Кәсіби білім беру михеева е. В


  тапсырма. «Борей» оқу базасымен танысу



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
22.3 
тапсырма. «Борей» оқу базасымен танысу.  
Жұмыс тәртібі 
1. 
ДББЖ  Microsoft  Access  бағдарламасын  іске  қосыңыз.Ол  үшін  MS 
Office  стандартты  орнату  кезінде  Қосу/Бағдарламалар/  Microsoft  Access 
орындаңыз.  Microsoft Access  ашылған  терезесінде  (22.8  сурет)  «Деректер 
базасын  ашу»  позициясын  таңдаңыз,ал  терезенің  астыңғы  жағынан  «Борей 
деректер базасы» терезесін таңдаңыз.  
Ескерту.   MS Office-97  алдыңғы  нұсқаларынан  (Қосу/Іздеу)  «Борей» 
база-сына сәйкес келетін Nwind.mdb файлды іздеңіз.  
2. 
«Борей»  деректер  базасын  ашқаннан кейін экранда базаның  қысқаша 
сипаттамасы бар терезе ашылады (22.9 сурет). ОК батырмасын басыңыз. 


131
 
 
 
22.8
.сур. «Борей»деректер базасын ашу 
 
3. 
База объектілерінің қысқаша сипатын шығару үшін экранның кестелік 
түрін  орнатыңыз  (Түр/Кесте)  (22.10  сурет).  «Борей»деректер  базасының 
құрылымын оқыңыз — Кесте, Сұранымдар, Формалар, Есептер база объек-
тілерінің қосымша парақтарын қосыңыз.  
Кесте қосымша парағынан «Борей»деректер базасындағы кестелер санын 
есептеңіз. 
4. 
Кестелер  арасындағы  байланыстарды  игеріңіз.  Ол  үшін  Қызмет  көр-
сету/Деректер  сызбасы  пәрменін  шақырыңыз  немесе  Деректер  сызбасы 
батырмасын басыңыз (22.10 сурет).  
 
 
 
22.9
.сур. Деректер базасы сипаттамасының терезесі 


132
 
 
 
22.10
.сур. «Борей» базасының сипаттамасы бар кестелері 
 
«Тауарлар» кестесі қандай кестелермен байланысқанын анықтаңыз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Кесте  —  жазбалар  (жолдар)  немесе  жиектер 
(бағаналар)  түрінде  деректерді  сақтауға  арналған  деректер  базасының 
объектісі.  Әдетте  әрбір  кесте  нақты  сұрақ  бойынша  біртипті  деректерді 
сақтау үшін пайдаланылады. 
5. 
Объект  базасын  таңдаңыз  —  Кестелер.  «Тапсырыстар»  кестесін 
тінтуірді  екі  рет  басу  арқылы  немесе  Ашу  батырмасымен  ашыңыз.  Ондағы 
жазбалар  мен  жиектер  санын  анықтаңыз.  Жазбалар  саны  терезенің  төменгі 
бөлігінде жазбаларды басқару батырмаларының оң жағында көрінеді. 
6. 
«Тапсырыстар»  кестесінде  тұтынушылар  бойынша  сұрыптау  жүргі-
зіңіз.  Сұрыптау  үшін  меңзерді  Клиент  өрісіне  апарыңыз  және  Жазбалар 
/Сұрыптау/Өсу  реті  бойынша  сұрыптау  пәрменін  орындаңыз.  Тізімдегі 
бірінші клиенттің тапсырыстар санын есептеңіз. 
7. 
«Тапсырыстар»  кестесінің  деректеріне  тапсырысты  шығару  күні 
бойынша сүзгілеу жүргізіңіз, ол жоғарғы жазбада (жол) орналасқан. Сүзгілеу 
үшін  кестенің  жоғарғы  жолағында  орналасқан  мерзімді  белгілеңіз  және 
Жазбалар/Сүзгі/Белгіленген  объект  бойынша  сүзгі  пәрменін  орындаңыз. 
Кесте  түрінің  қалай  өзгергеніне  көңіл  бөліңіз  —  тек  бір  күнге  жататын 
деректер  көрінеді.  Жазбалар/Сүзгіні  жою  пәрмені  арқылы  сүзгіні  алып 
тастаңыз. «Тапсырыстар» кестесін жабыңыз. 
 


133
 
 
 
22.11
.сур. «Борей» деректер базасының сызбасы 
 
8. 
«Клиенттер» кестесін ашыңыз. Клиенттердің жалпы санын анықтаңыз 
(«Клиенттер» терезесінің төменгі жағында, жазбаларды басқару батырмасы-
ның оң жағында орналасқан (22.12 сурет). Суреттен клиенттердің 91 екендігі 
көрінеді.  
9. 
Қала  жолынан  Лондонды  табыңыз.  Ол  үшін  меңзерді  Қала  жолына 
апарыңыз және Түзету/Іздеу пәрменін орындаңыз. Ашылған 
 
 
 
22.12
.сур. «Борей» базасындағы «Клиенттер» кестесі 


134
 
 
 
22.13
.сур. Үлгі бойынша кесте жолынан іздеу 
 
Іздеу және ауыстыру терезесінің Іздеу қосымша парағында (22.13 сурет) 
үлгі  ретінде  «Лондон»  сөзін  енгізіңіз  және  Ары  қарай  іздеу  батырмасын 
басыңыз. Іздеу  жүргізіледі  және  меңзер  Лондон  қаласының  атауына  апары-
лады. Іздеу және ауыстыру терезесін жабыңыз.  
10. 
Сүзгі арқылы Лондон клиенттерін таңдаңыз (Қала жолынан «Лондон» 
сөзін  белгілеңіз  және  Жазбалар/Сүзгі/Белгіленген  объект  бойынша  сүзгі 
пәрменін орындаңыз). Лондон қаласы клиенттерінің санын есептеңіз. 
 
 
 
22.14.сур. «Тауарлар» кестесінің Құрылымдаушы терезесі 
 
 


135
 
Жазбалар/Сүзгіні  жою  пәрмені  арқылы  сүзгіні  алып  тастаңыз. 
Клиенттердің аттары бойынша сұрыптау жүргізіңіз (кему реті бойынша). 
11. 
«Тауарлар»  кестесін  Құрылымдаушыда  ашыңыз,  ол  үшін  меңзерді 
«Тауарлар»  кестесіне  апарыңыз  және Құрылымдаушы  батырмасын  басыңыз 
(22.14  сурет).  Кестені  құрылымдаушының  сыртқы  түрін  мұқият  қарап 
шығыңыз.  Кестенің  жоғарғы бөлігінде  деректер  түрі, сипаты,  жолдар атауы 
бар  кесте  болады.  Қай  жолдың  негізгі  екенін  анықтаңыз.  Кестенің  төменгі 
бөлігінде жол сипаттары көрінеді.  
12.  
«Борей» және ДББЖ MS Access деректер базасын жабыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет