38
5-сурет. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
ауа танау арқылы, сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке
бөлінетін мұрын қуысына түседі. әрбір бөлікте-қалқада мұрын
қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол
тербелмелі эпителийлі шырышты қабықпен жабылған және көп қан
тамырлары бар. тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене темпе-
ратурасына дейін жылытады. Шырышты қабық бөлетін сілемей ауаны
ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.
сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоз-
дайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге
сыртқа шығарылады. мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті
қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. мұрын қуысынан
жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ
арқылы көмейге түседі. жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін
көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады.
көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. ауыз қуысындағы
мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де
атқарады.
көмей – іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI
мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. көмей қабырғасы
сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен
тұрады. тағамды жұтқанда, көмекейге кіреберіс шеміршекті көмей
қақпашығымен жабылады. ең ірі шеміршек – мойынның алдыңғы
бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі.
39
көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашағынан басқа ішкі
беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған. көмей
шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірін түзетін сілемейлі қабаттар
болады. Олардың арасындағы кеңістік «дыбыс саңылауы» деп аталады.
тыныс шығарған кезде, дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде
дауыс дыбысы пайда болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс
сіңірлерінің ұзындығына байланысты.
көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ
қабыну үдерістерінде адам жөтеледі де, күшті дем шығады. бұл
көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне
зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. көмейдің төменгі бөлімі
VI-VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді.
кеңірдек – ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында
орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының
қабысып қалуына кедергі
келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. кеңірдектің
артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен
еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы деңгейінде
кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді. бронхылар оң және сол жақ
өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын
түзеді. ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады
да, альвеолармен аяқталады. кеңірдек пен бронхиола да сілемей
бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. кірпікшелер сілемей мен
микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.
Достарыңызбен бөлісу: