, бәкімен ет, нан турайсың. 
Кездікті ісмерлікке пайдаланасың. 
Пышақ — тұрмыс  құралы. «Пышағың майлы болсын, төрт 
құбылаң сайлы болсын» делінетін тілек соған айғақ. Егер де 
пышақ тентектің  қолына түсті бар ма, онда ол суық  қаруға ай-
налып, адамның жанына  қауіп төндіреді. «Пышақтасып ауыр 
қылмысқа барды» дейтініміз сол себептен. Бұдан да зоры 
«қырық пышақ болды» дегенді естігенде, жүрегің еріксіз 
шімірігеді. Біреуді біреуге айдап салатындар «қырық пышақ» 
қып ағайын арасын ашып тынады.Үйінен  ұрыс кетпейтіндерді 
«Қырық пышақ болады да жатады» деп жақтырмайды.  Қария-
338 
лар бұл жағымсыз сөзді шарасыз жағдайда аузынан шығарады. 
Ру тартысы, жер дауы, жесір дауы, таққа талас, мансап үшін 
қ ыр қ ы с дау-дамағайға  ұласып береке-бірлікк е н ұ қ са н 
келтірген жағдайда, «қырық пышақ  қырқысқа»  ұласып ел 
бірлігіне нұқсан келтіреді. Пышаққа байланысты тиым молы-
нан. Ата-ана балаға «пышақ  ұстама» деп зекиді. «Пышақты 
сілтесең,  ұзарып кетеді» деп және ескертеді. «Қылыш үстінде 
серт жүрмейді» деген мақалдың мәні неде?  Қылыш — суық 
қару.  Қолында  қылышы тұрған адам бір-бірімен байқап 
сөйлеспесе, іс насырға шауып кетуі кәдік. Серттесу, сөз байла-
су, бәтуаласып мәмілеге келу, келісім жасасу — суық қарумен 
шешілмейді дегенге саяды бұл нақыл. Халықта  қалау делінетін 
рәсім бар.  Қазақ ғұрпында пышақ пен тазыны  қалауға (сый-
сияпатқа) бермейді. Арамыз ашыльш кетеді деп ишаралайды. 
Ит пен пышақты айырбастау да ерсілікке жатады. Ондайда 
үлкендер «итше ырылдасып араз боп кетеміз, әйтпесе пы-
шаққа жармасып жаман әдетке салынамыз» деп өсер жасты 
татулыққа үндейді.  Қазақтың бір туар асыл азаматы Мәди Ба-
пиұлы: «Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе,  қайрап ап  қалың 
жауға сермейтұғын», — деп өзін уытты жырмен жігерлендірген. 
Бүгінгі жастар болмашыға бордай үгітіліп, шарап ішіп шатыла-
ды. Ата-анаға,  қоғамға масыл болып, бос сенделіске салынады. 
«Үгітілме боркемік», «ынжық» деп сондайларды айтады. Нағыз 
өтпес пышақтар осылар. Жүзі мұқалған пышақты  қайраққа 
жанысаң өткірленеді. Әлгіндей жайбасар жалқауға нендей 
амал бар?! Амалды әр жан өзінен, өз бойынан іздестіруі керек. 
Түптеп келгенде, адам адамша өмір сүріп, өзін жоғалтып алу-
дан сақтансын. «Жоғалған пышақтың сабы алтын» деп те жа-
тамыз. Пышақ екеш пышақ та  қымбат. Ал адам, кәдімгі Алла 
абзал жаратқан адамнан  қымбат, одан  қастерлі кім бар? Сөйте 
тұра, көксемсер тұрмақ жай пышақ  құрлы  құның болмаса, бір 
тірі жансың.Рас,  қылыш асыл келеді. «Асылды тот баспайды» 
делінетіні сол себепті. 
Пышақ пен  қылыш  қайрақсыз өңейіп, өткірленбейді. Пы-
шақтың өткір болғаны керек. Өтпейтін пышақ жігеріңді  құм 
қылады. «Шабан ат, өтпес пышақ, шайпау әйел жігітті бұл 
үшеуі қартайтады», — демей ме Ақан сері. 
Ұзына ғұмырда адамға тән —  қыран бүркіт, жүйрік ат, 
ақылды әйел, жақсы туыс, шаруақор бала,  қылықты  қыз, ізетті 
келін, опалы дос — бәрі-бәрі кісіні өткір кездіктей лыпытатын 
қайрақ есепті. Жай ғана қайрақ емес, ер қайрағы екен. Ақын 
айтқан Ер  қайраты жүйрік ат пен  қыран бүркіт  қана ма? Сұлу 
әйел ме жігіттің бар мақсаты? Жүйрік ат та саған тұрақтап 
339 


қалмайды. «Құс  қашады, ит өледі» деген содан шыққан. 
Өкіндірмейтін, басы бүтін саған баяндап  қалатын не бар? Көк 
семсер де мұқалады. Біздің меңзеп отырғанымыз сананы 
өткірлейтін ақыл мен пайым, түсінікті тілмен айтқанда, адам-
шылық  қайрағы. Әр істі  қолға аларда, ой таразысынан 
өткізуің, он ойланып, жүз толғануың, жігерің мен  қайратыңды 
ақыл  қайрағына жануың боп табылады. Ақылға, ойға, намысқа 
қозғау салатын, оны  қуаттандырып лыпытып өткірлейтін қозғ-
аушы күш болуға тиісті. Оны  қолға  ұстап, көзбен көре алмай-
сың. Жігерлену арқылы, ақылыңды шыңдау арқылы, өзіңе 
өзің  қайрат беру арқылы өткірленесің. Басқа амал жоқ. 
Ақылыңды молықтырмай, мұратқа жете алмайсың. Екі  қол, 
екі аяғыңды қозғалысқа келтір. Кәсіп қыл.  Қайрат өз бойыңда. 
Ол —  қозғалыс,  қарекет, оқып-тоқу. Бір сөзбен айтқанда — 
ізденіс. Өзіндегі барды ұқсатып, мүмкіндігіңді сарқа пайдалану 
арқылы мұратқа жетесің. 
Халық та осыны меңзейді. Бәрі-бәрі өзіңнен табылады. 
Алла пендесін  қайрақтан да,  қайраттан да  құр тастамаған. 
Елім деген ерлер жігерін ақыл  қайрағына жанып-жанып алып 
көк семсердей лыпыған өткірлікпен жауына сілтеген. Соның 
арқасында ел болып,  ұлт болып  қалыптастық.Ұлан-байтақ 
далаға иелік етіп, тілімізді сақтап, дінімізді, ділімізді нығайт-
тық. Әркімнің өзіне тән көк семсерін өткірлейтін  қайрағы 
болғанға не жетсін! Ол — кәдімгі адамшылық қайрағы, ақыл 
қайрағы. Ақылы бар адам — ең сапалы адам.  Қайрақ бір есеп-
тен сенің намысың, жігерің һәм айбатың.  Қайрағы бар адам-
ның  қайраты бар, жауға  қыран боп шүйілетін айбаты бар. 
Қазағым, елім, жерім, тілім дейтіндер уытты намысқойлардан 
шығады. 
Қамшы 
Қалтасына бәкі салып жүрмейтін болбырды үлкендер 
«құржан» деп кекеген. Ондағысы өмірге икемделсін, шаруақор 
болсын дегені. Мал баққан ауылдың баласына сойыл-құрық-
сыз,  қамшысыз  құрқол жүргендік сөлекет саналады. Атқа 
мінген еркектің  қолында  қамшы,  қарында сойыл, тақымында 
шоқпар болуы керек. Дала қазағының бес  қаруы осылар. Бай-
тақ далада ғұмыр кешкен бабаларымыз бел шешті бейғам-
дыққа салынбай, өздерін жинақы, сергек  ұстаған. «Сақтықта 
қорлық жоқ» дегені соған саяды. Аузынан сөзі,  қойнынан бөзі 
түскен ынжық жігітті «Ит мініп, ирек  қамшылаған неме» деп 
жақтырмаған.  Қазақ әйелі еркек  ұстайтын затқа үйір болма-
340 
ған. «Еріңді сыйлағаның, еліңді сыйлағаның» ғұрпын  ұстаған. 
Еркекше киініп,  қылыш  ұстап, сойыл көтеріп,  құрық сүйрету 
ерсілікке саналған. Керек десеңіз,  қамшы  ұстау да ыңғайсыз 
көрінген. Бұл әйелді төменсітуге жатпайды. Әйел тарапынан 
еркектерге көрсетілген  құрмет пен ізетке жатады. Әйелдер ер-
кек мінетін ерге отырмаған. Көзіміз көрді  қатын ер,  қатын 
қамшыны. Шешелеріміз атқа мінгенде  қолына сабау  ұстай са-
латын еді.  Қыз балаға бәрі жарасқан. Күміс ер, сары бас  қам-
шы дегендер  қызға тиемел. Біз бұл арада әйелдер сойыл  ұста-
масын,  қолына  қамшы алмасын деп бір жақты пікір айтудан 
аулақпыз. Ер жарағы - сойылдың, найза мен  қылыштың,  қам-
шының киелі екенін  ұрпақ жадында тірілту. Әйелдердің пы-
шақ  ұстағаны да сөлекет саналған. Кездік — ісмер әйелдердің 
қолайына келеді. Төркін жұртынан келген қамшы мен пышақ-
тың жөні бөлек, әрине. 
«Арық атқа қамшы ауыр». Артық зат, артық киім, жолазық, 
қару-жарақ атқа салмақ, кісінің өзіне де бейнет. Әр нәрсенің 
шақтылысы жақсы. Шамаға қараған жөн. «Қатын өлді, қамшы-
ның сабы сынды» деген екіұшталау бір бүкпесі ішіндегі сөздің 
мәніне бірден түсіне  қоймайсың. Әйел  қамшының сабы  құрлы 
болмағаны ма деп көңілге алудың қисыны келмейді. Жарымнан, 
қосағымнан айрылып  қалдым деп  қайғылана берме деген тоқ-
там. Жетім  қалған балаңды тәрбиелейтін, отыңды жағатын адам 
ізде деген аңғартуға жатады. 
Қамшы бозбала мен бойжеткенге дәнекерлік көрсетеді. 
Қазақтың  қара өлеңінің мәйегі  қамшыдан бастау алады.  Қам-
шы махаббат дәнекері: 
Қолымда бір қамшым бар алтынданған, 
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған. 
Сексен қыз серуенге шықса дағы, 
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған, — 
деп әндетпей ме сері жігіт.  Қыз бәлденсе, өнерлі жігіт үдеп са-
лады: 
Қолымда бір камшым бар ырғайдан сап, 
Өтпесе қойың судан құрғайлап бақ. 
Сарғайып сені тосып отырғанда, 
Тайқысаң уәдеден  құдайдан тап, -
деп асқындырады. 
Ғұмыр — өткінші. «Бес күндік» аз ғұмырды ата-бабалары-
мыз «қамшының сабындай ғана» деп топшылаған. Тіршілікті 
сойылдаспай, сабаласпай тату-тәтті өткерейік дегені.  Қазақ 
341 


ғұрпында бір-бірінен  қамшы ауысу,  қалап сұрап алу сөкет 
емес. Ежелгі  қамшы түрлері: бұзау тіс, жылан бауыр, дырау, 
сары бас  қамшы, отыз екі өрме сақиналы түрлері ескінің 
көзіндей көзге ыстық. 
Қамшыны төрге іледі. Киелі санайды. Ырымдайды. Жөн-
жобаның шарасын  қазақ атам  қолындағы  қамшысы арқылы 
білдірген. Үйге бас сұққан жүргінші  қамшысын тақымынан 
ұзатпай бүлдіргесін білегінен шығармаса, онда көп аялдамай 
сусын ішкен соң жүріп кетемді ишаралағаны.  Қонатын әйтпе-
се түстенетін ыңғай танытқанда, жолаушы  қамшыны бірден 
төрге, кереге басына іледі. Алқа  қотан отырыста, мәжілісте 
сөзге сұранғанда датым бар деп  қолындағы  қамшысын көтеріп 
белгі береді. Дау-дамай өршіген жағдайда, келіспеушіліктің ас-
қынған түрі  қамшымен «жер сабау» боп табылады.  Қамшысын 
бұлғау бүліншілікке бастайтын жаман әдет. Аталы сөзге дес 
бергенде дуалы ауыз үлкендер  қамшысын алдына көлденең 
тастайды. Ондағысы артық-ауыс сөзге бармаймын деген иша-
расы.  Қамшының дырау, бұзау тіс делінетін түрлері жауға 
сілтенеді. Жорықта ерлік көрсеткендерді «қамшыгер» деп 
дәріптеген. 
Құрық пен сойыл, жүн сабайтын сабау да дәнекерлікке 
жүрген. Бүгінде  қасқырды атады. Бұрынғының жігіттері  қас-
қырды сойылмен соққан. Сойылмен соғып сұлатқан. Даукес, 
әсіреширақтарды «Құрыққа сырық жалғаған» деп»жақтыр-
майды үлкендер. -Баланы ата-анасы жас күнінен «сойыл 
көтерме,  қамшымен сабаласпа» деп тыйған.  Қамшы -  қазақ-
тың  ұлттық рәмізі болып табылады. Бір рәуатта  қамшы 
тұрған жерге шайтан жоламайды деп де айтылады.  Қамшы -
киелі келеді. Әр  қазақтың төрінде  қамшы ілулі тұрғаны жа-
растықты. Содан соң домбыраға жол тисін. Төріңде  қамшың 
мен домбыраң тұрса,  қазақ екеніңді  ұмытпайсың.  Қамшы -
адамдарды достыққа үндейді.  Қатар жүрген жолдас бір-
бірімен шәйкемдесіп  қалғанда татуласудың белгісі ретінде 
қамшы ауысқан. Содан да «қамшылық дос едік  қой» деп ба-
зына айтып жатады. 
342 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет