тылыға, жолаушыға аңнды байлау, той-томалақта сый-сияпат-
тан құр қалдырмау - ежелгі дәстүрге жатады. Жолаушыға
жол беріп, сияпаттан құр қалдырмау - ежелгі ғұрпымыз.
Қазақта жақсы сөз бар: «Қырықтың бірі - Қыдыр», - деген.
Қыдыр /Бәлкім, Қызыр пайғамбар/ адамдарға ырыс-несібе
сыйлайтын киелі адам деген аңыз бар халық арасында.
Дәмету - орынды, өзімсінуге жатады. Мың сіз-бізден бір
шыж-быж артық. Көңіл бір атым насыбайдан қалады. Деген-
мен, әсте-әсте, үнемі сый-сыбағаға дәмету тілемсектікке жата-
ды. Тарту-таралғыға таласып, жолда қалғандарды да көріп
жүрміз. Халық ондайларға: «Аларманға алтау аз, берерменге
бесеу көп», — деп ескертеді.
Кісі үйге жай келмейді, дәметіп келеді. Қымыз ішкісі кел-
ген шығар. Әйтпесе, базарлап қайтқан үй иесінен базарлық
дәметіп келуге тиісті. Болмаса, қарны ашып, өзегі талған адам
болуы да мүмкін. Әлгі адам үйден құрауыз шықса, «тамағы
іседі» делінеді. Емшекте баласы бар әйел болса, «емшегі іседі»
делінеді. Үйге келген адамды құр ауыз шығаруды жаман
ырымға жатқызады үлкендер. Әйтсе де, төрге озғанды төредей
күтудің де шекарасы бар. Қонақтың да сыйсызы болады. Өз
жөнін білмеген мейман сүйкімсіз қонаққа жатады. Ондайда
атам қазақ «Қонақ, өз үйіңде ойлай отыр» деп ескертеді.
Жолаушылап келе жатып қоналқаға ат басын туралаған
жүргіншіні қазақ «құдайы қонақ» дейді. Аттан түсіп, төрге
озарда бейтаныс адам «құдайы қонақпыз» деп ескертеді. «Кел-
генше қонақ ұялады, келген соң, үй иесі ұялады» деген
аңғарымды сөз бейтаныс жолаушыға қарата айтылған. Ұлан-
байтақ далада етек-жеңін кең жайған халқымыз қонаққа тар-
шылық жасамаған. Содан да «Өлім болжаусыз, қонақ болжау-
сыз» дегенді үлкендер келін-кепшікке, бәйбішесіне айта түсіп
отырады. Онысы қонаққа деп сақтаған сыбағаңды түгесіп алма
дегені. Аңғарлы бәйбіше, қабақ баққыш жеңге, ізетті келін
қонаққа деп дәмді сыбағаны іркіп ұстаған. Қонақты қондыр-
май жібергендер әшкере болған.
Ертеректе Арғын, оның ішінде Қуандық, одан Алтай, оның
ішінде Нұрбайға жататын Шөмішбай батыр Ақмоладан
ауылына қайтып келе жатып бір қыстауға келіп ошарылса,
есіктерін ашпай қойыпты. Шәмішбай қасындағыларға бұйы-
рып, қораның қақпасын бұздырады да, жемде тұрған сүліктей
қос арғымақты жетекке алып, айсыз қараңғы түнде ілгері оза-
ды. Қалың қыс ортасы болса керек. Содан жүргіншілер суыт
жүріспен Қарағаштағы атақты би тоқа Телғозының Шоңының
ауылына жетіп жығылады. Ертеңінде қуғыншы жетеді.
346
Шөмішбай арғымақтың біреуін бауыздатып тастайды. Ат иесі
биге жүгінеді. Сонда Шоң: «Ойда сен қондырмайсың, қырда
мен қондырмаймын. Сонда бұл Шөмішбай қайда қонады, қай-
да қонады?» - депті пышақпен кескендей етіп. Уәжден
жығылған бай дымы құрып, түк айта алмапты.
Арнайы қонақ - әр қалай. Қыдырмасы да болады. Қыдыр-
ма - ел ақтаған, халық үстінен күнін көретін сыпайы қайыр-
шы. Ондайды «кезбе» деп те атайды. Қазақ халқының етек-
жеңі кең. Тегін қонақасы, тегін түстеніс, тегін коналқа, тегін
қымыз, тегін ас - тек ата-бабаларымызға тән жомарттық. Заң-
дастырылмаған үрдіс. Ұшы-қиырына көз жетпейтін байтақ да-
лада селбесіп жан сақтаудың амалынан туындаған. Қонақ кел-
се, қолыңды қусыр, қойыңды сой. Жолаушыға ілтипат
көрсетіп: «Жоғары шығыңыз!» - деп айтуға тиістісің. Құдайы
жүргінші тамағыңа қарамайды, қабағыңа қарайды. Қошуаға
алмады деп өкпелеп кетеді. Сөзге қалдырады.
Бірде тарақты Тұяқ шешен уез орталығы Ақмолаға сапар-
лап бара жатып, бір үйге түсіп сусыңдамақшы болады. Байдың
өр тоқалы қошуаға ала қоймапты. Келгендерге салқын қабақ та-
нытқан кісәпір әйелдің қырпынан аңғарын байқаған би оның
«отырмадыңыздар ма» деген немкеттілеу сөзіне шыдамай:
«Сөзің бар болсын! Тақыр жерде мен отырмын, тарғақтай бо-
лып сен отырсың!» - деп етегін қағыныпты. Етекті қағыну
ишарасы назаланудың белгісі. Қазақ ғұрпында қонақты дұ-
рыстап қарсы алмау дәстүр-салтымызға кереғар одағайлыққа
жатқызылған.
Достарыңызбен бөлісу: