25.5 тапсырма. «Студенттер мен тапсырмалар» кестесі бойынша есеп құру шеберінің көмегімен есеп құру. Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Шебер жазба көздері, жолдар, макеттер, талап
етілетін пішімдер туралы егжей-тегжейлі сұрақтар қояды және алынған
жауаптар негізінде есеп құрады.
База объектісін таңдаңыз – Есептер. Құру батырмасын басыңыз, Жаңа есеп ашылған терезесінен «Есептер шебері» есеп түрін таңдаңыз. Деректер
көзі ретінде «Студенттер мен тапсырмалар» кестесін таңдаңыз, барлық
жолдарды белгілеп, Тапсырманы сипаттау жолы бойынша сұрыптама
жүргізіңіз, макет түрі – бағанаға.
Есептің болжамды түрі 25.5 суретте көрсетілген. Есепті «Студенттер мен
тапсырмалар» атауымен сақтаңыз.