Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет76/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Tuqyr

Жаратылыс жұмбағы 
Жә, сонымен, сан турасындағы әңгімені шегерейік. Айтып 
тауыса алмаймыз.  Құранда айтылған, заман озған сайын адам-
зат нәсілі ақырзаманға жақындай түседі. Жұмыр жердің жара-
тылғанына төрт миллиард жыл болса, жер бетінде тіршіліктің 
пайда болуы үш жарым миллиард жылға жуықтайды. Кейбір 
ақпарат көздерінде үш миллиард делінеді. Ал адамның пайда 
болуын ғалымдар сан-саққа жүгіртеді. Мектепте оқығанда са-
налы адамдар осыдан  қырық мың жыл бұрын пайда болған де-
ген болжамға сүйендік. Менің  ұғымымда, Алла адамды басы-
391 


нан-ақ саналы етіп жаратқан. Жер бетінде тіршіліктің пайда 
болуы жөніндегі болжамдар әлі тұрақталған жоқ. Адамдар 
маймылдан пайда болған, адамдардың арғы тегі маймылдар деп 
келген дарвиндік ілімге сын көзімен  қарай бастадық. Алғашқы 
адамдар осыдан алты жүз жыл бұрын өмір сүре бастаған деген 
болжам да күмәнді.  Қалай болғанда да жаратылыстың, бүтін 
он сегіз мың ғаламның жаралуы жұмбақ. Еш нәрсе өзінен өзі 
жаратыла салмайды. Онда дүниеде бейберекет ретсіздік пайда 
болар еді. Дүниені реттейтін күшті ғылым анықтаған. Әйтсе де, 
дүниені танып білудің құпиясы әлі де толық ашылған жоқ. Бір 
Аллаға ғана аян.  Қарабайыр тілмен түсіндіргенде дүние өзінен 
өзі жаратыла салмайды. Жаратылыстың иесі болуға тиісті. Өзі 
де солай. Айтпағымыз басқа. Адам — ұлы жаратылыс. Сол ұлы 
пендеңіз  құдай жоқ деп,  құдай өлді деп те өзеурейді. Жаңадай 
«құдай» іздеушілер де шыға бастады. Діндарлар сан алуан 
ағымға иек сүйеп, діннің өзін  қолжаулыққа айналдырып 
жіберуге бар.  Құранда айтылған ғой, адамдар адасуда деп. Бір 
ғана Исламда бірнеше ағым бар. Алланың бірлігін мойында-
май тұрып, әлгілер үстірттікке жол беріп, Исламды саясат 
шоқпарына айналдырып, империя  құруды армандайды. Ағым-
дардың пайда болуы, бүгінгі таңда күш алуы неден? Осының 
ар жағында шет мемлекеттердің зымияндығы жатыр.  Қазақ 
жерінің байлығын иемденіп, үстемелеп табыс табуды, баюды 
көздеген шетелдік алпауыттар діндарларды да ақшаға сатып 
алған. Олардың дені құдайдың құлы емес, ақшаның құлы. 
Табыс табудың, баюдың, дүниеге тойымсыздықтың 
мұншалықты етек алып, шектен шығуы ақшаны  құдіретке ай-
налдырып жіберді. Бәрін ақша билеп-төстейтін заманға кез 
болдық. Алпауыттар дінді де өздеріне бейімдеп,  қолжаулыққа 
айналдырмақшы. 
Адам —  ұлы жаратылыс.. Алла бізге сана берген. Сананы 
қозғалысқа келтіру үшін сезім дарытқан. Жай ғана сезім емес, 
саналы сезім. Одан әмірге деген  құштарлықты басы бүтін 
еншілеп берген. Онымен де  қоймай,  қиялдауды, армандауды 
санасына сіңірген.  Қиялдап-армандаудың нәтижесіңде адамзат 
баласы озғындыққа  қол жеткізді. Бәрінен де бұрын өмірге де-
ген  құштарлықты айтсаңшы. Өлетінімізді біле тұра, жарық 
дүниеге асығамыз. Жақсылықтан үміттіміз. Алғашқы адамдар 
қорғансыз болған. Аңдар мен неше түрлі жәндіктердің жеміне 
айналған. Алғашқы баспанасы үңгір болған ғой. Сонымен 
жандары  қалған. Бас біріктірген. Бірімен-бірі елбесіп-селбесіп 
жан сақтауды тұрмысқа енгізе бастаған. Адамның күні — адам-
мен екенін түйсініп, бірлесе өмір сүруді ілгеріге оздырған. Не-
392 
лер сұмдықты бастарынан өткізсе де, адам пақыр тек алға 
ұмтылған. Соның нәтижесін бүгінгі адамдар көріп отыр. Тас 
дәуірінің ар жағындағы тіршілік амалына ешкім де көз жеткізе 
алмайды. Бір болжамға еріксіз елең етесің. Жер бетінде адам-
зат баласы бастан өткерген дәуірлер /тас дәуірі, қола дәуір, 
бүгінгі озғын өркениет/ талай рет  қайталанған. Осы болжам 
түбінде ақиқатқа айналуы кәдік. 
Біз бұл пайымдауды бүгінгілер білмейді дегендіктен, солар-
ды миландырып тастайық деген білгіштіктен өрбітіп отырған 
жоқпыз. Сөз жоқ, ғылым жетістігі шарықтап, көкке өрлеп ба-
рады. Оған тас атудан аулақпыз. Ғылым - адамдардың қанаты. 
Алайда, сол озғындық /ғылымдағы ғажайып жаңалықтар/ жа-
ратылыс өлшемін, табиғат заңдылығын күштеп өзгертуге және 
де Алланың әміріне  қайшы келіп жатса, дүниенің ақырына, 
ақырзаманға апарып соқтырып жүрмей ме деген  қорқынышқа 
бой алдырасың. Ғылым озғындығы атомды «қолбала» етуді ой-
ластыра бастады. Бұл,  қазақша айтқанда, отпен ойнау. Нано-
технология пайда болмақшы. Нанодәуірге аяқ баспақшымыз. 
Адамдардан да артық ойлайтын нанороботтар шықпақшы. На-
ноның мәнісіне ой жіберсең, денең түршігіп, жүрек шімір-
кенеді. Алла жаратқан адамды ойыншыққа айналдырып, оның 
өмірдегі орнын нанороботтарға атқару — адамды адам ретінде 
танудан  қол үздіріп, жүмырбастыларды дәрменсіз сұлбаға ай-
налдырып жібермей ме? Осының бәрінен де адам ағзасына қол 
сұғып, адам мүшелерін ауыстыру, денені тазартатын 
наномәшинелердің шығуы оң нәтиже береді деп үміттенсең де, 
адамды клоундауға болады дегенге ішің мұздайды. Бұл — жоқ-
тан бар жасалды дегенге саяды. Сонда адам  құдайға айналып 
кеткені ме?.. Мүлде  қисынсыз... Жүзеге асқан күнде, адам 
ұлылығына, адамның Алла бұйыртқан  қасиетіне нұқсан 
келтіретін, нұқсан келтіріп  қана  қоймай, адамзат баласын бей-
шара халге душар ететін сұмдықтың көкесі! Осыдан кейін 
адамдар торығушылыққа  ұшырап, өзінің түк еместігін мойын-
дап, үмітсіздік дертіне шалдығып, азып-тозып, «ақылды 
темірдің»  құлына айналып кетпей ме?! 
Адам — бірегей құбылыс. Жаңағыдай ғажайып жаңалықты 
адамдар ойлап тауып, өмірге енгізіп жатқан жоқ па. Атом — 
ешуақытта жуасымайды. Оның кереметі сол, атомның ыдырау-
ынан ғаламдағы жанды-жансыз бір сәтте жоқ болып кетуі 
кәдік. 
Ғалам — кемелінде. Күн шуағымен жылытады жанды-жан-
сызды. Жер мекеніміз зымыраған көз ілеспес жылдамдықпен 
бүкіл әлемдік тартылыс әуенімен күнді айналады. Ай нұрын 
393 


себеді. Жымыңдаған сансыз жұлдыз да тіршілік иелерін -
адамдарды  қиялдауға, армандауға үндейді. Содан да халықта 
«жұлдызың жоғары болсын» деген жақсы сөз бар. Алла бұй-
ыртқан сансыз табиғат байлығы: жер бетіндегі мыңдаған 
өсімдік пен аң-құстар, судағы балық, саф ауа, майда лекіткен 
самал, табиғат көркемдігі - бәрі-бәрі жер бетінің  қожасына 
айналған адамдарға тиесілі. Біздің, яғни жұмыр жердің тұрғын-
дары жүздеген  ұлт пен халықтың ортақ меншігі. Табиғат бай-
лығын бөлісуге келгенде адамдар әлімсақтан бір-біріне көз 
алартып, жаға жыртысудан, атысып-шабысудан көз ашпай 
келеді. Неге? Ата-бабаларымыз бұл сұраққа «Өле жегенше, 
бөле же» деп жауап береді. Осы жазбамызда біраз айтылды. 
Құран сөзі — Алланың ақиқаты. Алла тарапынан жеткен сөз. 
Құранда айтылған: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір 
әйелден /Адам Ата, Хауа Ана/ жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді 
тануларың үшін сендерді  ұлттар, рулар  қылдық...» /Хұжырат 
сүресі, 13-аят/. 
Ру-ұлыс болып өмір сүру, одан халық дәрежесіне жетіп, 
ірге теуіп нығайып, мемлекет болып  қалыптасу - тіршілік заң-
дылығы. Алланың әміріне  қайшы келмейтін елдік  қасиет. 
Елдігімізді нығайтып, сол жолда  қасықтай  қанын, шыбындай 
жанын пида еткен ата-бабаларымыздың мұрагері сіздер мен 
біздер. Тіліміз бен ділімізді, дәстүр-салтымызды, әдебиет пен 
өнерімізді, атамекенімізді, оның аңы мен құсын, айдын шалқар 
көлін,  құз-қиялы тауларын, сағымданған даласын  қорғаштап, 
ұлттық намысымызды оятып,  қайтсек адам болып,  қайтсек 
қ аза қ болып,  қайтсек мұсылман болып өмір сүрсек деп 
жүрегімізді бір Аллаға түзулеп, ел мен жердің,  Қазақстанның 
мәртебесі жоғарылай беруіне  қызмет етсек  қана -Алаш жұрты-
ның тұғыры биік болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет